Күльзия Әзілбекқызының өмірлік ұстанымы – жетістікпен тоқтап қалмай, өзінің педагогикалық қызметіне кіріктіре отырып жаңалықты тануға талпыну. Оның оқушылары жыл сайын әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарда жүлделі орындарды иеленеді. Мәселен, 2014-2015 оқу жылы оның оқушылары Уәлибекова Ділдә гуманитарлық пәндер цикліндегі олимпиадасында 2 дәрежелі диплом, республикалық «Абай оқулары» конкурсында 1 дәрежелі дипломмен, Түгелжанова Марал гуманитарлық пәндер цикліндегі олимпиадасында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ирина Анатольевна шығармашыл, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін сәтті жүзеге асыра алатын әдістемелік тұрғыдан сауатты педагог. Оқытудың жоғарғы сапасын ұдайы тұрақты түрде қамтамасыз етіп келеді. Ирина Анатольевна жүйеде оқушыларға дифференциалды қатынасты ұйымдастырады, мектеп оқушыларымен жеке және сыныптан тыс жұмысқа өте көп көңіл бөледі. Үрдісте туындаған әр жақты қиын педагогикалық сәттерді шешеді және әрбір тәрбиеленушінің жүрегіне жол таба алады. Оқу ынтасын дамытумен белсенді түрде жұмыс істейді, оның оқушыларының арасында әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен сайыстардың қатысушылары мен жүлдегерлері бар. Әріптестері, ата-аналар мен оқушылар арасында құрметке ие.
Тамара Сергеевна ҚР білім беру ісінің үздігі. Биология пәнінен республикалық қашықтық олимпиаданың күміс жүлдегері. Екатеринбург қаласында негізгі ғылымдар саласы бойынша өткен оқушылардың халықаралық олимпиадасына жеңімпаздарды даярлағаны үшін ШҚО білім басқармасының грамотасымен марапатталған. Тамара Сергеевнаның оқушылары әртүрлі деңгейдегі облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанған.
Галина Анатольевна – шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз. ҰБТ бойынша үздік нәтижеге ие, соңғы екі жылда орташа ұпай көрсеткіші 19,4 құрады. ШҚО білім беру саласында бақылау бойынша Департаменттің мадақтау қағазымен марапатталды. Математика мұғалімдері съездінің делегаты. Облыстық және республикалық басылымдарда көптеген еңбектері жарияланған. Оқушылары – математика пәнінен әртүрлі деңгейдегі олимпиадалардың бірнеше мәрте жүлдегері. Галина Анатольевна жаратылыстану-математика цикліндегі пәндерден республикалық Президенттік олимпиаданың қола жүлдегері Васильев Василийді даярлады.
Роза Бабыкеновна – озық үлгідегі технологияларды өз жұмысында белсенді пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз. Соңғы бес жылда неміс тілінен республикалық олимпиаданың 23 жүлдегерін тәрбиеледі, оның оқушылары әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарда 60 жуық жүлделі орындарды жеңіп алды. Роза Бабыкеновна неміс тілін кеңінен тарату және неміс тіліндегі іс-шараларды ұйымдастыруда белсенді көмек көрсетіп, білім сапасын арттырудағы шығармашылық жұмыстары үшін ШҚО білім басқармасының грамоталарымен марапатталды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталды.
Ақерке Мұратқажықызы өз іс-тәжірибесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланып, компьютерлік тенологияны қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Түрлі семинарлар мен конференциялардың белсенді қатысушысы. Жазған мақалалары баспасөз беттерінде жарияланған. Мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласады. Ақерке Мұратжанқызының оқушылары әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері. 2014-2015 оқу жылында Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткен республикалық олимпиаданың жүлдегерін дайындаған тәжірибелі ұстаз. Ақерке Мұратқажықызының қажырлы еңбегі бағаланып, арнайы алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
Бейбіткүл Қинаятовна – өз пәнін ерекше сүйетін, білікті және балаларға білімді шығармашылықпен қызықты етіп жеткізе алатын құзырлы мұғалім. Өз іс-тәжірибесінде дәстүрлі оқыту жүйесінің формалары мен әдістерімен қатар, оқу мен жазуды сыни тұрғысынан ойлау, белсенді, проблемалық, дамыта оқыту технологияларының элементтерін пайдалана отырып, зерттеушілік және жобалау әрекеттерін дұрыс қолдана біледі. Оқушыларды әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындауға белсенді араласады. Бейбіткүл Қинаятовнаның оқушылары әр түрлі деңгейдегі олимпиадалардың жүлдегерлері болып табылады. Оқушысы Исполов Жасұлан гуманитарлық пәндер циклы бойынша өткен оқушылардың республикалық олимпиадасының бірнеше жыл (2013 ж., 2014 ж., 2015 ж.) қатарынан жүлдегері атанды. Ал Жаирбаев Артур – гуманитарлық пәндер циклы бойынша 2015 жылы өткен оқушылардың республикалық олимпиадасының жүлдегері.
