Мұғалім – бұл бейімділік. Бұған информатика пәнінің мұғалiмi Наталья Анатольевна Беляеванытолық мәнде жатқызуға болады. Оның сабақтарында түсiнушiлiк, тiлектестiк және ынтымақтастық атмосфера басымдық танытады. Наталья Анатольевна – белсенді өмірлік айқындаманы ұстанады, мектептің және қоғамдық мәселелерден тысқары қалмайды. Жоғарғы білімдар, кең пейілді, әрқашан өз ісімен де, сөзімен де көмектесуге дайын. Педагогикалық-инновациялық ойлар фестивалінің, облыстық және республикалық авторлық бағдарламалар конкурстарының жеңімпазы. Оқушылардың облыстық және республикалық ғылыми жобалар конкурстарының жүлдегерлерінің жетекшісі болып табылады. 5-6 сыныптарға арналған «Атамұра» баспасынан басылып шыққан, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынылған «Информатика» оқулығының авторлық ұжымынның құрамына енген.
Күльзия Әзілбекқызының өмірлік ұстанымы – жетістікпен тоқтап қалмай, өзінің педагогикалық қызметіне кіріктіре отырып жаңалықты тануға талпыну. Оның оқушылары жыл сайын әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарда жүлделі орындарды иеленеді. Мәселен, 2014-2015 оқу жылы оның оқушылары Уәлибекова Ділдә гуманитарлық пәндер цикліндегі олимпиадасында 2 дәрежелі диплом, республикалық «Абай оқулары» конкурсында 1 дәрежелі дипломмен, Түгелжанова Марал гуманитарлық пәндер цикліндегі олимпиадасында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Гулнара Габдрауфовна – жоғары білікті музыкалық жетекші. Еңбек өтілі – 30 жыл. Халықаралық және республикалық педагогикалық шеберлік конкурстарының ұдайы қатысушысы. «Білім ұясы»: педагог – 2011» облыстық конкурсының бас жүлдесінің иегері, «Тәрбиеші болу бақыт» республикалық конкурсының 1 дәрежелі диплом, республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивальінің жүлдегері. Гульнара Габдрауфовна «Біз мектепке барамыз» атты мектепке дейіні ересек балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдараламсының авторы, Астана қаласындағы «Арман-ПВ» баспасынан бірнеше әдістемелік нұсқаулықтарын басып шығарды, Ресей баспаларынан жарық көрген еңбектері бар. «Сәулетай» авторлық бағдарламасы бойынша дарынды балалармен табысты еңбек етеді, қалалық әдістемелік бірлестіктің музыкалық жетекшілерінің басшысы. 2013 жылы «Білімдегі сапалық ізденіс», «Әдістемелік диалог» экспедициясының қатысушысы. 2013 жылы білімнің дамуына қосқан үлесі үшін «ШҚО ұстаздарының даңқ» кітабына енгізілді.
Айсұлу Жомартқызы – жауапкершілігі мол, мақсатшыл, әрдайым ізденістегі, шығармашылықпен жұмыс атқаратын ұстаз. Оның оқушылары облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардың жүлдегерлері. Айсұлу Жомартқызының ойынша, заманауи білімдік талаптарға сай болу үшін үнемі өзін жетілдіріп отыру қажет деп есептейді. Оның оқушылары облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадалардың жүлдегері. 2014-2015 оқу жылы Бексолтанова Жаннұр Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпидада 2 орынды иеленді.
Назым Бөкейхановна - үнемі шығармашылық ізденісте жұмыс атқарады. Өмірлік ұстанымы: Қажырлы еңбек пен төзімділік - табыстың кілті. Әртүрлі деңгейдегі оқу-әдістемелік семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялардың белсенді қатысушысы. Қазақстан интернет олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік нәтиже» сертификатының иегері. Назым Бокейхановнаның әдістемелік мақалалары республикалық «Білім технологиялары», «Әдіскер мұғалім» журналдарында жарияланды. «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының номинанты. 2014 жылы республикалық инновациялық педагогикалық идеялар фестивальінде «Сындарлы оқыту теориясы негізінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың тілдік ортасын қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы жобасын қорғап, 2 дәрежелі диплом иегері болды. Назым Бөкейхановнаның оқушылары әртүрлі деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар және жарыстардың жүлдегерлері.
«Дарынды балалармен жұмыстың мәні неде?» сұрағына жауап үшін Жазира Есенгельдиновна Ж. Брюноның сөзін алады: әр тұлғаның дамуына септігін тигізу; өзіндік жетістіктерді барынша жоғары деңгейге көтеру; қоғамдық прогрестің ілгерлеуіне ықпал жасау. Ол үшін ұстаз кеңпейіл және сезімтал, дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау, зияткерлік жоғары деңгейінің болуы, әрдайым өзіндік жетілуге даяр болу керек. Жазира Есенгелдиновна нақ осы сапаларды өзінде тудыруға талпынады. Әртүрлі деңгейдегі конференциялар мен семинарларда жинақталған іс-тәжірибесімен бөліседі. 2014-2015 оқу жылы Алматы қаласында өткен республикалық инновациялық-педагогикалық фестивальында «Оқушылардың логикалық ойлауын оқыту мен дамытуда қазақтың қайым есептерінің рөлі» тақырыбындағы жобасын қорғап, 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Гульмира Толкуновна өзінің кәсіби ұстанымы ретінде «Ісім оңсын десеңіз, сол істің кәсіби маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, халықтың адамы болыңыз.» Ол үнемі өзінің зияткерлік деңгейін, кәсіби біліктілігін көтеріп, өзіндік жетілуге талпынады. Гульмира Толкуновна – әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлардың қатысушысы. «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақстандық интернет олимпиадаларының қорытындысы бойынша Гульмира Толкуновна «Аудан бойынша ең үздік нәтиже» сертификатының иегері. Оқушылары әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері.
