Сана Қанатбековна - полимерлер химиясы саласының маманы. Ол мектеп оқушыларынан, студенттерден, магистранттардан және жас ғалымдардан тұратын шығармашылық топ құрып, аймақтық сипаттағы өзекті мәселелерді шешумен, атап айтқанда, металлургиялық өндірістің қалдық суынан ауыр металды бөліп алуға арналған әмбебап полимерлік сорбент, тұрақты органикалық ластағыштарды, соның ішінде полихлорбифенилді залалсыздандырушы каталитикалық жүйе, сонымен қатар, ауылшаруашылық тұқымдарын қаптауға арналған биологиялық ыдырауға бейім капсулалаушы құрам әзірлеумен айналысады. Сана Қанатбековна жоғары деңгейде оқушылардың ғылыми жобаларына жетекшілік етеді. 2014-2015 оқу жылы Өскемен қаласындағы №44 МЛ 11 сынып оқушысы Кожебаев Адлет, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушылары Кабиева Айгерім, Адалбек Рауан Алматы қаласында өткен оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсында III дәрежелі диплом және қола медаль иегерлері атанды. Сана Қанатбековнаның 60-тан астам ғылыми мақалалары, 4 монографиясы және 2 өнертабыс патенті жарық көрген.
Болат Мукаметкалиевич күн элементтері тиімділігін көтеру мәселесімен ғылыми қызметті жүзеге асырады. Бұл бағытта зерттеу жұмыстарын өткізу нано деңгейде өтіп жатқан жоғары деңгейдегі жиіліктегі тәжірибелердің, үдерістердің мәнін терең түсінуді талап етеді. Болат Мукаметкалиевич бірнеше жыл қатарынан физика пәнінен облыстық олимпиадалар мен конкурстардың қазылар алқасының құрамында болды. Жыл сайын студенттер, сонымен бірге, облыстың дарынды оқушыларының ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік етеді. Болат Мукаметкалиевичтің басшылығымен оқушылар жыл сайын облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми жобалар конкурстарында жүлделі орындар алады. Мысалы, 2008-2009 оқу жылында Алматы қ. өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсында Капез Жасұлан алтын медаль иегері атанды. 2010-2011 оқу жылы - халықаралық ғылыми жобалар конкурсында Мусин Кайнар алтын медаль жеңіп алды. 2012-2013 оқу жылы – Жунусбекова Дина да халықаралық ғылыми жобалар конкурсында жеңімпаз атанды. 2014-2015 оқу жылы Алматы қ. өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсында Ерлан Марғұлан күміс медальді жеңіп алды.
Мураткан Набенович – әртүрлі ғылыми семинарлардың, республикалық және халықаралық ғылыми конференциялардың, түрік әлеміндегі математиктер Конгресінің белсенді қатысушысы. 40 жуық ғылыми жұмыстар, соның ішінде, 2 монографияның авторы. Жоғары оқу орнының «Жылдың үздік ғалымы» номинациясының иегері. Мураткан Набенович студенттердің ғана емес, сонымен бірге, оқушылардың да ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырумен айналысады. Математика, қолданбалы математика пәндері бойынша оқушылардың ғылыми жобалар жазуына жетекшілік жасайды. Әртүрлі деңгейдегі республикалық және зияткерлік сайыстарда осы жобаларды қорғай отырып оқушылар жыл сайын жүлдегер атанады.
Сонымен, жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар конкурсындамарапатталғандар: 2014-2015 оқу жылында Өскемен қаласындағы №44 МГ оқушысы Махмұдұлы Алихан; 2013-2014 оқу жылында ДБА ОМФИММЛ оқушысы Нуриев Аблайхан; 2017-2018 оқу жылында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың оқушысы Айтқазина Диляра.
