Өскеменде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел - болашаққа уұмтылган ел» атты облыстық балалар байқауы өтті.
Байқауда облысымыздың әр ауданынан 21 команда бақ сынады. Осынау байқауға дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының «Алаш» командасы да қатысты.
Команда құрамына мектебіміздің намысын қорғайтын, түрлі сайыстардың жүлдегерлері атанған дарынды, талантты оқушылар енді. Байқаудың алғашкы кезеңі «Менің Отаным - Қазақстан» викториналық сұрақтардан тұрды. «Алаш» командасы бұл кезеңнен сүрінбей өтіп, алға суырылып шықты. Ал «Ұлт жоспарындағы 100 нақты қадамның орындалуының тиімді жолдары» тақырыбында диспут түрінде өткенкeлeciкезеңде «Алаш» командасы ең жоғары ұпай жинады. IV кезенде байқауға қатысушылар «Ата-баба тарихы» тақырыбында тарихи қойылым қоюдан сынға түсті. Бұл кезеңде «Алаш» командасы Әбілқайыр ханның Ресейге қосылу жылдарындағы тарихи оқиғасын және Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістісахна тілімен бейнеледі. Қойылым барысында жас актерлер берілген тақырыпты аша отырып, мәнерлі де мәндіойнап, сахналық шеберліктерін танытты.
Қаламыздағы Металлургтер сарайында өткен байқауға келген көрермендер өте көп болды. Дүбірлі доданың шешуші кезеңіне командалар өте тиянақты дайындалған. Әр көрініскесай сахналық киімдер мен декорациялар сахнаға ерекше сән бepiп, жандандырып жіберді. Байқау барысында берілген тақырыптарға сай қойылған қойылымдар әсерлі болып, кез келген көрермен еліміздің өткен тарихы туралы үлкен мағлұмат алды. Қатысушылар сонау Керей ханнан басталған Тәуелсіздіктің сан белестерін тарихи кезеңдер бойынша қоя отырып, бүгінгі азаттықтың таңымен ұштастырды.
Осынау байқауда дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектептің «Алаш» командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, байқау барысында ерекше қабілетімен көзге түскен оқушылар мен ерекше белсенді командалар номинациялар бойынша марапатқа ие болды. Осы команданың белсенді мүшесі Ертай Біләлов «Үздік ән орындаушы» номинациясын қанжығасына байлады.
Еркежан Серікжанова, дарынды балаларға арналгған облыстық Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп- гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы