+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
Облыстық «Дидар» газеті 2017 жылғы 28 наурыздағы 34 (17429) нөмірі «Алтынды да, күмісті де алды»
31 Mar, 04:33
Әлемнің 15 мемлекетінен келген 400-ден астам мектеп оқушылары бақ сынаған сайыста білімі мен білігін танытқан 11-сынып оқушылары Шынғыс Айтқазынов физика пәнінен I дәрежелі диплом және алтын медаль, ал Әділет Уәлиев II дәрежелі диплом және күміс медаль иеленді. 
Қазылар алқасының төрағасы Асқар Жұмаділдаев сайыс қорытындысында сөйлеген сөзінде "Қарпа отырсаң, қазір қазақ балалары екі нәрседен ұтып жүр. Біреуі - бокстан, екіншісі - математика. Өрендеріміздің осы жолғы әзірлігі де өте қуантты", - деп атап өтті.
Биылғы білім сайысына әр облыстан құрама командалар да, жеке үміткерле де қатысты. Жәутіков олимпиадасында  жүлдегер атанғандар жоғары оқу орнына түсер кезде жеңілдікке ие болады. Ал ғылымның атасы саналатын математиканы еркін меңгерген бұл жас ұрпақ мемлекет дамуына елеулі үлес қосары сөзсіз. 
Айта кету керек, олимпиадаға Ресей, Грузия, Белоруссия, Болгария, Сербия, Чехия, Румыния, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан секілді 15 мемлекеттен жиыны 400-ден аса оқушы білімдерін сарапқа салды. 
Бүкіл әлемді қамтыған олимпиада жыл сайын оқушылар арсында физика-математика ғылымдарына қызығушылықты насихаттайды, халықаралық ынтымақтастықты дамытады және әр елдердегі мамандандырылған мектептер арасында өзара достық қарым-қатынас орнатады. 
Олимпиадаға қатысушылар үшін мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Олар Ә. Қастеев атындағы мұражайға, Медеу мұз айдынына саяхат жасап, әртүрлі спорттық ойындарға қатысты. 
 
Раушан Нұғманбековна