Валентин Игоревич театр пәндерін оқыту әдістемесін кәсіби түрде жетік меңгерген, инновациялық технологияларды оқу және тәжірибеге ендіру мәселесі бойынша зерттеу жұмысын жүргізеді. Театр бөліміне арналған пәндердің бейімдендірілген білімдік бағдарламаларының авторы. Білімдік үрдісте таетр технологиясын қолданып бала дарындылығын дамытуды ұйымдастыруда «Театр – білімдік үрдістің метафизикалық жолы» тақырыбындағы авторлық тұжырымдамасы инновациялық модель құрудың негізі болып табылады. Авторлық инновациялық модель республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестиваліне ұсынылып, онда 2 дәрежелі дипломға лайық деп табылды. Авторлық моделдің тиімділігі өткізілген ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралардың жоғары деңгейімен, конкурстар мен фестивалдар нәтижелерімен бекиді: халықаралық конкурстардың 13 дипломанты, республикалық конкурстың 1, 2 сыйлығының лауреаты, облыстық конкурстың дипломанты, 1, 2 сыйлығының лауреаты, бас жүлде, 29 аудандық конкурстардың жүлдегері. Валентин Игоревич кенттің, Шемонаиха ауданы мен облыстың қоғамдық өмірінде белсенді айқындаманы ұстанады.
Кәсібилігі, әр ісін шығармашылықпен орындауы, балаға деген сүйіспеншілігі Маржан Мулдатбековнаны нағыз құзырлы ұстаз ретінде танытып отыр. Маржан Мулдатбековна кәсіби шеберлікті анықтайтын конкурстардың белсенді қатысушысы. Өзінің оқушыларының да топтың ең алдында болу мақсатына жетуін бойларына сіңіреді. Мұғалімнің ойынша, балаға ұстаздың қолдауы мен ата-ананың отбасында берген тәрбиесінің үйлесімділігі арқасында ғана бала үздік нәтижелерге жетіп, алға қойған мақсатына жетеді. Маржан Мулдатбековнаның шәкірттері облыстық, республикалық шығармашылық конкурстардың жүлдегерлері: «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 8 сынып оқушысы Советова Талшын «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша 2 дәрежелі дипломмен; ХV республикалық Абай оқуларында «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды; Оралқызы Зарина ІІ облыстық «Алтай жұлдыздары» конкурсында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Айгуль Кабдешовна – инновациялық технологиялар мен оқытудың жетілдірілген ғылыми әдістерін еркін меңгерген, алдыңғы қатарлы ұстаздар тәжірибесімен оқып таныса отырып, үздіксіз шығармашылық ізденісте өзін жетілдіретін ұстаз. Ашық сабақтарында инновациялық технологиялар элементтерін қолдану бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді. Соңғы 5 жылда ұстаздың 18 оқушысы қалалық олимпиаданың жүлдегері атанса, қалалық ғылыми оқуларда – 6, облыстық Абай оқуларында – 2, Қ. Бітібаева атындағы халықаралық олимпиадада – 1, шығармалар сайысында – 7 және республикалық, облыстық зияткерлік марафондарда жүлделі орындарды иеленді. Айгуль Кабдешовна әріптестері мен ата-аналар арасында құрметке ие.
Елена Николаевна – шығармашыл, ізденістегі және өз пәнін жетік меңгерген педогог. Әр оқушының бойынан оның өзіне ғана тән ерекшелікті таба біледі. Балалардың шығармашылықәрекетін ұйымдастыруда театрлық технология қамтылған авторлық модельді қолданады. Елена Николаевнаның бала дарындылығын дамытуға арналған авторлық жобасын республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивальіне ұсынып, 2 орын алды. Сынып оқушылары халықаралық фестивальдердің дипломанттары, республикалық және облыстық орындаушылар конкурсының жүлдегері. Аудан, облыс және республикада белсенді әдістемелік, ұйымдастырушылық және қоғамдық қызмет атқарып жүрген жас педагогтардың тәлімгерлері.
Елена Яковлевна - Семей қаласындағы алдыңғы қатардағы физика пәні мұғалімдерінің бірі. Мұғалімнің дарынды балалармен жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-тәжірибесі қала деңгейінде бірнеше мәрте таратылды. 2013 жылы Семей қаласында «Эксперименттік жұмыстардың кемшіліктерін бағалау» тақырыбында физика мұғалімдері үшін шеберлік сыныбын өткізді. Новосібір Академиялық қалашығының білікті мамандарының қатысуымен «Жазғы физика-математика» мектебін ұйымдастыруға белсенді қатысты. Оның басшылығымен лицеистер көрнекі эксперименттік тапсырмаларды жасақтап, зерттеу жобаларын орындап жүр. Елена Яковлевнаны әріптестері мен оқушылары жоғары кәсіби деңгейі мен қоршаған ортасына деген жағымды көзқарасы үшін сыйлайды және қадір тұтады.