+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek

РИНАТ СЕРИКОВИЧ ШАКИРТОВ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
РИНАТ СЕРИКОВИЧ ШАКИРТОВ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Ринат Серікович өте тәжірибелі де білікті маман. Көпшілікпен ортақ тіл табыса білуі мен жұмысқа талпынысы оны басқалардан ерекшелейді. Ринат Серікович – өз сабақтарында ағылшын тілін оқытудың шетелдік әдістемесін кеңінен қолданады. Бұл - тілді білуді жаңа биіктерге қол жеткізуге және жастардың білім деңгейін жақсартуға көмектеседі. Өз сабақтарында жағымды ахуал орнатып, оқушылардың шығармашылық белсенділігінің негізінде пәнге қызығушылықтарын қалыптастырады, олардың өзіндік оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандырады. Ұстаздың оқушылары – республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері. Ол балалардың нағыз тәлімгері. Оның шәкірттері - түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары. Ринат Серіковичтің құзыреттілігі, әділдігі мен мәдениеттілігі - олардың көпшілігі үшін үлгі.

Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиада жеңімпаздары: Садуақасов Данияр (2016 ж., 2 орын, 2017 ж., 2 орын); Талғатов Таир (2017 ж., 3 орын), Дикеш Шакарим (2018 ж., 2 орын).

ЮСУПОВ ОЛЖАС АШИМУЛЫ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
ЮСУПОВ ОЛЖАС АШИМУЛЫ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Олжас Ашимұлының қызметінің негізгі бағыты – оқушыларды пәндік олимпиадаға даярлау. Ол педагогикалық шеберлік конкурстарының, ғылыми-практикалық конференциялар мен әртүрлі деңгейдегі семинарлардың белсенді қатысушысы. Олжас Ашимұлы жыл сайын республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлерін даярлайды. 10 сынып оқушысы Смағұлов Азамат ҚР ұлттық командасының құрамында. Өзінің күнделікті қызметінде Олжас Ашимұлы балаларды өздерімен жұмыс жасауға, үнемі жетілдіруге үйретеді. Үздіктер қатарынан көрінуге талпыныстарын жігерлендіреді.

АНВАРОВ НОДИРБЕК РАХИМБЕРДИЕВИЧ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
АНВАРОВ НОДИРБЕК РАХИМБЕРДИЕВИЧ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Өз пәні бойынша терең білімі бар және дарынды балалармен жұмыс жүргізудің педагогикалық ерекшеліктері жетік меңгерген жан-жақты білімді ұстаз. Жұмысқа жоғары қабілеті мен жаңа технологияларды үрдіске ендіруге талпынысы, өз жұмысын және оқушылардың оқу әрекетін ғылыми негізде ұйымдастыруы мұғалімге өз ісінде жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Оның оқушылары жыл сайын облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанып, ҚР ұлттық командасының құрамына енеді.

 СҰЛТАНОВА ЖАНАР ТЕМИРБУЛАТОВНА, №37 мектеп-гимназияның орыс тілі пәнінің мұғалімі, Семей қ.
СҰЛТАНОВА ЖАНАР ТЕМИРБУЛАТОВНА, №37 мектеп-гимназияның орыс тілі пәнінің мұғалімі, Семей қ.

Жанар Темирбулатовна әрдайым шығармашылықта жұмыс атқаратын ұстаз. Жүйелі түрде өз біліктілігін арттырып отырады. Педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында конкурстар мен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. Оның әдістемелік материалдары республикалық баспа беттерінен жарық көреді. Жанар Темирбулатовна дарынды балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жан-жақты жетілген тұлға келбетін қалыптастыруда өзінің қомақты үлесін қосуды. Оның оқушылары олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері атанған. 2014-2015 оқу жылы Толеужанова Нурай жалпы білімдік пәндер бойынша республикалық олимпиадада 1 орынды иеленді. Еңбегі үшін грамоталар және алғыс хаттармен марапатталған.

