+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет

ДАМЕТКЕН МҰСАХАНҚЫЗЫ СЫЗДЫҚБАЕВА, Ш.Уәлиханов атындағы дарынды жасөспірімдерге арналған  облыстық мамандандырылған «Жас Ұлан»  ерлер мектеп-лицей-интернатының  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Семей қаласы
ДАМЕТКЕН МҰСАХАНҚЫЗЫ СЫЗДЫҚБАЕВА, Ш.Уәлиханов атындағы дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мамандандырылған «Жас Ұлан» ерлер мектеп-лицей-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Семей қаласы

Дәметкен Мұсаханқызының өмірлік және кәсіби ұстанымы - «Оқи жүріп, оқыту». Ол оқушымен қарым-қатынас жасауда мұғалім тұлғасы маңызды  рөл атқарады деп санайды, сондықтан  олардың әрқайсысының тұлғасына құрметпен қарап, өз сабақтарында жағымды жағдай, ынтымақтастық туғызып, балалардың өзін-өзі оңтайлы бағалауын қалыптастыруға ықпал етіп, олардың шығармашылық жұмыстарын марапаттап, ойлау үрдістерінің дамуын ынталандыруға тырысады. «Менің әр оқушым - өз көзқарасы, көңіл-күйі, талғамы бар Адам. Мен оларды үйрету үшін емес, олар маған үйрену үшін келгенін есте ұстаймын». Даметкен Мұсаханқызы – дарынды балалармен жұмыстағы инновациялық-педагогикалық идеялардың республикалық фестивалінің жүлдегері, дарынды оқушысы Такиев Исамен бірге А.К. Дюсупова атындағы облыстық «Дарынды мұғалім - дарынды оқушы» конкурсында «Шеберлігі мен бірегейлігі үшін» номинациясында грамота иегері. Даметкен Мұсаханқызы бос уақытында тарихи романдарды оқуды,  гүл өсіруді ұнатады. 

ЕСЕНБАЕВА ЖАНАР БАЙҰЗАҚОВНА, Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын облыстық  мамандандырылған мектептің орыс тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі, Семей қ.
ЕСЕНБАЕВА ЖАНАР БАЙҰЗАҚОВНА, Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын облыстық мамандандырылған мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Семей қ.

Жанар Байұзақовна «Мен мұғалім мамандығын неге таңдадым?» деген сұраққа былай жауап айтады: «Мұғалім – бұл бар алған білімін, дағдысын, іскерлігін болашақ  жеткіншектерге жеткізетін, беретін адам. Мен өмірде балаларға білім беретін дұрыс жол таңдадым деп ойлаймын. мен осы мамандықты дұрыс таңдадым ба, әлде, жоқ па деген?,- сұрақ туындағанда өзімнің жауапкершілігімді терең түсіне отырып «Иә» деп айта аламын. Жанар Байұзақовна дарынды оқушыларды айқындап және дамыту үшін жағдай жасауға көп көңіл бөледі. Сондықтан да ол «Біреуді үйрете отырып, өзің үйрен»,- дейді. Ол сабақтарға әртүрлі, соның ішінде инновациялық технологияларды қолданады. Орыс тілі пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларына тестік материалдар дайындайды. Өзінің шығармашылық идеясын республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсында қорғап, 3 орынды иеленді.

Вельмер Елена Карловна,  №6 гимназияның физика пәнінің мұғалімі, Семей қ.
Вельмер Елена Карловна, №6 гимназияның физика пәнінің мұғалімі, Семей қ.

Елена Карловна өзінің жаңашыл педагогикалық жұмысының арқасында пән бойынша жоғары білім сапасына меңгеруде. Өзінің сабағына сәйкес білім берудің біліктілікті тәсілдерін қолдана отырып, сабақтың мақсатына жету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нәтижелі қолдана біледі. Ұстаз өз іс-тәжірибесін Томск қаласындағы Ұлттық Томск Зерттеу ТПУ-де аймақтар арасындағы өткен «Оқушылар мен жастардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру» және «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, зияткерлік ұлтты қалыптастырудағы оның ролі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияларына ұсынып, таратты. Физика мұғалімдері арасындағы республикалық олимпиаданың 2 дәрежелі дипломының иегері. Білім сапасының мониторингін жүзеге асыру үшін критериалдық бағалау өлшемдерін қолданады, физиканы оқыту бойынша дарынды балалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөледі. Әртүрлі деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпаздары осы біріктірілген шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылады.

