+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek

УЛЬЯНОВА МАРИНА СЕРГЕЕВНА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ № 6 ГИМНАЗИЯНЫҢ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
УЛЬЯНОВА МАРИНА СЕРГЕЕВНА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ № 6 ГИМНАЗИЯНЫҢ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Марина Сергеевна - зерделі, жасампаз және талантты педагог, білімдегі болып жатқан жаңалықтардан үнемі хабардар болып, оларды апробациялап, өз жұмысында қолданады. Республикалық басылымдарда өзінің іс-тәжірибелерімен ой бөліседі, физика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін авторлық курс бағдарламасын құрастырды. Ол сезімталдығымен, адамдарға достық қарым-қатынасымен, жоғары педагогикалық іскерлігімен ерекшеленеді және әріптестері мен ата-аналар арасында құрметке ие.

Жыл сайын оның оқушылары облыстық, республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары атанады. 2016 жылы Мустафа Исмағанбетов физика пәні бойынша республикалық олимпиадада – ІІІ орынды иеленді. 

КАЙРБЕКОВА ЭЛЬМИРА МАНАЕВНА, Өскемен қаласындағы № 34 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
КАЙРБЕКОВА ЭЛЬМИРА МАНАЕВНА, Өскемен қаласындағы № 34 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Эльмира Манаевна – мұғалімдердің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын іске асыруды ұйымдастыратын, инновациялық технологиялар мен оқытудың ғылыми әдістерін еркін меңгерген шығармашылықпен жұмыс атқаратын ұстаз.

Мектептің жұмыс тәжірибесі 2013 жылы облыстық семинарлар мен білім қызметкерлерінің Педагогикалық оқуларында көпшілік назарына ұсынылды. Материалдар республикалық жинақта, 2015 жылы  «Білімдегі инновация» журналында жарияланды.

7 сынып  «Қазақстан тарихы бойынша сандық білім беру ресурстары» бойынша авторлар тобы ұжымының құрамына енді (2012 жыл 12 маусым куәлік № 670). Оның оқушылары облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадалардың жүлдегерлері. Жанахметова Мира – 2015-2016 оқу жылында гуманитарлық пәндер циклы бойынша оқушылардың пәндік олимпиадасының жүлдегері (3 орын) атанды.

СТАРОЖИЛОВ ЮРИЙ ПЕТРОВИЧ, ШЕМОНАИХА АУДАНЫ, Н. А. ОСТРОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
СТАРОЖИЛОВ ЮРИЙ ПЕТРОВИЧ, ШЕМОНАИХА АУДАНЫ, Н. А. ОСТРОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Юрий Петрович – ауданда және облысымызда кәсіби білім беру жүйесінің құру бастамашыларының  бірі. «Мәңгілік Ел» тәрбиелік-білімдік орталығының басшысы. Білім саласындағы еңбегіне орай «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі және ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау  қағазымен, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны  үшін «Құрмет белгісі» ордені, «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Анжелика Старожилова - 2015-16 оқу жылында республикалық олимпиаданың жүлдегері (3 орын).

МУКАНОВА АЙНУР МУРАТОВНА, Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
МУКАНОВА АЙНУР МУРАТОВНА, Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Айнур Муратовна мамандығына шексіз тәнті болған, үздіксіз оқу мен өзін ұдайы жетілдіруге даяр қабілетті жан. Оқытушының басты мақсаты – оқушылар шығармашылығының өзіндік дамуын жетілдіру. Кәсіби біліктілігі мен оқушыларының жоғары көрсеткіштері үшін Алғыс хаттар және грамоталармен марапатталған. Тәжірибеде түрлі технологияларды белсене қолдана отырып Айнур Муратовна жұмысына шығармашылықпен қарайды. Осы жылдар аралығында түрлі семинарлар, конференциялар мен конкурстарға қатысты. «Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт - 2015» педагогикалық жобалар республикалық конкурсының облыстық кезеңінде III дәрежелі дипломмен марапатталды. «Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт-2015» педагогикалық жобалар республикалық конкурсының аймақтық кезеңінде III дәрежелі диплом иегері атанды. Айнұр Муратовнаның оқушылары облыстық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсына қатысып, жүлделі орындарды иеленеді:

