+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek

ТАГИЕВА ИНДИРА ТАВАККУЛҚЫЗЫ, №236 орта мектебінің педагог-психологы, Жарма ауданы
ТАГИЕВА ИНДИРА ТАВАККУЛҚЫЗЫ, №236 орта мектебінің педагог-психологы, Жарма ауданы

№236 орта мектебінің педагог-психологы Тагиева Индира Таваккулқызын шығармашылыққтолы өмірге бағыттайтын жарық факел деуге болады.Шығармашылығына ұйтқы болған іздемпаздық қасиеті оның білім берудегі жаңа технологияларды біліп ғана қоймай, оларды нәтижелі түрде өзінің іс-тәжірибесінде пайдаланады. Оның іс-тәжірибесі әдістемелік журналдар, жинақтар және басқа да баспа беттерінде жарыққа шыққан. Ол «Жылдың үздік психологы» атты облыстық сайыстың жеңімпазы, республикалық сайыста ІІ дәрежелі дипломмен мадақталды. Оның жеңістерінің көрсеткіші шығармашылығы мен шеберлігінде емес, шәкірттерінің өзі сияқты ғылымды сүйіп, жұмыс істеуіндегі қарқындылығы   жатады. Оның оқушылары нағыз тәжірибелі психологтар сияқты үлкен зерттеу жүмысын жүргізіп, теориялық мәліметтер жинақтап, жыл сайынғы оқушылар мен студенттер арасындағы конференцияларға қатысады. Бұл үнемі жүргізілетін күн сайынғы, сағат сайынғы, минут сайынғы қиын жұмыс өзінің нәтижесін берді. Индира Таваккул-қызы қоршаған адамдарына күннің шуағындай көңіл, шаттық, жақсы қасиеттер мен өмір сүруге үлкен талпыныс береді.

бiрiншiсi 1 3 4 5 кел. соңғысы соңғысы