+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
"Дидар", №134 2012 жылғы 17 қараша, "Арайлым жүлдемен оралды"
19 Ноя, 10:31

Жақында республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында халықаралық гроссмейстер Д. Сәдуәқасовтың кубогы үшін республикалық шахмат турнирі өткен-ді.

Турнирге еліміздің барлық облыстарынан 113 үміткер қатысты. Өскемендегі өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының жетекшілігімен біздің облыстан қатысқан оқушылардың ішінен Аягөз ауданының 10 сынып оқушысы Арайлым Қалиасқарова 2-орынды иеленсе, №3 орта мектептің 6-сынып оқушысы Аружан Сексенбаева мен №5 орта мектептің 6-сынып оқушысы Мағжан Маратұлына және Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы Әли Ахметбекке арнай грамоталар табыс етілді.