Әшім Ахметоглының педагогикалық шеберлігін жетілдіруге талпынысы мен оқыту және оқушыларды бағалауда жеке тәсілді пайдалануға құлшынысы ерекшелейді.
Әшім Ахметоглы оқушыларға тек химия негіздерін үйретіп қана қоймайды, сонымен бірге, әр істің мәніне дербес әрекет етуге, ерік-жігерін шыңдайтын сайыстарға әрдайым даяр болуға машықтандырады. Лицейде ұйымдастырылған. «Химиялық қоспалардың қасиеттері». үйірмесінде Әшім Ахметоглы балаларды ғылыми жұмыс негіздерін жүргізуге, ғылыми қызметке қызығушылықтарын оятып, командалық және дербес жұмыс атқаруға бейімдейді, сонымен бірге, пән бойынша оқушыларды түрлі деңгейдегі олимпиадаларға даярлайды.
Әшім Ахметоглының жұмысының нәтижелігін оқушыларының түрлі деңгейдегі олимпиадалардағы жеткен жеңістері растайды. Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы - Смағұлов Азамат ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, Халықаралық Менделеев олимпиадасының қола жүлдегері, республикалық олимпиаданың 2013-2016 жеңімпазы. Каттабаев Нурлыбек – 2015-2016 оқу жылы аралығында жартылыстану-математика (химия) бағыты бойынша республикалық олимпиадада 3 орынды иеленді.
Серік Талғар – 2016-2017 оқу жылында жаратылыстану-математика циклындағы пәндер бойынша Павлодар қаласында өткен республикалық олимпиада жүлдегері (2 орын); 2017-2018 оқу жылында жаратылыстану-математика циклындағы пәндер бойынша Атырау қаласында өткен республикалық олимпиада жеңімпазы (1 орын). Рахымғалиев Нұржан – 2017-2018 оқу жылында химиядан Қ. Сәтпаев атындағы республикалық олимпиадада алтын (1 орын) және жаратылыстану –математика циклындағы пәндер бойынша Атырау қаласында өткен республикалық олимпиадада күміс медальдар иегері (2 орын). Алибеков Мансұр – 2017-2018 оқу жылында жаратылыстану-математика циклындағы пәндер бойынша Атырау қаласында өткен республикалық олимпиаданың жүлдегері (2 орын) және Бектуров атындағы Халықаралық химиялық олимпиадада (3 орын).
Майра Советбековна – жоғары санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Оның мақсаты – жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, жаңа білімді меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу. Мұғалімдер үшін «Диктанттар жинағы», «Тест жинақтары», «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы», «Қазақ тілі пәнінен ойындар жинағы» атты әдістемелік жинақтарын жариялады; 2014 жылы Семей қаласында халықаралық конференцияда «Тәуелсіз және тіл» баяндамасы, 2015 жылы республикалық «Ұлт ұстазы» журналында «Қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының ойын элементтерін тиімді пайдалану» мақаласы жарыққа шықты.
Майры Советбековнаның оқушылары конференциялар, зияткерлік олимпиадалар мен конкурстардың белсенді қатысушылары. 2014-2015 оқу жылы Анна Раздомина қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы халықаралық олимпиадада 2 орын, ал 2015-2016 оқу жылы республикалық олимпиадада 3 орынды иеленді.
2016 жылдың маусым айында Майра Советбековна облыс әкімінің мақтау граммотасы және сертификатпен марапатталды.