МЕРУЕРТ ДЕЛДЕРКАНОВНА АБЫЛКАИРОВА, Күршім ауданы, №3 Күршім гимназиясының мұғалімі
МЕРУЕРТ ДЕЛДЕРКАНОВНА АБЫЛКАИРОВА, Күршім ауданы, №3 Күршім гимназиясының мұғалімі

Меруерт Делдеркановна жоғары санатты ұстаз. Өз сабақтарында К. Жанпеисова, Қ. Бітібаева технологияларының элементтерін қолданады. Сабақ жоспарлары басылымдық баспадан жарияланып жүр. Меруерт Делдеркановнаның оқушылары әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар, конкурстар мен жарыстарға белсене қатысады. 2014-2015 оқу жылы оның оқушысы Заданова Махаббат қазақ тілі мен әдебиетінен Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиадада 2 дәрежелі дипломмен марапатталды, «Ақберен» республикалық конкурсының жеңімпазы. Әріптестері мен оқушылары Меруерт Делдеркановнаны өмірге құштарлығы, қорщаған ортасына сүйіспеншілігі мен жоғары мәдениеті үшін қадірлейді.

 НУРГУЛЬ ДЖУМАГАЗЫНОВНА АЙТМУРЗАКОВА,  Жарма ауданы, Георгиевка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
НУРГУЛЬ ДЖУМАГАЗЫНОВНА АЙТМУРЗАКОВА, Жарма ауданы, Георгиевка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Нургуль Джумагазыновна өз сабақтарында Қазақстан Республикасының білім қызметкерлерінің біліктілігін көтеру курстарының бағдарламасында 7 модульге негізделген сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданады.Атқарылған нәтижелі жұмыстың арқасында оның оқушылары әртүрлі деңгейдегі зияткерлік конкурстар мен пәндік олимпиадаларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Мәселен, 2014-2015 оқу жылы 11 сынып оқушысы Дураченко Галина гуманитарлық пәндер бойынша Атырау қаласында өткен оқушылардың олимпиадасында алтын медальды жеңіп алды. Нургуль Джумагазиновна білім саласындағы жемісті жұмысы үшін грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды. 

АМИНГАЗИНОВА АИДА АМИНГАЗИНОВНА,  Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің  қазақ-түрік  лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
АМИНГАЗИНОВА АИДА АМИНГАЗИНОВНА, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің қазақ-түрік лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Аида Амангазиновна шығармашыл ұстаз. Өзінің кәсіби дағдыларын жетілдіру үшін әртүрлі деңгейдегі  ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға ұдайы қатысады. Ұстаздың оқушылары әртүрлі деңгейдегі олимпиадалардың жүлдегерлері. Конкурстағы оқушылардың жеңісі – оның педагогикалық шеберлігінің шыңы. Оқушылардың көзқарасын кеңейту, шығармашылық креативтілігі, «Кітап оқу акциясы» кітапқа әуестігін ояту, көпшілік алдында сөйлеу қабілеттерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған мектепішілік әртүрлі шаралардың ұйымдастырушысы, ТЕД т.с.с.

АСАНОВА АЛИЯ ХАМЕТОВНА,  Семей қаласы, экономикалық лицейдің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
АСАНОВА АЛИЯ ХАМЕТОВНА, Семей қаласы, экономикалық лицейдің қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Алия Хаметовна - шығармашыл ұстаз. Өз сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарында оқушыларды шығармашылық және зерттеу қызметіне ынталандырып отырады. Оның оқушылары бірнеше мәрте олимпиадалар мен зияткерлік конкурстардың жеңімпаздары болды. 2014 жылы өткен  Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілінің  халықаралық олимпиадасы аясында қазақ тілі пәнін дарынды балаларға оқытуда білім берудің заманауи технологияларын қолдану бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Алия Хаметовна өз оқушылары мен ұжым арасында беделді мұғалім. Оны басқалардан қоршаған ортасына деген жағымды көзқарасы ерекшелендіреді. Лицейдің қоғамдық өміріне белсене қатысады. 