Игорь Владимирович бірнеше жыл қатарынан оқушыларды физика және информатика пәндерінен олимпиадаларға даярлауда жемісті жұмыс атқарып келеді. Оқушылардың ғылыми жобаларына жетекшілік жасап, кеңес береді. Игорь Владимировичтің ғылыми жетекшілігімен оқушылар республикалық, халықаралық деңгейде өтетін зияткерлік олимпиадалар мен сайыстардың жүлдегерлері атанды. Оқушылардың жетістіктері: 2011 ж. – Батырханов Аян, Турсанова Асия Москва қаласында Ғылыми фестиваль аясында өткен ТМД елдерінің жоғары сынып оқушыларына арналған «Болашақ ғалымдар» ғылыми-техникалық жұмыстары конкурсының күміс медаль иегерлері; 2012 ж. – Усенов Елдос, Медбаев Нургали Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылыми конференциясының жүлдегерлері; 2014 ж. – Курмамбаев Ермек, Отузбаев Аль-Бесин – Москва қаласында өткен «Компьютерлік физика» халықаралық турнирінде III дәрежелі дипломды иеленді; 2015 ж. - Габдуллина Динара, Жуматаева Айзат, Сексембаев Аслан, Николишин Валентин – Ө.Жолдасбеков атындағы математика, механика, экономикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық сайысының жүлдегерлері атанды.
Базарбек Агзашұлы 20 жылдан аса уақыт бойы облыстың дарынды балаларымен физика-математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытумен айналысады. Оқушылардың ғылыми жобаларының жетекшісі. Соңғы бес жыл ішінде 30-ға жуық оқушысы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен сайыстардың жүлдегерлері атанды. Оқушыларының жетістіктері: 2012-2013 оқу жылы: Шаған Ернат, Қабдеш Байболсын математика, механика және экономика бойынша Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсында - II дәрежелі диплом (Алматы қ.); Ордабаева Жанна, Қуанышева Айзада «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылым конференциясында II дәрежелі дипломмен марапатталды (Байқоңыр қ.); 2013-14 оқу жылы: Далелгазина Дана, Нургазина Назерке – Вернадский атындағы халықаралық конкурста 1 орын (Москва қ.); Рысханова Жулдыз -– «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылым конференциясында - II дәрежелі диплом (Байқоңыр қ.); 2014-2015 оқу жылы: Айтпаева Камила, Ауданбекова Аружан - «Созвездие» халықаралық конкурсы – I дәрежелі диплом (Москва қ).; Мухаметказин Ерсін, Кадырова Дильнура математика, механика және экономика бойынша Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсында - 2 орын (Алматы қ.); Бастамиева Камила, Шотаев Темирхан Инфоматрикс халықаралық конкурсы – II дәрежелі дипломмен (Алматы қ) марапатталды. Базарбек Агзашулы физика пәнінен әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасын даярлауға белсенді қатысады.
Әшім Ахметоглының педагогикалық шеберлігін жетілдіруге талпынысы мен оқыту және оқушыларды бағалауда жеке тәсілді пайдалануға құлшынысы ерекшелейді.
Әшім Ахметоглы оқушыларға тек химия негіздерін үйретіп қана қоймайды, сонымен бірге, әр істің мәніне дербес әрекет етуге, ерік-жігерін шыңдайтын сайыстарға әрдайым даяр болуға машықтандырады. Лицейде ұйымдастырылған. «Химиялық қоспалардың қасиеттері». үйірмесінде Әшім Ахметоглы балаларды ғылыми жұмыс негіздерін жүргізуге, ғылыми қызметке қызығушылықтарын оятып, командалық және дербес жұмыс атқаруға бейімдейді, сонымен бірге, пән бойынша оқушыларды түрлі деңгейдегі олимпиадаларға даярлайды.
Әшім Ахметоглының жұмысының нәтижелігін оқушыларының түрлі деңгейдегі олимпиадалардағы жеткен жеңістері растайды. Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы - Смағұлов Азамат ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, Халықаралық Менделеев олимпиадасының қола жүлдегері, республикалық олимпиаданың 2013-2016 жеңімпазы. Каттабаев Нурлыбек – 2015-2016 оқу жылы аралығында жартылыстану-математика (химия) бағыты бойынша республикалық олимпиадада 3 орынды иеленді.