- Джұмабаев Темірлан 2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін пәндерден орыс тілі бойынша республикалық олимпиадада ІІІ орын, 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндерден қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Қазақ тілінде оқытатын орыс тілі» пәні бойынша республикалық олимпиадада ІІ орын;

- Орыс тілінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 10 сынып оқушысы Алимбек Жасұлан ІІІ орынды және 10 сынып оқушысы Джумабаев Жасұлан ІІ орынды иеленді;

- Қазақ-түрік лицейі оқушылары арасында «КАТЕV» МОФ ұйымдастырған пән олимпиадасында 7 сынып оқушысы Шаденов Мейржан ІІ жүлделі орынды иеленді.

ДЮСУПОВА ЛИЗА СЫГАЕВНА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ, Қ. НҰРҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ № 43 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
ДЮСУПОВА ЛИЗА СЫГАЕВНА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ, Қ. НҰРҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ № 43 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Лиза Сыгаевна жұмысында Д.С. Лихачевтың «Учительство - это искусство, труд не менее творческий, чем труд писателя или композитора, но более тяжелый и ответственный. Учитель обращается к душе человеческой не через музыку, как композитор, не с помощью красок, как художник, а впрямую» сөзін басшылыққа алады.

Оның педагогикалық жұмысының мақсаты: орыс тілі мен әдебиеті тәсілдері арқылы тұрақты даму негізінде шешім қабылдауға қабілетті, өз қасиеттерін ұдайы жетілдіруге, басқа адамдармен диалог пен бірлескен іс-шаралар жасауға даяр жеке тұлға келбетін қалыптастыру болып табылады. Педагогикалық қызметінде орыс тілі мен әдебиеті сабақтары және сабақтан тыс уақытта заманауи технологиялар: дамыта оқыту, ынтымақтастық, модульдік оқыту, жобалап оқыту,  ойын технологиялары элементтерін кеңінен қолданады.

Лиза Сыгаевнаның оқушылары қалалық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Жадыкова Еркежан – орыс тілінен республикалық олимпиада мен ҒЖК жүлдегері (2016 ж). Кудерова Айгерим, Жадыкова Еркежан, Мукушева Арай, Ольчикенова Гулмира, Кенжеханова Жанерке – қалалық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары. 

ОМАРОВА ЖҰМАБИКЕ КАБДУЛЛАЕВНА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
ОМАРОВА ЖҰМАБИКЕ КАБДУЛЛАЕВНА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Жұмабике Кабдуллаевна бастамашыл және мақсатқа талпынған ұстаз. Жеке тұлғаның кәсіби бағыттылығында арнайы тест адамның кәсіби бағдарды ұйымдастыруды барлауы мен интеллектісі, пәндік ортақ мәдениеті және оқу-әдістемелік даярлығының деңгейін көрсетеді. Оқу тәжірибесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды сәтті қолданады. Қазіргі уақытта өзінің кәсіби құзыреттілігін белсенді дамыту кезеңінде.

Өзінің шығармашылық әлеуетін Жұмабике Кабдуллаевна түрлі конкурстар, конференциялар мен семинарларға қатысу арқылы жүзеге асырады. 2012-2013, 2013-2014 оқу жылдары қазақ тілі бойынша қашықтық олимпиадаға қатысты (нәтижесі тамаша, ұйымдастырушы – «Дарын» ӨҒПО). 2015-2016 оқу жылында мұғалімдердің «Ұстаздық еткен жалықпас» республикалық конкурсына қатысып 1-ші орынды жеңіп алды. Сол жылы ол республикалық «Үздік сабақ» сабақ әзірлемелері конкурсында 3 орынды иеленді.

Ұстаз лицейдің дарынды оқушыларымен жұмыста бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Жыл сайын лицей оқушылары қазақ тілінен пәндік олимпиадалардың қалалық және облыстық кезеңдерінің жүлдегерлері атанады. Лицей оқушылары қазақ тілінен бірнеше мәрте олимпиадалардың республикалық кезеңінің және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. 2014 жылы Бобко Екатерина Қ.Бітібаева атындағы халықаралық олимпиадада 1 орын алды, ал 2015, 2016 оқу жылдары пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінде 1 орынды иеленді.

