+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek

Дарынды балалар олимпиадасы ALTAI TV

Өскеменде дарынды оқушылар арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтіп жатыр. Байқауға қалалық, аудандық кезеңдердің жеңімпаздары қатысуда. Білім сайысының мақсаты – шын білгірлерді анықтау.
    
 «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып іріктелген жарысқа 9-11 сынып оқушылары қатысып жатыр. 400-ден астам бала бағы мен бабын сынап, 14 пәннен өзара кім мықтыны анықтамақ. Өзгелерден дара шауып, жеңімпаз атанғандар сәуір айында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алып, Шымкент қаласына барады.  

Темірлан Қанатбеков Зайсан ауданынан келген. Болашақта физика пәнінің мұғалім болғысы келеді.Жарыстың өте тартысты өтіп жатқанын, өзге оқушылардың аса дайындықпен келгенін айтады.

Тарбағатай ауданынан келген Ноян Хамзинде  осы сынды олимпиадалардың көбірек өткізілуін қалайды. «Бұл оқушылар арасында білім бәсекесін туғызады» дейді.

Олимпиада өтетін орындарда тәуелсіз бақылаушылар ретінде ата-аналар қауымдастығы мен қазылар алқасының құрамына аймақтың үздік ғалымдары енді.

Олимпиаданың мақсаты - білімге деген жастардың құштарлығын арттыру. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған бастама елдегі ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларды қолдау мен дамытуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба.