Айсұлу Жомартқызы – жауапкершілігі мол, мақсатшыл, әрдайым ізденістегі, шығармашылықпен жұмыс атқаратын ұстаз. Оның оқушылары облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардың жүлдегерлері. Айсұлу Жомартқызының ойынша, заманауи білімдік талаптарға сай болу үшін үнемі өзін жетілдіріп отыру қажет деп есептейді. Оның оқушылары облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадалардың жүлдегері. 2014-2015 оқу жылы Бексолтанова Жаннұр Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпидада 2 орынды иеленді.
Айгуль Кабдешовна – инновациялық технологиялар мен оқытудың жетілдірілген ғылыми әдістерін еркін меңгерген, алдыңғы қатарлы ұстаздар тәжірибесімен оқып таныса отырып, үздіксіз шығармашылық ізденісте өзін жетілдіретін ұстаз. Ашық сабақтарында инновациялық технологиялар элементтерін қолдану бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді. Соңғы 5 жылда ұстаздың 18 оқушысы қалалық олимпиаданың жүлдегері атанса, қалалық ғылыми оқуларда – 6, облыстық Абай оқуларында – 2, Қ. Бітібаева атындағы халықаралық олимпиадада – 1, шығармалар сайысында – 7 және республикалық, облыстық зияткерлік марафондарда жүлделі орындарды иеленді. Айгуль Кабдешовна әріптестері мен ата-аналар арасында құрметке ие.
Елена Яковлевна - Семей қаласындағы алдыңғы қатардағы физика пәні мұғалімдерінің бірі. Мұғалімнің дарынды балалармен жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-тәжірибесі қала деңгейінде бірнеше мәрте таратылды. 2013 жылы Семей қаласында «Эксперименттік жұмыстардың кемшіліктерін бағалау» тақырыбында физика мұғалімдері үшін шеберлік сыныбын өткізді. Новосібір Академиялық қалашығының білікті мамандарының қатысуымен «Жазғы физика-математика» мектебін ұйымдастыруға белсенді қатысты. Оның басшылығымен лицеистер көрнекі эксперименттік тапсырмаларды жасақтап, зерттеу жобаларын орындап жүр. Елена Яковлевнаны әріптестері мен оқушылары жоғары кәсіби деңгейі мен қоршаған ортасына деген жағымды көзқарасы үшін сыйлайды және қадір тұтады.
Елена Павловна - бейімділігі бойынша нағыз мұғалім. Өз ісінің нәтижелері үшін жауапкершілігімен, педагогикалық біліктілігін жетілдіруімен ерекшеленеді. Ұстаздың оқушылары үнемі облыстық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларының жүлдегерлері болып табылады. 2015 жылы Черепанова Ульяна (11 «Г» сынып оқушысы) құқықтану пәні бойынша облыстық олимпиадада 1-орын иегері атанса, құқық пен дүниежүзілік тарихы пәндерінің республикалық олимпиадасында 3 орын алды. 2015 жылы «Ұлы Жеңістің 70-жылдығына» байланысты Қазақстан Интернет Олимпиадасына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен, оқушылардың дарындылығын дамыту жұмысы үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.
Бахара Лайыхтың өмірлік ұстанымы: «Әрдайым алға!». Ол жан-жақты жетілген жан, ұдайы өзін жетілдіреді, заманауи және ғылыми-танымдық әдебиеттерді оқумен әуестенеді. Ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлардың белсенді қатысушысы. Өз жұмысында оқушыларды әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындауға басты назар аударады. Бахара Лайыхтың оқушылары жыл сайын әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атануда.
Валерий Яковлевич – Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі. «Қолданбалы курстың үздік авторлық бағдарламасы» конкурсының облыстық және республикалық кезеңдерінің жеңімпазы. 2011 жылғы облыстық «Жыл мұғалімі» конкурсының жеңімпазы. Тайбағаров атындағы халықаралық ғылыми-практикалық және облыстық ғылыми-практикалық конференциялардың жүлдегері. Мақалалары облыстық және республикалық басылымдарға жарияланған. Валерий Яковлевичтің оқушылары физика пәні бойынша әр түрлі дәңгейіндегі олимпиадалардың жеңімпаздары. 2014-2015 оқу жылы оның оқушысы Василий Васильев жаратылыстану-математикалық циклындағы пәндер бойынша өткен Республикалық Президенттік олимпиадада екінші орынды жеңіп алып, күміс медаль иегері атанды.
Сандугаш Сембековна - жоғары санатты мұғалім, аталмыш мектепте 1997 жылдан жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында өзін бастамашыл, жұмысқа қабілетті, талапшыл ұстаз тұрғысынан көрсетті. Ол неміс тілі пәнін оқытудың әдістерін жеткілікті деңгейде меңгерген және оқу үрдісінде оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып жұмыс істей алатын, өзіне де, шәкірттеріне де талап қоя білетін тәжірбиелі маман. Ұстаздың оқушылары қалалық , облыстық, республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленуде. Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында белсенді түрде жұмыс атқарады және өз тәжірбиесімен бөлісіп отырады.
Ирина Юрьевна – ол педагогикалық қызмет мәдениетінің, кәсіби құзыретіліктің жоғары дегейін меңгерген. 2015 – 2019 жылдары облыстың жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім берудің аймақтық жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы ұжымының мүшесі.
Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде өзі үшін педагогикалық ықпал ету нысаны емес, дамушы оқушыны тұлғасын маңызды деп санайды. Педагогикалық ұстанымы: «Әрбір бала - керемет! Оны жан-жақты ашуға талпын!».
Педагог өзгелерге тәлім беру үшін өзің үйренуің керек деп есептейді. Мұғалімнің тұрақты кәсіби өзін-өзі жетілдіру нәтижелеріне: «TEA» ағылшын тілі бойынша халықаралық байқаудың жеңімпазы; АҚШ, Орегон штаты университетінің «Бізде ағылшын тілін үйрету жолын қалыптастыру» тақырыбындағы қашықтықтан оқыту курсын үздік бітірді, облыстық «Жыл мұғалімі» конкурсында 1 орын; қалалық «Ең үздік сынып жетекшісі» байқауының жүлдегері; ең үздік сыныптан тыс іс-шаралар мен кіріктірілген сабақ жоспары республикалық конкурсының жеңімпазы. Британ Кеңесінің тренері, «Өрлеу» АҚ дәріс оқушы оқытушы ретінде ынтымақтастықта жұмыс атқарады.
Ирины Юрьевнаның оқушылары ағылшын тілінен қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық зияткерлік конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Ауданбекова Аружан ағылшын тілінен екі мәрте олимпиаданың жүлдегері атанды (2014-2015 оқу жылы – 3 место, 2015-2016 оқу жылы – 2 орын).
Елена Николаевна – заманауи шығармашыл мұғалім, педагогикалық және әдістемелік шеберлігін үнемі жетілдірумен айналысады, тарих, қоғамтану және құқық пәндерін оқыту әдістемесін жақсы меңгерген. Ұстаздың үлкен шығармашылық жұмысы барлық пәндер бойынша оң нәтижесін беріп келеді. Оның оқушыларының арасында қалалық және облыстық олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың қатысушылары және жүлдегерлері бар. Елена Николаевна оқушылар сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген, ата-аналары мен әріптестері арасында ерекше беделге ие.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмысқа көп көңіл бөледі. Ол дарынды балалар үшін қиындатылған есептерді шығару бойынша арнайы курс бағдарламасын жасады, математиктер клубын жүргізеді, клуб аясында лицеистер ғылыми-зерттеу жобаларын орындайды. Мұғалімнің математикадан дарынды балалармен жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-тәжірибесі қала деңгейінде бірнеше мәрте таратылды. Әріптестері мен оқушылары ұстаз бойынан еңбексүйгіштік, іске деген адалдық пен жауапкершілікті, қоршаған ортасына жағымды көзқарас сынды қасиеттерін көреді. Ол өзінде оқушыларына жоғары талап пен қатаң тәртіпті қатарлас ұстанатын мұғалім.
Тамара Ильинична заманауи, шығармашыл мұғалім, оқытудың барлық сатыларында құзыреттілік қатынасты белсенді қолданады, оқушылардың оқу іс-әрекеттеріне жобалау технологиясын кіріктіре енгізу бойынша көшбасшы болып табылады. Білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді, жыл сайын оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларын қорғау бойынша конференция және Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері бойынша қалалық және облыстық олимпиада жүлдегерлерін дайындайды. Соңғы 3 жылда әртүрлі деңгейдегі қалалық, облыстық, республикалық олимпиада мен ғылыми жобалар конкурсына 20-дан астам жүлдегерлерді дайындады. Әріптестері, ата-аналар және оқушылар арасында жоғары кәсіби, адамгершілік, азаматтық қасиеттері, әр оқушыға ерекше назары үшін еңбекпен танылған сый-құрметке, беделге ие.
Нурлыбек Есенбекович - шығармашыл ұстаз. Өз пәнін жақсы көреді, сол себепті оны оқушыларға сабақтың мазмұны мен міндеттеріне сай әртүрлі әдіс-тәсілдерді, жеке топтық, деңгейлік тапсырмаларды қолдана отырып қызықты өткізуге тырысады. Ол 2015-2016 оқу жылындағы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жеңімпазы. Нурлыбек Есенбековичтің оқушылары жыл сайын республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері атанады.
Айтқазынов Шыңғыс – математика, физика, химия және информатикадан «Туймаада» Халықаралық олимпиадасының жеңімпазы (2015 ж., 1 орын; 2016 ж. 1 орын, Математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (2016 ж. 2 орын, 2017 жылы, 1 орын), жаратылыстану-математика циклындағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада (2014 ж., 2 орын; 2015 жылы 1орын, 2016 ж., 1 орын; ); физикадан IPHOХалықаралық олимпиадада (2017 ж., 2 орын). Увалиев Әділет – «Туймаада» Халықаралық олимпиадада алтын, күміс және қола медальдар иегері (2015 ж., 3 орын), физикадан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында (2015 ж., 3 орын), жаратылыстану-математика циклындағы пәндерден республикалық олимпиадада (2016 ж., 1 орын, 2017 ж., 1 орын), математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасында (2017 ж., 2 орын), физикадан IPHO Халықаралық олимпиадада (2017 ж., 2 орын). Мағауин Расул – жаратылыстану-математика циклындағы пәндерден (2017 ж., 3 орын, 2018 ж., 1 орын), математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасында (2018 ж., 3 орын). Жаратылыстану-математика циклындағы пәндерден республкалық олимпиадада дипломдармен марапатталғандар: Оразбек Ерасыл (2016 ж., 2 орын), Төлеуов Аслан (2017 ж., 3 орын), Жұмағалиев Заңғар (2018 ж., 3 орын).