+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет

БАРАНОВА ЕЛЕНА  ПАВЛОВНА, Өскемен қаласындағы № 34 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
БАРАНОВА ЕЛЕНА ПАВЛОВНА, Өскемен қаласындағы № 34 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Елена Павловна - бейімділігі бойынша нағыз мұғалім. Өз ісінің нәтижелері үшін жауапкершілігімен, педагогикалық біліктілігін жетілдіруімен ерекшеленеді. Ұстаздың оқушылары үнемі облыстық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларының жүлдегерлері болып табылады. 2015 жылы Черепанова Ульяна (11 «Г» сынып оқушысы) құқықтану пәні бойынша облыстық олимпиадада 1-орын иегері атанса, құқық пен дүниежүзілік тарихы пәндерінің республикалық олимпиадасында 3 орын алды. 2015 жылы «Ұлы Жеңістің 70-жылдығына» байланысты Қазақстан Интернет Олимпиадасына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен, оқушылардың дарындылығын дамыту жұмысы үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.

БАХАР ЛАЙЫХ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
БАХАР ЛАЙЫХ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Бахара Лайыхтың өмірлік ұстанымы: «Әрдайым алға!». Ол жан-жақты жетілген жан, ұдайы өзін жетілдіреді, заманауи және ғылыми-танымдық әдебиеттерді оқумен әуестенеді. Ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлардың белсенді қатысушысы. Өз жұмысында оқушыларды әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындауға басты назар аударады. Бахара Лайыхтың оқушылары жыл сайын әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атануда.

ЗАХАРОВ ВАЛЕРИЙ ЯКОВЛЕВИЧ, РИДДЕР ҚАЛАСЫ, №1 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
ЗАХАРОВ ВАЛЕРИЙ ЯКОВЛЕВИЧ, РИДДЕР ҚАЛАСЫ, №1 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Валерий Яковлевич – Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі. «Қолданбалы курстың үздік авторлық бағдарламасы» конкурсының облыстық және республикалық кезеңдерінің жеңімпазы. 2011 жылғы облыстық «Жыл мұғалімі» конкурсының жеңімпазы. Тайбағаров атындағы халықаралық ғылыми-практикалық және облыстық ғылыми-практикалық конференциялардың жүлдегері. Мақалалары облыстық және республикалық басылымдарға жарияланған. Валерий Яковлевичтің оқушылары физика пәні бойынша әр түрлі дәңгейіндегі олимпиадалардың жеңімпаздары. 2014-2015 оқу жылы оның оқушысы Василий Васильев жаратылыстану-математикалық циклындағы пәндер бойынша өткен Республикалық Президенттік олимпиадада екінші орынды жеңіп алып, күміс медаль иегері атанды.

КАРИМБАЕВА САНДУГАШ СЕМБЕКОВНА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ А.ГУМБОЛЬД АТЫНДАҒЫ ШЕТ ТІЛДЕРІН ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТАТЫН №12  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ НЕМІС ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
КАРИМБАЕВА САНДУГАШ СЕМБЕКОВНА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ А.ГУМБОЛЬД АТЫНДАҒЫ ШЕТ ТІЛДЕРІН ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТАТЫН №12 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ НЕМІС ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Сандугаш Сембековна - жоғары санатты мұғалім, аталмыш мектепте 1997 жылдан жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында өзін бастамашыл, жұмысқа қабілетті, талапшыл ұстаз тұрғысынан көрсетті. Ол неміс тілі пәнін оқытудың әдістерін жеткілікті деңгейде меңгерген және оқу үрдісінде оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып жұмыс істей алатын, өзіне де, шәкірттеріне де талап қоя білетін тәжірбиелі маман. Ұстаздың оқушылары қалалық , облыстық, республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленуде. Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында белсенді түрде жұмыс атқарады және өз тәжірбиесімен бөлісіп отырады.

ЛАБУКОВА ИРИНА ЮРЬЕВНА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ, № 38 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
ЛАБУКОВА ИРИНА ЮРЬЕВНА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ, № 38 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Ирина Юрьевна – ол педагогикалық қызмет мәдениетінің, кәсіби құзыретіліктің жоғары дегейін меңгерген. 2015 – 2019 жылдары облыстың жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім берудің аймақтық жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы ұжымының мүшесі.

Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде  өзі үшін педагогикалық ықпал ету нысаны емес, дамушы оқушыны тұлғасын маңызды деп санайды. Педагогикалық ұстанымы: «Әрбір бала - керемет! Оны жан-жақты ашуға талпын!». 

