Жумабекова Гульмира Бектемировна – шығармашылықпен жұмыс істей білетін ұстаз. Ол өз жұмысын жақсы көреді және «Болашаққа кемел біліммен!»,- деген сөздерді өмірлік ұстанымы деп есептейді. Табысқа жетуге ұмтылып, қоғамдық өмірге белсене араласады. Бос уақытында тарихи – философиялық кітаптарды оқумен айналысады. Терең білімі мен зерттеу қасиеттері Гүлмираға 2012 жылы Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама», сайысына қатысып, жүлделі ІІІ орынды алуына мүмкіндік берді.
Меруерт Амангельдыевна аудандық, облыстық конференциялар мен семинарларға қатысушы. «Жылдың үздік психологі» облыстық конкурстың I орынды иеленуші жүлдегері. Сондай-ақ, 2012 жылғы «Жылдың үздік психологі» Республикалық конкурысында III орынды иеленді. Республикалық көлемде әлеуметтік жобаны екі мәрте жеңіп алды. Өзінің кәсіби ұстанымы «Шын жүректен оқытатын жерде, шын жүректен оқиды». Өмірінде әрбір іске жауапкершілікпен қарау керек,- деп есептейді. Сондықтан өз ісінде әрбір оқушыға, ұстазға, ата-анаға олардың қызығушылықтарына құрметпен қарайды. Шынайылығы және ықыласы, адамгершілігі және еңбексүйгіштігі үшін оны оқушылары жақсы көреді, әріптестері сыйлайды. Қаланың қоғамдық өміріндегі жұмысы және жетістігі үшін мақтау қағаздарымен құрмет грамоталарымен бірнеше мәрте марапатталды. Бүгін де Меруерт Амангельдыевна «Зырян ауданындағы жастарды және дарынды балаларды қолдау және дамыту орталығының» басшысы.
Татьяна Николаевна – шығармашылықпен жұмыс жүргізетін ұстаз. Ол мектепішілік және қалалық, облыстық әдістемелік бірлестік жұмыстарына үнемі қатысады. 2013 жылғы республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсында «Мен денсаулығым мен байлығым» атты бағдарламасымен «Өз ісінің шебері» номинациясына ие болды. «Формирование компетенции здоровье сбережения на уроках в начальной школе» атты проблемалық тақырыптармен жұмыс істеу барысында Татьяна Николаевна, салауатты өмір салтын ұстануда бастауыш сынып оқушыларының денсаулықтарын сақтау мен нығайтуда мәселелеріне аса назар аудара отырып, валеологиялық мәдениетке тәрбиелейді. Кез-келген мұғалімнің педагогикалық қызметінде келесі тұжырымдар: «оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, оның ойымен, арманымен бөлісу», «оқушыға өзіңнің де кейде білмейтін нарселеріңнің бар екендігін мойындау», «өзіңнің жайсыз көңіл-күйіңнің мектеп сыртында қалдыу керектігін», «оқушыға қиындықтармен күресуге қолдау көрсету», «оқушыға өз тәжірибесін қалыптастыруға көмек көрсету», «оқушыларды шынайылыққа, төзімділікке, табандылыққа және адалдыққа тәрбиелеу» болуы шарт,- деп есептейді. Дәл осы қағидалар Татьяна Николаевнаның ұстаздық қызметінің негізі болып табылады.
Қожахметова Айнур Капановна – талантты ұстаз, шығармашыл оқушыларды белсенді танымдық үрдіске құлшындыра алатын жетілген тұлға. Өз жұмысына құрметпен қарап, қадір тұтады. Өмірлік ұстанымы «Тек қана алға, өмірдің ағымынан қалмай әрқашанда ізденісте болу», деген сөздерді өмірлік ұстанымы деп есептейді. Бос уақытында ғылыми кітаптар мен көркем туындыларды оқығанды ұнатады. Креативті қасиеті мен ізденіске толы құштарлығы Айнурға 2012 жылы Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» сайысына қатысып, жүлделі ІІІ орынды алуына мүмкіндік берді.
