11.04.2018, 08:05 45
Барлық балаға тең мүмкіндік. Өскеменде осындай ұранмен «Білімге бастар жол» атты республикалық зияткерлік марафон өтті. Дәстүрлі шараға өңірдің әр түкпірінен 180 өрен қатысты. Білім министрлігі мен «Дарын» ғылыми-республикалық орталығы бірігіп ұйымдастырған танымдық бәйге «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауға арналды. Онда балалар ағылшын, математика пәндері бойынша сынақ тапсырды. Одан бөлек спорттық кедергілерден теңдей өтіп, қарым-қабілеттерін көрсетті. Өскеменнен бастау алған марафон эстафетасы Павлодарға жолданды.
Балғын Бақытбекқызы, марафон ұйымдастырушысы:
-Ұйымдастырушылардың көздегені – бүлдіршіндердің шығармашылық, ізденімпаздық қабілетін дамыту, жеңіліс пен жеңіс себебін анықтау. Бұл марафонда жеңілген қатысушы жоқ. Бәрі жеңімпаз. Марафон «Рухани жаңғырудың» бір бағыты деп атауға болады.