Педагог өзгелерге тәлім беру үшін өзің үйренуің керек деп есептейді. Мұғалімнің тұрақты кәсіби өзін-өзі жетілдіру нәтижелеріне: «TEA» ағылшын тілі бойынша халықаралық байқаудың жеңімпазы;  АҚШ, Орегон штаты  университетінің «Бізде ағылшын тілін үйрету жолын қалыптастыру» тақырыбындағы қашықтықтан оқыту курсын үздік бітірді, облыстық «Жыл мұғалімі» конкурсында 1 орын; қалалық «Ең үздік сынып жетекшісі» байқауының жүлдегері; ең үздік сыныптан тыс іс-шаралар мен кіріктірілген сабақ жоспары республикалық конкурсының жеңімпазы. Британ Кеңесінің тренері, «Өрлеу» АҚ дәріс оқушы оқытушы ретінде ынтымақтастықта жұмыс атқарады.

Ирины Юрьевнаның оқушылары ағылшын тілінен қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық зияткерлік конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Ауданбекова Аружан ағылшын тілінен екі мәрте олимпиаданың жүлдегері атанды (2014-2015 оқу жылы – 3 место, 2015-2016 оқу жылы  – 2 орын).

МИХАНЦЕВА ЕЛЕНА НИКОЛАЕВНА,  ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ, №38 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХ ПӘНДЕРІНІҢ МҰҒАЛІМІ
МИХАНЦЕВА ЕЛЕНА НИКОЛАЕВНА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ, №38 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХ ПӘНДЕРІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Елена Николаевна – заманауи шығармашыл мұғалім, педагогикалық және әдістемелік шеберлігін үнемі жетілдірумен айналысады, тарих, қоғамтану және құқық пәндерін оқыту әдістемесін жақсы меңгерген. Ұстаздың үлкен шығармашылық жұмысы барлық пәндер бойынша оң нәтижесін беріп келеді. Оның оқушыларының арасында қалалық және облыстық олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың қатысушылары және жүлдегерлері бар. Елена Николаевна оқушылар сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген, ата-аналары мен әріптестері арасында ерекше беделге ие.

СМИРНОВА НАТАЛИЯ БОРИСОВНА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
СМИРНОВА НАТАЛИЯ БОРИСОВНА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмысқа көп көңіл бөледі. Ол дарынды балалар үшін қиындатылған есептерді шығару бойынша арнайы курс бағдарламасын жасады, математиктер клубын жүргізеді, клуб аясында лицеистер ғылыми-зерттеу жобаларын орындайды. Мұғалімнің математикадан дарынды балалармен жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-тәжірибесі қала деңгейінде бірнеше мәрте таратылды. Әріптестері мен оқушылары ұстаз бойынан еңбексүйгіштік, іске деген адалдық пен жауапкершілікті, қоршаған ортасына жағымды көзқарас сынды қасиеттерін көреді. Ол өзінде оқушыларына жоғары талап пен қатаң тәртіпті қатарлас ұстанатын мұғалім.

СМОЛЯКОВА ТАМАРА ИЛЬИНИЧНА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ № 38 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
СМОЛЯКОВА ТАМАРА ИЛЬИНИЧНА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ № 38 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Тамара Ильинична заманауи, шығармашыл мұғалім, оқытудың барлық сатыларында құзыреттілік қатынасты белсенді қолданады, оқушылардың оқу іс-әрекеттеріне жобалау технологиясын кіріктіре енгізу бойынша көшбасшы болып табылады. Білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді, жыл сайын оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларын қорғау бойынша конференция және Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері бойынша қалалық және облыстық олимпиада жүлдегерлерін дайындайды. Соңғы 3 жылда әртүрлі деңгейдегі қалалық, облыстық, республикалық олимпиада мен ғылыми жобалар конкурсына 20-дан астам жүлдегерлерді дайындады. Әріптестері, ата-аналар және оқушылар арасында жоғары кәсіби, адамгершілік, азаматтық қасиеттері, әр оқушыға ерекше назары үшін еңбекпен танылған сый-құрметке, беделге ие.

ТАШЕВ НУРЛЫБЕК ЕСЕНБЕКОВИЧ, Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
ТАШЕВ НУРЛЫБЕК ЕСЕНБЕКОВИЧ, Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Нурлыбек Есенбекович - шығармашыл ұстаз. Өз пәнін жақсы көреді, сол себепті оны оқушыларға сабақтың мазмұны мен міндеттеріне сай әртүрлі әдіс-тәсілдерді, жеке топтық, деңгейлік тапсырмаларды қолдана отырып қызықты өткізуге тырысады. Ол 2015-2016 оқу жылындағы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жеңімпазы. Нурлыбек Есенбековичтің оқушылары жыл сайын республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері атанады.