СТРОЙ ЕЛЕНА ВИТАЛЬЕВНА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №6 ГИМНАЗИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
СТРОЙ ЕЛЕНА ВИТАЛЬЕВНА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №6 ГИМНАЗИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Елена Витальевна өз жұмысында заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланып, жарқын да эмоциалы, қызықты ақпаратқа толы сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өз бетімен құрастырып презентациялайды. Елена Витальевнаның кәсіби дамуының дәлелі - оның үнемі конкурстарға, конференциялар мен семинарларға қатысуының арқасы. 2015-2016 оқу жылында Жалпыресейлік «Умната» конкурсының «Построение урока в соответствиис ФГОС» Блиц олимпиадасында 2 орынды иеленді.

Мұғалімнің іс-тәжірибесі әр түрлі деңгейде жариялау арқылы қорытып жинақталды.

2015-2016 оқу жылында білім қызметкерлерінің әлеуметтік желісінде өзінің дербес сайтын құрды.

Мұғалімнің жұмыс нәтижелілігі мен шығармашылығы оқытуда жоғары көрсеткіштерге жетуіне негіз болып отыр. Орыс тілі пәні бойынша – 73,2%, әдебиеттен - 87% білім сапасын көрсетті.

Елена Владимировна оқушылары креативтіліктері мен жеке тұлғалықтарын көрсететін қалалық және облыстық шығармашылық сайыстардың белсенді қатысушысы. Осы жетістіктері үшін ол бірнеше рет дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды. Ең басты жетістіктерінің бірі – 2015-2016 оқу жылында 10 сыныптағы оқушысы Жук Анастасияның.

НУРГОЖАНОВА САУЛЕ АГЗАМОВНА
НУРГОЖАНОВА САУЛЕ АГЗАМОВНА

Сауле Агзамовна – Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі. Шығармашылықпен жұмыс атқаратын тәжірибелі маман. 2015 жылы Сауле Агзамовна мұғалімдер арасында өткен республикалық қашықтық олимпиадада неміс тілі пәнінен 3 орын, физика пәні бойынша неміс тілінде өткізген шоғырландырылған сабағы қалалық сайыста 1 орынды иеленді.

Мұғалім шет тілінің коммуникативті оқыту әдістемесін жетік меңгерген. ҰБТ қорытындысы бойынша соңғы бес жыл ішінде оның түлектері 100% білім сапасын көрсетіп келеді. Оқушылары неміс тілі пәні бойынша өткен қалалық, республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленді.

Сауле Агзамовна республикалық олимпиаданың екі жүлдегерін даярлады. Оның оқушылары – Семенова Полина мен Отт Инна 2016 жылы Петропавловск қаласында 10 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиадада 3 орынды иеленді.

ЫҚЫЛАСОВА ӘСЕЛ ЖЕҢІСҚЫЗЫ, БОРОДУЛИХА АУДАНЫ, НОВОПОКРОВКА АУЫЛЫ, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ  ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ  МҰҒАЛІМІ
ЫҚЫЛАСОВА ӘСЕЛ ЖЕҢІСҚЫЗЫ, БОРОДУЛИХА АУДАНЫ, НОВОПОКРОВКА АУЫЛЫ, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Әсел Жеңісқызы – шығармашыл, ізденімпаз ұстаз. Өзіне де, өзгеге де талап қоя біледі. Әсе Жеңісқызының шәкірттері облыстық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, конкурстардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанып отыр. 2015-2016 оқу жылында оқушысы Олжабаева Шырын «Абай оқулары» конкурсының облыстық кезеңінде І орынды иеленіп, олимпиаданың республикалық кезеңінде алтын медалін жеңіп алды.

