Айя Фазыловна – шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагог-психолог. Оның өмірлік ұраны: «Үйрен! Ізден! Қолдан! Үйрет!» Оның ойынша білім беру орындарында психолог маманының маңызы зор деп есептейді, себебі оқушылардың әр түрлі мәселелерді шешуге, өзін түсініп және өз орнын табуға көмектессе, ұстаздар қауымына оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ғылыми тұжырымдамаларды дайындауға қамтамасыз етеді. Бірнеше ұсынымдар жазып, әр түрлі басылымдарда жариялаған. «Үздік жыл психологы» республикалық сайысының жеңімпазы. Білім саласындағы жетістіктері үшін көптеген мадақтамалармен марапатталған. Айя Фазыловна, оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа психологиялық тренингтер ойлап тауып, «Дарындылық психология» ғылымның дамуына өз үлесін қосқысы келеді.
Татьяна Георгиевна ұстаз болу – мамандық қана емес, жүрек қалауы деп санайды. Әр оқушысының табысы ұстаздың баланың қабілетіне деген сеніміне, оның табандылығына, төзімділігіне, уақтылы көмек қолын созуына байланысты. Оның оқушылары интеллектуалдық конкурстар мен олимпиадаларда жылда жүлделі орындарды иеленеді. Татьяна Георгиевнаоқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі.Оның жетекшілігімен оқушылардың жазған ғылыми жобаларын қазылар алқасы жоғары бағалады: оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарында «Механизмы создания экспрессивности в мужских и женских детективах» деген жоба 1–орынға; «Лингвостилистические особенности молодежного политического дискурса» («Нұр Отан» партиясы жастар қанатының көшбасшыларының сөйлеген сөздерінің негізінде), «Виртуальная реальность в романе «Ночной дозор» С.Лукьяненко как прием создания художественного мира произведения» және т.б. жобалары 2-орынға ие болды. «Егер он қадам жасау қажет болса, тоғызы жүріп қойса – тек жолдың жартысы өтті», - деп санайды Татьяна Георгиевна.
Нұргүл Кулжагазиновна – жұмысында қазіргі заманғы психологиялық -педагогикалық көзқарасты пайдаланатын креативті ұстаз. Еңбексүйгіштігі мен біліктілігінің, үнемі ізденіс үстінде жүруінің арқасында қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізді. «Ұстаз - адам жанының бағбаны» деген сөздер ұстаздың өмірлік ұстанымы. Осы халық даналығын басшылыққа алып шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, жақсы қасиеттердің дәнін себуге, бойларындағы интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеттерін ашуға ұмтылады. Нургуль Кулжагазиновна – бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы қалалық, облыстық олимпиадалардың, 2009 жылғы «Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің үздік жетекшісі» облыстық конкурсының бас жүлдегері. 2010 жылы «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы өткізген VII республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсында ІІІ орынды иеленді. Нұргүл Кулжагазиновнаның оқушылары - түрлі деңгейлердегі олимпиадалардың бірнеше мәрте жүлдегерлері. 2011 жылғы балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсында оқушысы Русланов Мәди ІІІ орынды жеңіп алды. Нұргүл Кулжагазиновна математикадан республикалық «Бастау» турнирінде 2010 жылы ІІІ орынға ие болған «Индиго» командасының жетекшісі болып табылады.
Василий Васильевич – жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі. «Физикалық құбылыстар мен процестермен танысу (5-6 сынып)» курсы арқылы дарынды оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту» деген тақырып бойынша 5жыл бойыжұмыс істей жүріп, ол өз сабақтарында ізденісті, шығармашылық ортаны қалыптастыруға, табиғат туралы ең қызықты ғылымға оқушыларды қызықтыруға тырысады.«Білімді үйрету процесі қызықты әрі сәтті болуы үшін, мұғалім анда – санда болсын күнделікті өмірден арылып, физиканың терең сұлулығын сезінуі қажет», – деп санайды. Василий Васильевич үнемі өз біліктілік деңгейін арттыру үшін жұмыс істейді. Ол – түрлі деңгейлердегі семинарлар мен ғылыми–практикалық конференциялардың, педагогикалық шеберлік конкурстарының белсенді қатысушысы. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлдегері. Василий Васильевичтің оқушылары – түрлі олимпиадалардың жүлдегерлері. Оның түлектері Қазақстан мен шетелдердегі жетекші жоғарғы оқу орындарында табысты білім алып жатыр. Олардың көпшілігі физикаға байланысты мамандықтарды таңдаған. Василий Васильевич бос уақытында белсенді демалыспен, балық аулаумен, аспаздықпен айналысады.
