Назым Бөкейхановна - үнемі шығармашылық ізденісте жұмыс атқарады. Өмірлік ұстанымы: Қажырлы еңбек пен төзімділік - табыстың кілті. Әртүрлі деңгейдегі оқу-әдістемелік семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялардың белсенді қатысушысы. Қазақстан интернет олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік нәтиже» сертификатының иегері. Назым Бокейхановнаның әдістемелік мақалалары республикалық «Білім технологиялары», «Әдіскер мұғалім» журналдарында жарияланды. «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының номинанты. 2014 жылы республикалық инновациялық педагогикалық идеялар фестивальінде «Сындарлы оқыту теориясы негізінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың тілдік ортасын қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы жобасын қорғап, 2 дәрежелі диплом иегері болды. Назым Бөкейхановнаның оқушылары әртүрлі деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар және жарыстардың жүлдегерлері.
«Дарынды балалармен жұмыстың мәні неде?» сұрағына жауап үшін Жазира Есенгельдиновна Ж. Брюноның сөзін алады: әр тұлғаның дамуына септігін тигізу; өзіндік жетістіктерді барынша жоғары деңгейге көтеру; қоғамдық прогрестің ілгерлеуіне ықпал жасау. Ол үшін ұстаз кеңпейіл және сезімтал, дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау, зияткерлік жоғары деңгейінің болуы, әрдайым өзіндік жетілуге даяр болу керек. Жазира Есенгелдиновна нақ осы сапаларды өзінде тудыруға талпынады. Әртүрлі деңгейдегі конференциялар мен семинарларда жинақталған іс-тәжірибесімен бөліседі. 2014-2015 оқу жылы Алматы қаласында өткен республикалық инновациялық-педагогикалық фестивальында «Оқушылардың логикалық ойлауын оқыту мен дамытуда қазақтың қайым есептерінің рөлі» тақырыбындағы жобасын қорғап, 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Гульмира Толкуновна өзінің кәсіби ұстанымы ретінде «Ісім оңсын десеңіз, сол істің кәсіби маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, халықтың адамы болыңыз.» Ол үнемі өзінің зияткерлік деңгейін, кәсіби біліктілігін көтеріп, өзіндік жетілуге талпынады. Гульмира Толкуновна – әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлардың қатысушысы. «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақстандық интернет олимпиадаларының қорытындысы бойынша Гульмира Толкуновна «Аудан бойынша ең үздік нәтиже» сертификатының иегері. Оқушылары әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері.
Валентин Игоревич театр пәндерін оқыту әдістемесін кәсіби түрде жетік меңгерген, инновациялық технологияларды оқу және тәжірибеге ендіру мәселесі бойынша зерттеу жұмысын жүргізеді. Театр бөліміне арналған пәндердің бейімдендірілген білімдік бағдарламаларының авторы. Білімдік үрдісте таетр технологиясын қолданып бала дарындылығын дамытуды ұйымдастыруда «Театр – білімдік үрдістің метафизикалық жолы» тақырыбындағы авторлық тұжырымдамасы инновациялық модель құрудың негізі болып табылады. Авторлық инновациялық модель республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестиваліне ұсынылып, онда 2 дәрежелі дипломға лайық деп табылды. Авторлық моделдің тиімділігі өткізілген ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралардың жоғары деңгейімен, конкурстар мен фестивалдар нәтижелерімен бекиді: халықаралық конкурстардың 13 дипломанты, республикалық конкурстың 1, 2 сыйлығының лауреаты, облыстық конкурстың дипломанты, 1, 2 сыйлығының лауреаты, бас жүлде, 29 аудандық конкурстардың жүлдегері. Валентин Игоревич кенттің, Шемонаиха ауданы мен облыстың қоғамдық өмірінде белсенді айқындаманы ұстанады.
Елена Николаевна – шығармашыл, ізденістегі және өз пәнін жетік меңгерген педогог. Әр оқушының бойынан оның өзіне ғана тән ерекшелікті таба біледі. Балалардың шығармашылықәрекетін ұйымдастыруда театрлық технология қамтылған авторлық модельді қолданады. Елена Николаевнаның бала дарындылығын дамытуға арналған авторлық жобасын республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивальіне ұсынып, 2 орын алды. Сынып оқушылары халықаралық фестивальдердің дипломанттары, республикалық және облыстық орындаушылар конкурсының жүлдегері. Аудан, облыс және республикада белсенді әдістемелік, ұйымдастырушылық және қоғамдық қызмет атқарып жүрген жас педагогтардың тәлімгерлері.