Светлана Николаевна –педагогикалық және шығармашылық мәселелердің жаңа шешімдерін таба білетін креативті тұлға. Биологияны оқыту әдістемесін жетік меңгерген, өз сабақтарында қазіргі инновациялық әдістемелердің бар арсеналын қолданады. «Біліксіз ұстаз шындық көзін көрсетеді, шығармашыл ұстаз оны табуды үйретеді» - міне Светлана Николаевнаның кәсіби ұстанымы осындай. Ол өз сабақтарында логика тұрғысынан ойлауға, өз бетінше жауаптарын табуға, алған білімдерін қолдану мен талдауға үйретеді. Сабақтарында мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынаста бір-бірімен өзара ынтымақтастық арқасында жетістікке жетуге қолайлы жағдайлар туғызады. Светлана Николаевна - дарынды оқушылармен жұмысы бойынша ақпараттық-педагогикалық идеясымен республикалық фестивалдің жеңімпазы (ІІІ орын), «Шығармашылық ізденіс» республикалық сайысының жеңімпазы, баспаның өткізілуімен «Келешек-2030» (І орын), «Білімдегі ақпарат» облыстық фестивалінің жеңімпазы, «Ең үздік авторлық жоба» номинациясында І орын. «Ботаника бойынша дамытушы есептер жинағы» және «зоология бойынша 6-7 сыныптарға арналған дамытпалы есептер жинағы» Қазақстан Республикасы бойынша барлық мектептерге таратылған.
Гульнар – шығармашыл, белсенді тұлға. Өмірлік ұстанымы: төзімділік пен қажырлы еңбек бәрін де жеңбек. Ұстаз алға қойған мақсатқа асқан құлшыныс пен қажырлы еңбектің арқасында ғана жетуге болады деп санайды. Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық әдістерді енгізу мен жетілдіруге басты назар аудара отырып, жаңа материалды түсіндіру барысында ақпараттық технологияларды ұтымды қолданады.2012 жылы өткен инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңінде II орынды және республикалық кезеңінде III орынды иеленді.
Райхан Әскербекқызы – жауапкершілігі жоғары, үнемі ізденіс үстінде жүретін шығармашыл педагог. Ол қазіргі заманғы білім тенденцияларына сәйкес жұмыс істеп, үнемі өзін жетілдіріп отыру қажет деп санайды. Райхан Әскербекқызының оқушылары облыстық, республикалық деңгейлердегі ғылыми жоба сайыстарының жүлдегерлері. Ол - жаңа технологияларды табысты игеріп, оларды жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу процесінде шеберлікпен пайдалана білетін ұстаз. Өзінің өмірлік ұстанымын Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген сөздерімен анықтайды.
№236 орта мектебінің педагог-психологы Тагиева Индира Таваккулқызын шығармашылыққтолы өмірге бағыттайтын жарық факел деуге болады.Шығармашылығына ұйтқы болған іздемпаздық қасиеті оның білім берудегі жаңа технологияларды біліп ғана қоймай, оларды нәтижелі түрде өзінің іс-тәжірибесінде пайдаланады. Оның іс-тәжірибесі әдістемелік журналдар, жинақтар және басқа да баспа беттерінде жарыққа шыққан. Ол «Жылдың үздік психологы» атты облыстық сайыстың жеңімпазы, республикалық сайыста ІІ дәрежелі дипломмен мадақталды. Оның жеңістерінің көрсеткіші шығармашылығы мен шеберлігінде емес, шәкірттерінің өзі сияқты ғылымды сүйіп, жұмыс істеуіндегі қарқындылығы жатады. Оның оқушылары нағыз тәжірибелі психологтар сияқты үлкен зерттеу жүмысын жүргізіп, теориялық мәліметтер жинақтап, жыл сайынғы оқушылар мен студенттер арасындағы конференцияларға қатысады. Бұл үнемі жүргізілетін күн сайынғы, сағат сайынғы, минут сайынғы қиын жұмыс өзінің нәтижесін берді. Индира Таваккул-қызы қоршаған адамдарына күннің шуағындай көңіл, шаттық, жақсы қасиеттер мен өмір сүруге үлкен талпыныс береді.