Серік Талғар – 2016-2017 оқу жылында жаратылыстану-математика циклындағы пәндер бойынша Павлодар қаласында өткен республикалық олимпиада жүлдегері (2 орын); 2017-2018 оқу жылында жаратылыстану-математика циклындағы пәндер бойынша Атырау қаласында өткен республикалық олимпиада жеңімпазы (1 орын). Рахымғалиев Нұржан – 2017-2018 оқу жылында химиядан Қ. Сәтпаев атындағы республикалық олимпиадада алтын (1 орын) және жаратылыстану –математика циклындағы пәндер бойынша Атырау қаласында өткен республикалық олимпиадада күміс медальдар иегері (2 орын). Алибеков Мансұр – 2017-2018 оқу жылында жаратылыстану-математика циклындағы пәндер бойынша Атырау қаласында өткен республикалық олимпиаданың жүлдегері (2 орын) және Бектуров атындағы Халықаралық химиялық олимпиадада (3 орын).
Майра Советбековна – жоғары санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Оның мақсаты – жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, жаңа білімді меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу. Мұғалімдер үшін «Диктанттар жинағы», «Тест жинақтары», «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы», «Қазақ тілі пәнінен ойындар жинағы» атты әдістемелік жинақтарын жариялады; 2014 жылы Семей қаласында халықаралық конференцияда «Тәуелсіз және тіл» баяндамасы, 2015 жылы республикалық «Ұлт ұстазы» журналында «Қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының ойын элементтерін тиімді пайдалану» мақаласы жарыққа шықты.
Майры Советбековнаның оқушылары конференциялар, зияткерлік олимпиадалар мен конкурстардың белсенді қатысушылары. 2014-2015 оқу жылы Анна Раздомина қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы халықаралық олимпиадада 2 орын, ал 2015-2016 оқу жылы республикалық олимпиадада 3 орынды иеленді.
2016 жылдың маусым айында Майра Советбековна облыс әкімінің мақтау граммотасы және сертификатпен марапатталды.
Меруерт Орынгалиевна - терең ғылыми-теориялық даярлығы бар жоғары санатты маман. Ол пәнді оқытудың заманауи технологияларын жетік меңгерген. Оқытушы жұмысының негізгі мақсаты – еңбек іс әрекеті арқылы жеке тұлғаны келбетін қалыптастыру және ой-өрісін дамыту болып табылады.
Меруерт Орынгалиевның оқушылары аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен конкурстардың қатысушылары мен жүлдегерлері атанған. Каримов Жақсылық2016 жылғыпән олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпазы, республикалық кезеңде ІІІ орын және физика пәні бойынша пәндік олимпиадада «Ең үздік ауыл оқушысы» номинациясынжеңіп алды. Сулейменов Мадияр сондай-ақ 2015 жылы информатикадан КИО интернет олимпиадасында ІІІ орынды иеленді, екі жыл (2015 ж., 2016 ж.) қатарынан физика пәнінен КИО интернет олимпиадасының жеңімпазы, І дәрежелі дипломмен марапатталған және «Алтын жүлде». Алдабергенов Жанат 2016 жылы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы өткізген «Қарлығаш ЭКСПО-2017» республикалық ғылыми-техникалық жобалар көрмесінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, Қазақстандық - жас патриоттар Академиясының мүшелігіне қабылданып, куәлік пен медаль иеленді, сонымен қатар патриоттық тәрбие беру байқауына қатысқаны үшін Сертификатқа ие болды.
Ольга Андреевнаның құзыретілік деңгейі жоғары. Ол бағдарламалық материалдарды, пәнді оқытудың заманауи әдістерін, оқу-тәрбие үдерісін талдауды жетік меңгерген. Сабақты жобалау, нысандары мен оқыту әдістерін таңдау барысында мектеп бітіруші түлектерге қойылатын жаңа талаптарға сүйенеді. Мұғалім тәжірибесінің материалдары ақпараттық-ағартушылық «Azbuka.kz» порталында орналастырылған. Оның оқушыларының білім тұрақты болып келеді: ҰБТ бойынша әдебиеттен білім сапасы 100%, орыс тілінен - 91% құрайды.