ВАСИЛЬЕВА ГАЛИНА ДМИТРИЕВНА, №34 мектеп-лицейінің педагог – психологы,  Өскемен қ.
ВАСИЛЬЕВА ГАЛИНА ДМИТРИЕВНА, №34 мектеп-лицейінің педагог – психологы, Өскемен қ.

Галина Дмитриевна көп жылғы еңбек өтілі бар шығармашылықпен айналысатын педагог-психолог. Ол білім беру процесінің әртүрлі субъектілерінің, соның ішінде, мұғалімдермен жұмысқа көп көңіл бөледі. Галина Дмитриевна «Шеберлікті жетілдіру үшін шек болмайды»,- деп санайды. Ол «Жаңашыл-педагог» (2010 ж.) грамотасымен марапатталды. Үнемі өзінің біліктілігін жетілдіріп отырады. Семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялардың, конкурстардың белсенді қатысушысы: «Дарынды балаларды оқытудағы интеллектуальдық интерактивтік жүйе» (2010 ж.); VII-республикалық «Үздік авторлық бағдарлама»  конкурсы (2010 ж.); «Жаңа білім сапасын қамту жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік өсуі» (2013 ж.) білім қызметкерлерінің бірінші республикалық педагогикалық оқуы. II- республикалық «Үздік жыл психологы» конкурсы (2013 ж.) Автор методических пособий «Мектептегі мұғалімнің жеке тұлғасын дамытуда психологиялық қамтамасыз ету» (2013 ж.), «Мектептегі мұғалімнің жеке тұлғасын дамытуда психологиялық қамтамасыз етудегі жүйені құру» (2014 ж.). Галина Дмитриевна үй бөлмелерінде гүл егумен, тоқыма тоқумен айналысады. Болашақтағы жоспары: мұғалімдер мен оқушылардың белсенді жұмыс түрлерін жетілдіру және іздеу.

ДРОЗДОВ КОНСТАНТИН ОЛЕГОВИЧ, №34 мектеп-лицейінің  физика пәнінің мұғалімі, Өскемен қ.
ДРОЗДОВ КОНСТАНТИН ОЛЕГОВИЧ, №34 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі, Өскемен қ.

Константин Олегович үнемі өзінің кәсіптік деңгейін көтеру үшін ізденісте. Осы ізденісі әртүрлі деңгейдегі педагогикалық конкурстарға белсенді қатысуға оны итермелейді. Константин Олегович физика мұғалімдері арасындағы қашықтықтан өткізілетін республикалық олимпиаданың III дәрежелі дипломының иегері, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының II дәрежелі дипломының иегері болды. К.О. Дроздовтың оұушылары қалалық, облыстық және республикалық пән олимпиадаларының жүлдегерлері. Константин Олегович оқушылардың дарындылығын айқындау және дамытудағы біліктілігі және шығармашылық тәсілі, сонымен қатар оларды БҰТ-ге дайындағаны үшін Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректорының Алғыс хатымен марапатталды.

ЕСЖАНОВА БАХТЫГУЛЬ ТОКТАРОВНА, Ш. Уәлиханов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған  «Жас Ұлан» ерлер- мектеп  лицейінің мұғалімі,  Семей қ.
ЕСЖАНОВА БАХТЫГУЛЬ ТОКТАРОВНА, Ш. Уәлиханов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Жас Ұлан» ерлер- мектеп лицейінің мұғалімі, Семей қ.