ГУБАРЕВА ОЛЬГА ВИКТОРОВНА,  №6 гимназияның биология пәнінің мұғалімі, Семей қаласы
ГУБАРЕВА ОЛЬГА ВИКТОРОВНА, №6 гимназияның биология пәнінің мұғалімі, Семей қаласы

Ольга Викторовна оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзырлықтарын дамытуға жағдай жасайды. Оған мұғалімнің мультимедиялық құрылғыларды, ақпараттық-комуникативтік технологияларды еркін меңгеруі ықтималдық жасайды. Ольга Викторовнаның оқушылары бойындағы дарындылық пен шығармашылықты дамытуда әртүрлі деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарда жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік беретін өзіндік жұмыс жүйесі қалыптасқан. Оның оқушылары олимпиадалар,  ғылыми жобалар сайысына белсене қатысып, жүлдегер атанды, мәселен: М. Иванютина – биология пәнінен облыстық олимпиаданың бірнеше мәрте жүлдегері, Республикалық олимпиаданың қола жүлдегері (2015 ж).

Ұстаз ұдайы өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіріп отырады, қашықтық пәндік олимпиадаларға қатысады.

ЕЛЮБАЕВ КАНАТ АМАНГЕЛЬДЫЕВИЧ,  Бородулиха ауданы, Жезкент мектеп-лицейінің құқық негіздері пәні мұғалімі
ЕЛЮБАЕВ КАНАТ АМАНГЕЛЬДЫЕВИЧ, Бородулиха ауданы, Жезкент мектеп-лицейінің құқық негіздері пәні мұғалімі

Қанат Амангельдинович әдістемелік, педагогикалық шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыратын, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагог. Аталған мектептегі жұмыс жылдарында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік жұмыс жүйесін жасақтаған. Атырау қаласында гуманитарлық пәндер циклі бойынша өткен республикалық олимпиадада ұстаз оқушысы Қалиасқарова Айгерім қола медальді жеңіп алды. Ол тапсырылған іске адал және жауапкершілікпен қарап орындайды. Әріптестері, ата-аналар мен оқушылар арасында беделге ие.

ЕСЕНТАЕВ ӘДИ МАҚСҰТҰЛЫ,  Жарма ауданы, Георгиевка орта мектебінің Қазақстан тарихы пәні мұғалімі
ЕСЕНТАЕВ ӘДИ МАҚСҰТҰЛЫ, Жарма ауданы, Георгиевка орта мектебінің Қазақстан тарихы пәні мұғалімі

Әди Мақсұтұлы өз білімін үнемі жетілдіріп отыруға талпынады. Жыл сайын ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға белсене қатысады. Оның оқушылары қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың бірнеше мәрте жүлдегері атанған. 2014-2015 оқу жылы 11 сынып оқушысы Жарылғап Ержан Атырау қаласында өткен оқушылардың гуманитарлық пәндер циклі бойынша республикалық олимпиадасының қола медаль иегері. 

ҚАНАТБЕКОВ ЖАЛЫН ҚАНАТБЕКҰЛЫ,  Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі
ҚАНАТБЕКОВ ЖАЛЫН ҚАНАТБЕКҰЛЫ, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі

Жалын Қанатбекұлы пәнді оқытуда инновациялық әдістерді қолданады. Түрлі семинарлар мен ғылыми-практикалық конференциялардың белсенді қатысушысы. Тәжірибе алмасу мақсатында оның сабақтары, мақалалары басылымдық баспаларда жарияланған. Жалын Қанатбекұлының оқушылары әртүрлі деңгейдегі зияткерлік олимпиадалардың жүлдегерлері. Мәселен, 2014-2015 оқу жылы оның оқушылары Даулет Бекболов, Алтай Слямов, Темирлан Маратұлы гуманитарлық пәндер цикліндегі пәндер бойынша Атырау қаласында өткен республикалық олимпиаданың күміс және қола медаль иегерлері атанған.

2015-2016 оқу жылы жалпы білім беретін пәндерден Петропавловск қаласында өткен республикалық олимпиадада Бекболов Дәулет ІІІ орынды, ал Маратұлы Темірлан ІІ орынды иеленді. 2017-2018 оқу жылында Қостанай қаласында өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерден республикалық олимпиадада Құрманов Марғұлан жеңіске жетті (1 орын).