ИСАХАНОВА ГҮЛНАЗ МӘЛІКҚЫЗЫ - ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП-ГИНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
ИСАХАНОВА ГҮЛНАЗ МӘЛІКҚЫЗЫ - ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП-ГИНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Гүлназ Мәлікқызы - әр ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, оқушы жүрегіне жол таба білетін, озық технологияларды, әдіс-тәсілдерді меңгеруде үнемі ізденісте жүретін жаңашыл ұстаз. Әр сабағында оқушының танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасап, оның тұлғалық қабілетін шыңдалып жетілуіне үлкен мән беріп отырады. Оқушылардың өздігінен ізденіп жұмыс жасауына көп көмек көрсетеді. Мәселен, 2015-2016 оқу жылы оның оқушысы Мықтыбаева Мадина гуманитарлық цикл бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде - 1 орынды (қазақ тілі мен әдебиеті), ал республикалық кезеңінде - 2 орынды иеленді.

МҰҚАШЕВА МЕРУЕРТ ҚОЗЫҚАНОВНА, ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП-ГИНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ МҰҒАЛІМІ
МҰҚАШЕВА МЕРУЕРТ ҚОЗЫҚАНОВНА, ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП-ГИНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ ЖОҒАРЫ САНАТТЫ МҰҒАЛІМІ

 Оны еңбексүйгіштігі, турашылдығы мен жауапкершілігі үшін аса құрметтейді.

Облыстық, республикалық деңгейдегі конкурстарға бірнеше мәрте қатысып жүлделі орындарды иеленді. Мәселен: 2001 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Үздіктердің үздігі» республикалық конкурсы – 1 орын; 2002 жылы дарынды балаларды оқытуда инновациялық әдістерді қолданатын ұстаздар арасындағы екінші Республикалық «Ең үздік жаңашыл ұстаз» фестивалі – 1 орын; 2008 жыл V Республикалық иновациялық идеялар фестивалінде жүлделі 1 орынды жіңіп алды.

Меруерт Қозықановна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары және дипломдарымен марапатталған. 2005 жылы ұстаз Мемлекет басшысының еліміздің ең үздік оқытушыларымен кездесетін салтанатты жиынына Астана қаласына шақырылды.

Меруерт Қозықановнаның оқушылары қалалық, облыстық және республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленеді. 2015-2016 оқу жылында: Мадина Мықтыбаева республикалық олимпиада – 2 орын; Мадина Мұқашева «Жарқын болашақ» конкурсының облыстық кезеңінде - 2 орын; Еркежан Серікжанова «Ақ берен» республикалық сайысында 1-орынды иеленді.

АЛИМГАЗИНА АЛМАГУЛ ТОКЕНОВНА,  ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
АЛИМГАЗИНА АЛМАГУЛ ТОКЕНОВНА, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Алмагул Токеновна – өз пәнін оқыту әдістемесін еркін меңгерген және үнемі ізденіс үстінде жүретін зерттеуші, жаңашыл – ұстаз. Ұлы философ Ж. Баласағұнның «Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі» деген сөздерін өзінің өмірлік ұстанымы ретінде санайды. Алмагул Токеновна «Тіл мәдениеті курсын оқыту» атты үздік авторлық бағдарламаның республикалық конкурсының жүлдегері.

«Қазақ тілі мен әдебиетінен сыныптан тыс жұмыстар», «Қазақ тілінен мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға даярлау іс-тәжірибемнен» атты әдістемелік жинақтардың авторы.

Алмагул Токеновнаның оқушылары облыстық, республикалық байқаулар мен олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан көрініп келеді. 2015 – 2016 оқу жылында 10-сынып оқушысы Насырова Еркежан «Мәңгілік Ел идеясының жыраулар поэзиясындағы көріністері» атты ғылыми жобасы облыста 3-орын; «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық шығармалар байқауынан 1-орын; облыстық пәндік олимпиададан 1-орын; республикалық пәндік олимпиададан 3-орынды иемденді. Оқушысы      Қалымбекқызы Талшын республикалық «Мен – қазақстандықпын» шығармалар байқауынан 2-орынды иеленді.

Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудағы «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған, жаңа технологияларды табысты игерген, оларды жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу процесінде шеберлікпен пайдалана білетін ұстаз.

бiрiншiсi 1 3 4 5 кел. соңғысы соңғысы