Балауса работает учителем в Назарбаев Интеллектуальной Школе и преподает биологию. Онасчитает: «Diligence is the mother of good fortune» («Ынтажігер- сәттіліктіңанасы»). В своей педагогической деятельности большое внимание уделяет выявлению и развитию одаренности школьников. В республиканской педагогической олимпиаде «Талантливый учитель – одаренным детям», заняла 3 место. В будущем, учитывая современные требования к компетентному специалисту (в частности, педагогу), Балауса планирует в совершенстве освоить английский язык и информационные технологии и применить новые знания в процессе преподавания учебного предмета. Балауса Назарбаев Зияткерлік мектебінде биология пәнінен сабақ береді. Ол: «Diligence is the mother of good fortune» («Ынта, жігер - сәттіліктің анасы») депсанайды. Өзінің ұстаздық қызметінде оқушылардың дарындылығын анықтап, дамытуға көп мән береді. Еңбек өтілі 3 жылға дейінгі ұстаздар арасында өткізілген «Талантты ұстаз – дарынды балаларға» деген республикалық педагогикалық олимпиадада 3-орынға ие болды. Болашақта білікті маманға (жеке алғанда, ұстазға) қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, Балауса ағылшын тілі мен ақпараттық технологияларды жетік меңгеріп, жаңа білімін пәнді оқыту процесі кезінде қолдануды жоспарлайды.
Наталья Ивановна – көп жылдық еңбек өтілі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз. Ол дарынды балалармен жұмысқа көп көңіл бөледі. Оның оқушылары жылда түрлі деңгейлердегі интеллектуалдық олимпиадалар мен жарыстарда жүлдегер болады. Наталья Ивановна: «Ізденген жетер мұратқа!» деп санайды. Ол – түрлі семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, педагогикалық шеберлік конкурстарына белсене қатысып отырады. Дарынды балалармен жұмыс бойынша инновациялық–педагогикалық идеялардың республикалық фестивалінің жүлдегері. Наталья Ивановнабос уақытындакітап оқуға әуес. Оның хоббиі - интерьерлерге дизайн жасау, киім үлгісін жасау, саяхат, классикалық музыка. Болашақ жоспары – лицей оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты жалғастыру.
Майра Нурбековна – тәжірибелі психолог. Оны айыра танытатын, кәсіби құзырылығы, жауапкершілігі, еңбекке қабылеттілігі, шығармашылығы, балалармен және ата-аналармен қарым-қатынас кезінде кішіпейілділік көрсету. Жұмыс барысында басшылықка алатын өмірлік кредосы: «Жолды жүрген жеңеді». Майра Нурбековна – жан-жақты адам, оның ой-өрісінің ішіндегі қызығушылақтары - өзінің жақсы қасиеттерін, қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіру, адамдарды тану, кәсіптік және заманауи әдебиеттерді оқу. Шалтаева М.Н. 2006 ж. облыстың білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ШҚО білім департаментінің құрмет грамотасымен марапатталды, 2010 ж. инновациялық педагогикалық бастамалардың облыстық фестивалінің жеңімпазы. Облыстық психологтар арасында өткен «2012 жылдың ең үздік психологы» атының иегері, республикалық «2012 жылдың ең үздік психологы» сайысында 2 орын алды. Майра Нурбековнаның оқушылары - облыстық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары сайыстарының жүлдегерлері (2010, 2011 жылдары), С. Аманжолов атындағы ШҚМУ психология кафедрасы ұйымдастырған психологиядан облыстық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары.