Бахтыгуль Токтаровнаның өмірлік ұстанымы: «Жеткен жетістікке тоқтап қалмай, оптимист бол, өзіңнің оптимистігіңді оқушыңа беру керек». Осының дәлелі мұғалімнің жетістігі болып табылады. Ол республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының, дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша инновациялық-педагогикалық идеялар фестивальініңбірнеше дүркін жеңімпазы. Облыстық «Үздік вариативтік оқу бағдарламасы» конкурсының жеңімпазы. 2013-2014 оқу жылындағы «Кадет корпустарында және мамандандырылған мектептерде патриоттық тәрбиені жетілдіру әдістері мен тәсілдері» Халықаралық семинар аясында өткен «Физиканы оқытуда жаңа тәсілдерді қолдану» шеберлік-сыныбында модератор болды. Физика пәні бойынша аймақтық олимпиадада алған орындары және оқушыны сапалы дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

КАБДОЛЛИНА ШҰҒЫЛА ӨМІРҒАЗЫҚЫЗЫ, дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің  бастауыш сынып мұғалімі, Семей қ.
КАБДОЛЛИНА ШҰҒЫЛА ӨМІРҒАЗЫҚЫЗЫ, дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Семей қ.

Шұғыла Өмірғазықызы өз өмірінде  ұлы Абайдың сөздерін қағида тұтады: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің екі жақтап. Ол кең пейілді, балаларды өте жақсы көретін адам. Олар үшін бәрін жасағысы келеді, болашақта олардың жауапты, адал,  зияткерлі  адам болып өскенін қалайды. Балаларды байыпты болуға, кез келген мақсатты шығармашылықпен шешуге үйретеді. «Логикалар әлемі» атты авторлық бағдарламаны әзірледі және оны республикалық конкурста ұсынды. 3 дәреженің диплом иегері болды. Облыстық инновациялық-педагогикалық идеялардың, республикалық педагогтардың Слетінің қатысушысы. Өзінің білімдік және кәсіби деңгейін жоғарылату үшін, үнемі түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. Білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды. Шұғыла Өмірғазықызының оқушылары үнемі әртүрлі деңгейдегі конкурстар мен олимпиадалардың және жарыстардың жүлдегерлері болады.

НУРАХМЕТОВА ЖАНАР БӘРӘМҚЫЗЫ, Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Семей қ.
НУРАХМЕТОВА ЖАНАР БӘРӘМҚЫЗЫ, Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Семей қ.

Жанар Бәрәмқызы – жауапкершілігі мол, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім. Ол оқушылардың жеңісі – ұстаз еңбегінің бағаланғаны деп түсінеді. Дарынды оқушылармен жұмыс істеуге көп көңіл бөледі. Оқушылардың қызығушылығын арттырып, қабілеттерін дамыту үшін сабақтарында жаңа интерактивті, инновациялы әдіс-тәсілдерді қолданады. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жеңімпазы (3 дәрежелі диплом). Республикалық ұстаздар Слетының қатысушысы. Жанар Бәрәмқызының оқушылары – әр түрлі дәрежедегі олимпиадалар мен сайыстардың жеңімпаздары. Ол – оқушылар үшін нағыз тәлімгер. Оның біліктілігі, интелегенттілігі, шыншылдығы – көпшілік үшін үлгі тұтарлық іс.

ӨТЕУЛИНОВА ФАРИДА ЗАКАРИЯҚЫЗЫ, Шәкәрім атындағы облыстық  үш тілде оқытатын мамандандырылған  дарынды балаларға арналған мектептің физика пәні мұғалімі,  Семей қ.
ӨТЕУЛИНОВА ФАРИДА ЗАКАРИЯҚЫЗЫ, Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің физика пәні мұғалімі, Семей қ.

Фарида Закарияқызы – жоғары санатты физика мұғалімі. Оның  мақсаты – заманауи білімі бар, жан-жақты дамыған, мәдениетті, бәсекеге қабілетті 21 ғасыр оқушыларын тәрбиелеу. Сондықтан, ол мақсатты түрде оқушыларын түрлі деңгейлердегі олимпиадалар мен жарыстарға дайындаумен шұғылданады. Әдістемелік мақалалар қатарын, «Физикадан олимпиадалық есептер шығару жолдары (8-9 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік құрал); «Физика-10-11 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік құрал»; «Физика - 8 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік құрал» оқу-әдістемелік құралдарын жасады. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлдегері (3 орын). Облыстық педагогикалық континиумсертификатының иегері. Фариды Закарияқызының оқушылары – физикадан республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері. 