Ұстаз мектептің гуманитарлық секциясының ғылыми қоғамдастығына жетекшілік жасай отырып оқушылардың шығармашылыққа, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын оятады. 2016 жылы әдебиет пәнінен аймақтық олимпиадада оның оқушысы Дарья Кошовец пен Анна Фомина ІІ орын және Гран-приді жеңіп алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Дарья Кошовец 1 орын, ал республикалық олимпиадада 2 орынды иеленді.
Ольга Андреевнаның бастамасымен мектептің Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының құрамында корей, татар, белорус, украин 4 жаңа этнобірлестік құрылды. Ұлтаралық келісімді нығайту, халық өнерін насихаттаудағы еңбегі үшін 2013 жылы аудандық халықтар Достығы үйінің дипломымен марапатталды.
Бақыт Советқызы – жаңашыл ұстаз, инновациялық технология элементтерін кеңінен пайдалана отырып шеберлік сынып сағаттарын, ашық сабақтар өткізеді. Оқу сабақтарының дәстүрлі емес түрлері, оқушылардың түрлі пәндік-шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, педагог пен оқушының ынтымақтастық әріптестігі мұғалімге оқушыларының тілдік біліктері мен дағдыларының дамуы үшін оңтайлы жағдай және оқу-тәрбие үдерісінің кепілді жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін ерекше көңіл-күй тудыруға көмектеседі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың әдістемесін кеңінен меңгерген білікті маман ретінде оқу жүйесін ұйымдастыруда оқушылардың жеке ерекшелігіне көңіл бөле отырып, талап қоя біледі.
Бақыт Советқызының оқушылары 2000 жылдан бері бірнеше мәрте облыстық, республикалық олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орындар жеңіп алуда.2015-2016 оқу жылдары Наак Рихард жалпы білім беретін пәндер гуманитарлық цикл бойынша республикалық олимпиадада 3 орынды иеленді (орыс тілді оқу мектептеріндегі қазақ тілі).
Марина Сергеевна - зерделі, жасампаз және талантты педагог, білімдегі болып жатқан жаңалықтардан үнемі хабардар болып, оларды апробациялап, өз жұмысында қолданады. Республикалық басылымдарда өзінің іс-тәжірибелерімен ой бөліседі, физика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін авторлық курс бағдарламасын құрастырды. Ол сезімталдығымен, адамдарға достық қарым-қатынасымен, жоғары педагогикалық іскерлігімен ерекшеленеді және әріптестері мен ата-аналар арасында құрметке ие.
Жыл сайын оның оқушылары облыстық, республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары атанады. 2016 жылы Мустафа Исмағанбетов физика пәні бойынша республикалық олимпиадада – ІІІ орынды иеленді.
Эльмира Манаевна – мұғалімдердің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын іске асыруды ұйымдастыратын, инновациялық технологиялар мен оқытудың ғылыми әдістерін еркін меңгерген шығармашылықпен жұмыс атқаратын ұстаз.
Мектептің жұмыс тәжірибесі 2013 жылы облыстық семинарлар мен білім қызметкерлерінің Педагогикалық оқуларында көпшілік назарына ұсынылды. Материалдар республикалық жинақта, 2015 жылы «Білімдегі инновация» журналында жарияланды.
7 сынып «Қазақстан тарихы бойынша сандық білім беру ресурстары» бойынша авторлар тобы ұжымының құрамына енді (2012 жыл 12 маусым куәлік № 670). Оның оқушылары облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадалардың жүлдегерлері. Жанахметова Мира – 2015-2016 оқу жылында гуманитарлық пәндер циклы бойынша оқушылардың пәндік олимпиадасының жүлдегері (3 орын) атанды.