Меруерт Орынгалиевна - терең ғылыми-теориялық даярлығы бар жоғары санатты маман. Ол пәнді оқытудың заманауи технологияларын жетік меңгерген. Оқытушы жұмысының негізгі мақсаты – еңбек іс әрекеті арқылы жеке тұлғаны келбетін қалыптастыру және ой-өрісін дамыту болып табылады.
Меруерт Орынгалиевның оқушылары аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен конкурстардың қатысушылары мен жүлдегерлері атанған. Каримов Жақсылық2016 жылғыпән олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпазы, республикалық кезеңде ІІІ орын және физика пәні бойынша пәндік олимпиадада «Ең үздік ауыл оқушысы» номинациясынжеңіп алды. Сулейменов Мадияр сондай-ақ 2015 жылы информатикадан КИО интернет олимпиадасында ІІІ орынды иеленді, екі жыл (2015 ж., 2016 ж.) қатарынан физика пәнінен КИО интернет олимпиадасының жеңімпазы, І дәрежелі дипломмен марапатталған және «Алтын жүлде». Алдабергенов Жанат 2016 жылы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы өткізген «Қарлығаш ЭКСПО-2017» республикалық ғылыми-техникалық жобалар көрмесінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, Қазақстандық - жас патриоттар Академиясының мүшелігіне қабылданып, куәлік пен медаль иеленді, сонымен қатар патриоттық тәрбие беру байқауына қатысқаны үшін Сертификатқа ие болды.
Ольга Андреевнаның құзыретілік деңгейі жоғары. Ол бағдарламалық материалдарды, пәнді оқытудың заманауи әдістерін, оқу-тәрбие үдерісін талдауды жетік меңгерген. Сабақты жобалау, нысандары мен оқыту әдістерін таңдау барысында мектеп бітіруші түлектерге қойылатын жаңа талаптарға сүйенеді. Мұғалім тәжірибесінің материалдары ақпараттық-ағартушылық «Azbuka.kz» порталында орналастырылған. Оның оқушыларының білім тұрақты болып келеді: ҰБТ бойынша әдебиеттен білім сапасы 100%, орыс тілінен - 91% құрайды.
Ұстаз мектептің гуманитарлық секциясының ғылыми қоғамдастығына жетекшілік жасай отырып оқушылардың шығармашылыққа, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын оятады. 2016 жылы әдебиет пәнінен аймақтық олимпиадада оның оқушысы Дарья Кошовец пен Анна Фомина ІІ орын және Гран-приді жеңіп алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Дарья Кошовец 1 орын, ал республикалық олимпиадада 2 орынды иеленді.
Ольга Андреевнаның бастамасымен мектептің Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының құрамында корей, татар, белорус, украин 4 жаңа этнобірлестік құрылды. Ұлтаралық келісімді нығайту, халық өнерін насихаттаудағы еңбегі үшін 2013 жылы аудандық халықтар Достығы үйінің дипломымен марапатталды.
Бақыт Советқызы – жаңашыл ұстаз, инновациялық технология элементтерін кеңінен пайдалана отырып шеберлік сынып сағаттарын, ашық сабақтар өткізеді. Оқу сабақтарының дәстүрлі емес түрлері, оқушылардың түрлі пәндік-шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, педагог пен оқушының ынтымақтастық әріптестігі мұғалімге оқушыларының тілдік біліктері мен дағдыларының дамуы үшін оңтайлы жағдай және оқу-тәрбие үдерісінің кепілді жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін ерекше көңіл-күй тудыруға көмектеседі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың әдістемесін кеңінен меңгерген білікті маман ретінде оқу жүйесін ұйымдастыруда оқушылардың жеке ерекшелігіне көңіл бөле отырып, талап қоя біледі.
Бақыт Советқызының оқушылары 2000 жылдан бері бірнеше мәрте облыстық, республикалық олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орындар жеңіп алуда.2015-2016 оқу жылдары Наак Рихард жалпы білім беретін пәндер гуманитарлық цикл бойынша республикалық олимпиадада 3 орынды иеленді (орыс тілді оқу мектептеріндегі қазақ тілі).