ПОТАПОВА НАТАЛЬЯ АНАТОЛЬЕВНА, №2 Жаңа-Бұқтырма орта мектебі, «Сказка» бала бақшасының педагог-психологы, Зырян ауданы
ПОТАПОВА НАТАЛЬЯ АНАТОЛЬЕВНА, №2 Жаңа-Бұқтырма орта мектебі, «Сказка» бала бақшасының педагог-психологы, Зырян ауданы

Наталья Анатольевна – шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім. 17 жыл қатарынан «Гармония» өнертапқыш өнер студиясының жетекшісі болып табылады. Оның оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. 6 жылдан астам уақыт бастауыш сынып пен бала бақшаның психологы болып қызмет етті. Баланың ашылмаған ресурстарын, эмоциясын, сезімін ашу үшін өзінің арт-терапея тәжірибесін қолданады. Наталья Анатольевнаүнемі жаңа нәтижеге жетуге ұмтылады. Оның ұраны: «Өз-өзіңді жетілдір». Ол 2013 жылы аудандық, облыстық «Үздік жыл психологы» конкурсынан 1 орын, конкурстың республикалық кезеңінен 2 орын алды.

ТҰРЫМБЕКОВА ШҰҒЫЛА ӘБІЛОВНА, №41орта мектептің  педагог-психологы, Семей қ.
ТҰРЫМБЕКОВА ШҰҒЫЛА ӘБІЛОВНА, №41орта мектептің педагог-психологы, Семей қ.

Шұғыла Әбіловна өзінің білім беру деңгейін жетілдіру үшін үнемі ізденісте болатын адам. Оның өмірлік ұстанымы: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға». Мектепте жұмыс істей отыра, ол дарынды балалармен психологиялық жұмыс жүргізуге аса көңіл бөледі. Бірнеше ғылыми құсқаулықтар жазды. Ғылыми-практикалық конференциялардың белсенді қатысушысы. Облыстық «Үздік жыл психологы» конкурсында 1 дәрежелі, ал республикада 3 дәрежелі дипломды иеленді. «Жыл мұғалімі» конкурсында жақсы нәтиже көрсетіп, «Шығармашыл мұғалім» номинациясын жеңіп алды. Білім саласына қосқан үлесі үшін білім беру бөлімінің грамотасымен, СМПИ және т.б марапатталды.

БУКЕНЕВА ЖАНАР МИЗАМИЕВНА, Спорттағы дарынды балаларға арналған  мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі, Өскемен қ.
БУКЕНЕВА ЖАНАР МИЗАМИЕВНА, Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Өскемен қ.

Жанар Мизамиевна шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалім, зерттеу жұмысымен айналысады. Екі электрондық оқулықтың, 20-дан астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы. Спорт бағыты бойынша лексикалық материалдарды оқытуға бағытталған «Спорт әлемінде» авторлық бағдарламасын дайындады. Оны республикалық авторлық бағдарламалар конкурсына ұсынып, екінші орын алды. Жанар Мизамиевна қазіргі заманғы мектептерде мультимедиалық технологиялар қазақ тілін оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады деп санайды.Ол «Қазақ тілін мультимедиалық технологиялар арқылы оқытудың әдістері мен тәсілдері» тақырыбын зерттеп, жыл сайынғы әртүрлі деңгейдегі ғылыми – практикалық конференциялар мен семинарларда нәтижесін көрсетеді. Өмірлік ұстанымы: «Кім алға қарай жылжымаса, ол сол орнында қалып қояды». Осыған байланысты Жанар үнемі өздігінен білім алуға және өзінің кәсіптік шеберлігінің деңгейін көтеруге ұмтылады.