Айтқазынов Шыңғыс – математика, физика, химия және информатикадан «Туймаада» Халықаралық олимпиадасының жеңімпазы (2015 ж., 1 орын; 2016 ж. 1 орын, Математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (2016 ж. 2 орын, 2017 жылы, 1 орын), жаратылыстану-математика циклындағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада (2014 ж., 2 орын;    2015 жылы 1орын, 2016 ж., 1 орын; ); физикадан IPHOХалықаралық олимпиадада (2017 ж., 2 орын). Увалиев Әділет – «Туймаада» Халықаралық олимпиадада алтын, күміс және қола медальдар иегері (2015 ж., 3 орын), физикадан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында (2015 ж., 3 орын), жаратылыстану-математика циклындағы пәндерден республикалық олимпиадада (2016 ж., 1 орын, 2017 ж., 1 орын), математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасында (2017 ж., 2 орын), физикадан IPHO Халықаралық олимпиадада (2017 ж., 2 орын). Мағауин Расул – жаратылыстану-математика циклындағы пәндерден (2017 ж., 3 орын, 2018 ж., 1 орын), математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасында (2018 ж., 3 орын). Жаратылыстану-математика циклындағы пәндерден республкалық олимпиадада дипломдармен марапатталғандар: Оразбек Ерасыл (2016 ж., 2 орын), Төлеуов Аслан (2017 ж., 3 орын), Жұмағалиев Заңғар (2018 ж., 3 орын).

РИНАТ СЕРИКОВИЧ ШАКИРТОВ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
РИНАТ СЕРИКОВИЧ ШАКИРТОВ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Ринат Серікович өте тәжірибелі де білікті маман. Көпшілікпен ортақ тіл табыса білуі мен жұмысқа талпынысы оны басқалардан ерекшелейді. Ринат Серікович – өз сабақтарында ағылшын тілін оқытудың шетелдік әдістемесін кеңінен қолданады. Бұл - тілді білуді жаңа биіктерге қол жеткізуге және жастардың білім деңгейін жақсартуға көмектеседі. Өз сабақтарында жағымды ахуал орнатып, оқушылардың шығармашылық белсенділігінің негізінде пәнге қызығушылықтарын қалыптастырады, олардың өзіндік оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандырады. Ұстаздың оқушылары – республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері. Ол балалардың нағыз тәлімгері. Оның шәкірттері - түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары. Ринат Серіковичтің құзыреттілігі, әділдігі мен мәдениеттілігі - олардың көпшілігі үшін үлгі.

Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиада жеңімпаздары: Садуақасов Данияр (2016 ж., 2 орын, 2017 ж., 2 орын); Талғатов Таир (2017 ж., 3 орын), Дикеш Шакарим (2018 ж., 2 орын).

ЮСУПОВ ОЛЖАС АШИМУЛЫ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
ЮСУПОВ ОЛЖАС АШИМУЛЫ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Олжас Ашимұлының қызметінің негізгі бағыты – оқушыларды пәндік олимпиадаға даярлау. Ол педагогикалық шеберлік конкурстарының, ғылыми-практикалық конференциялар мен әртүрлі деңгейдегі семинарлардың белсенді қатысушысы. Олжас Ашимұлы жыл сайын республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлерін даярлайды. 10 сынып оқушысы Смағұлов Азамат ҚР ұлттық командасының құрамында. Өзінің күнделікті қызметінде Олжас Ашимұлы балаларды өздерімен жұмыс жасауға, үнемі жетілдіруге үйретеді. Үздіктер қатарынан көрінуге талпыныстарын жігерлендіреді.

АНВАРОВ НОДИРБЕК РАХИМБЕРДИЕВИЧ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
АНВАРОВ НОДИРБЕК РАХИМБЕРДИЕВИЧ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Өз пәні бойынша терең білімі бар және дарынды балалармен жұмыс жүргізудің педагогикалық ерекшеліктері жетік меңгерген жан-жақты білімді ұстаз. Жұмысқа жоғары қабілеті мен жаңа технологияларды үрдіске ендіруге талпынысы, өз жұмысын және оқушылардың оқу әрекетін ғылыми негізде ұйымдастыруы мұғалімге өз ісінде жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Оның оқушылары жыл сайын облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанып, ҚР ұлттық командасының құрамына енеді.