+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12

ШҚО-ның дарынды оқушылары аймақ басшысымен кездесті

Шығысқазақстандық оқушылар соңғы 1 жылда халықаралық және республикалық білім сайыстарында 157 медаль ұтып алды. Олардың 35-і алтын, 55-і күміс. Өңірдегі дарынды балалар 7 рет өзге мемлекеттерде өткен олимпиадаларға қатысып, ел қоржынына 40-қа жуық медаль салыпты. Жастардың осы жетістіктері аймақ басшысымен кездесуде қорытындыланды. Жиында түрлі зияткерлік сайыстар мен білім додалары, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулар жеңімпаздары бас қосты. Шығыс Қазақстанның оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында да топ жарды. Сондай-ақ, биылғы жылдың «ең үздік команда» атағын жеңіп алды. Жас өнерпаздар да намысты қолдан бермей келеді. Кездесу еркін пікір алмасу түрінде өтті. Бұл күні тек балаларға емес, олардың ұстаздарына да сый-құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, барлық оқушыларға жазғы лагерьде демалуға тегін жолдама табысталды.