Гүл Абдыгануовна – білікті маман иесі, жаңашыл ұстаз. Оқушыларының түрлі интеллектуалдық олимпиадалардағы жеңісі – педагогикалық шеберлігінің тамаша айғағы. Халықаралық, республикалық, облыстық олимпиада, ғылыми жоба жүлдегерлерін дайындаған дарынды ұстаздардың бірі. Оқушысы Даулетканова Еркежан Мәскеу қаласында өткен халықаралық жоба сайысында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Гүл Абдыгануовна білімді дамытуға қосқан үлесі үшін, дарынды балалармен жұмыс табыстары үшін «Қалалық Кәсіподақ ұйымының мадақтама грамотасымен», ШҚО білім басқармасы мақтау қағазымен, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың алғыс хатымен марапатталған. Өзі жайлы: «Облысымыздың әрбір ауданынан келген дарынды балаларды өрісі кең, жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеп, дара тұлға боп қалыптасуына өз үлесімді қосу менің өмірдегі ұстанымым болып табылады»- дейді.
Нұрқасымова Әсел Ертайқызы озық ойлы, шығармашылықпен жұмыс істейтін тәжірибелі ұстаз. Әсел Ертайқызы өзіне де өзгеге де жоғары талап қоя отырып, педогогикалық шеберлігін шыңдауда. Сабақтары қазіргі заман талабына сай дамыта оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызуғышылығын арттырып, өз бетінше білім алуға құштарлығын оятып, шығармашылықпен ізденуге ұмтылдырады. Әсель Ертайевна көпқырлы: және ән айтып, би билейді, өз жадынан өлең жазады.Ұстаздың жан-жақтылығының арқасында аймақтық, аудандық, облыстық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болады. Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің 3 дәрежелі дипломымен марапатталды.
Нағыз, мықты психолог болу үшін бейімділік қажет. Осы қабілетті ұштау үшін Лаззат Габдылгабаровна өзінің кәсіби шеберлігін арттыру жолындағы ізденісінде шығармашылықпен талмай еңбек етуде. Жаңалықты тануға талпынысы мен өз бойындағы қажыр-қайраты, еңбексүйгіштігінің арқасында «Үздік жыл психологы» облыстық конкурсында І орынды иеленіп, республикалық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломының иегері атанды. Психология ғылымындағы жаңалықтарды зерттей жүріп түзету – дамытуға арналған өзінің авторлық бағдарламасын және әдістемелік оқу құралын әзірледі. Өз мамандығына сенімі мен сүйіспеншілігі мол, кәсібінің майталманы, мақсатқа жетуде рухани күш-жігерін, парасат қуатын аямайтын Лаззат Габдылгабаровна табыс кілті осындай құндылықта деп біледі.
Лимара Слямханқызы – шығармашылықпен жұмыс атқаратын ұстаз. Белсенді өмірлік айқындама, оқушытабыстарына шынайы ынталылық, оқытудың жаңа жолдарын ұдайы іздеуоныбасқалардан ерекшелейді. Жыл сайын ғылыми-практикалық семинарларда, облыстық, республикалық, халқаралық деңгейдеге ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады. Авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдардың авторы. 2015 жылы республикалық «Үздік авторлық юбағдарлама» конкурсының жүлдегері. Лимара Слямхановнаның оқушылары бірнеше мәрте қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары.
Шынар Сұлтанқызы – шығармашыл, білікті ұстаз. Білім парадигмасының түбегейлі өзгерген заманындағы басты талаптардың бірі - оқу-тәрбие үрдісінде технологияларды қолдану оның педагогикалық қызметінінің өзегі саналады. Шынар Сұлтановна - IX Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының ІІІ орын, халықаралық «Үздік пресс-центр журналисті - 2012» конкурсының ІІІ орын иегері. Оқушылары облыстық, халықаралық сайыстарға қатысып жеңімпаз атануда. Шынар Сұлтанқызы – оқушылардың таным әрекеттерін дамытуда жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін орынды пайдалана отырып, оқушы белсенділігін арттырушы, шығармашылықпен жұмыс атқарушы ұстаз.