+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Патриоттық тәрбие
18 Мамыр, 16:31

11:44, 2 сәуір 2018

Ел болашағы - жастарды патриоттыққа баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу отбасынан басталады. Өскеменде мектеп оқушыларының «Сардар» облыстық олимпиадасы өтті. Оған 150-ден аса дарынды оқушы қатысты.

«Сардар» кешенді облыстық олимпиадасына 5-6 сынып оқушыларынан жасақталған «Шығыс ұландары» және «Жас ұлан» мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілері қатысып, бақ сынады. Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар бірінші күні мектеп бағдарламасына енгізілген пәндер бойынша тест тапсырды. Ал екінші күні дене шынықтыру нормативтерін тапсырып, алғашқы әскери дайындықтарын көрсетті.

Дидар Айбеков, қатысушы. Аягөз:

Бұл жарыс өте жақсы өтті. Ольга Рыпакованың орталығына барып, кростан, бегтан, турниктен жарыс болды. Және строевой автомат «АК-74» шашып, жинаудан болды. Келесі жылы тура осындай жарыстар болады деп ойлаймын.

Болашақ әскери қызметкерлердің дайындығын осы салада еңбек етіп жүрген мамандар бағалады.

Алмас Чункунов, ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерден тыс дайындық бөлімінің басшысы:

Ең бастысы, маған ұнағаны осы балалардың көздері жанып, патриоттық сезімдері өте жоғары деңгейде. Олардың әр жасаған істері керемет. Отансүйгіштігі жоғары. Қандай болашағы екенін өздері біледі. Болашақ қорғаушы боламын. Әскери оқуға түсемін деген ойлары жақсы.

Кадет сыныптары мектептің кешенді бағдарламасы негізінде 2016 жылы ашылды. Облыстың барлық аудандарында осы бағдарлама негізінде құрылған сыныптарды қажетті материалдық базамен қамту үшін жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған.

Сайрангүл Жұмәділова, ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

Ең бірінші ашылды 25 сынып, қазіргі уақытта, 2018 жылы 1-ші қаңтарда аудандарда 35 сынып. Онда 900 бала қамтылған 5-6 сынып балалары. Бұл сыныпқа арнайы балалар тексеруден өтіп барып қабылданады. 1 сыныпта 25 баладан. Осы балалардың білімі есепке алынады.

Ұйымдастырушылар орта білім беретін мектептердегі «Шығыс ұландары» кадет сыныптарында білім алатын жастардың дайындығына жоғары бағаларын берді. Қорытынды есеп бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. 

Салтанат Кеңесбекқызы

http://oskementv.kz/kz/news/society/patriottyk-terbie-1