Дәметкен Мұсаханқызының өмірлік және кәсіби ұстанымы - «Оқи жүріп, оқыту». Ол оқушымен қарым-қатынас жасауда мұғалім тұлғасы маңызды рөл атқарады деп санайды, сондықтан олардың әрқайсысының тұлғасына құрметпен қарап, өз сабақтарында жағымды жағдай, ынтымақтастық туғызып, балалардың өзін-өзі оңтайлы бағалауын қалыптастыруға ықпал етіп, олардың шығармашылық жұмыстарын марапаттап, ойлау үрдістерінің дамуын ынталандыруға тырысады. «Менің әр оқушым - өз көзқарасы, көңіл-күйі, талғамы бар Адам. Мен оларды үйрету үшін емес, олар маған үйрену үшін келгенін есте ұстаймын». Даметкен Мұсаханқызы – дарынды балалармен жұмыстағы инновациялық-педагогикалық идеялардың республикалық фестивалінің жүлдегері, дарынды оқушысы Такиев Исамен бірге А.К. Дюсупова атындағы облыстық «Дарынды мұғалім - дарынды оқушы» конкурсында «Шеберлігі мен бірегейлігі үшін» номинациясында грамота иегері. Даметкен Мұсаханқызы бос уақытында тарихи романдарды оқуды, гүл өсіруді ұнатады.
Жанар Байұзақовна «Мен мұғалім мамандығын неге таңдадым?» деген сұраққа былай жауап айтады: «Мұғалім – бұл бар алған білімін, дағдысын, іскерлігін болашақ жеткіншектерге жеткізетін, беретін адам. Мен өмірде балаларға білім беретін дұрыс жол таңдадым деп ойлаймын. мен осы мамандықты дұрыс таңдадым ба, әлде, жоқ па деген?,- сұрақ туындағанда өзімнің жауапкершілігімді терең түсіне отырып «Иә» деп айта аламын. Жанар Байұзақовна дарынды оқушыларды айқындап және дамыту үшін жағдай жасауға көп көңіл бөледі. Сондықтан да ол «Біреуді үйрете отырып, өзің үйрен»,- дейді. Ол сабақтарға әртүрлі, соның ішінде инновациялық технологияларды қолданады. Орыс тілі пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларына тестік материалдар дайындайды. Өзінің шығармашылық идеясын республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсында қорғап, 3 орынды иеленді.
Елена Карловна өзінің жаңашыл педагогикалық жұмысының арқасында пән бойынша жоғары білім сапасына меңгеруде. Өзінің сабағына сәйкес білім берудің біліктілікті тәсілдерін қолдана отырып, сабақтың мақсатына жету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нәтижелі қолдана біледі. Ұстаз өз іс-тәжірибесін Томск қаласындағы Ұлттық Томск Зерттеу ТПУ-де аймақтар арасындағы өткен «Оқушылар мен жастардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру» және «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, зияткерлік ұлтты қалыптастырудағы оның ролі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияларына ұсынып, таратты. Физика мұғалімдері арасындағы республикалық олимпиаданың 2 дәрежелі дипломының иегері. Білім сапасының мониторингін жүзеге асыру үшін критериалдық бағалау өлшемдерін қолданады, физиканы оқыту бойынша дарынды балалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөледі. Әртүрлі деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпаздары осы біріктірілген шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылады.
Галина Дмитриевна көп жылғы еңбек өтілі бар шығармашылықпен айналысатын педагог-психолог. Ол білім беру процесінің әртүрлі субъектілерінің, соның ішінде, мұғалімдермен жұмысқа көп көңіл бөледі. Галина Дмитриевна «Шеберлікті жетілдіру үшін шек болмайды»,- деп санайды. Ол «Жаңашыл-педагог» (2010 ж.) грамотасымен марапатталды. Үнемі өзінің біліктілігін жетілдіріп отырады. Семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялардың, конкурстардың белсенді қатысушысы: «Дарынды балаларды оқытудағы интеллектуальдық интерактивтік жүйе» (2010 ж.); VII-республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы (2010 ж.); «Жаңа білім сапасын қамту жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік өсуі» (2013 ж.) білім қызметкерлерінің бірінші республикалық педагогикалық оқуы. II- республикалық «Үздік жыл психологы» конкурсы (2013 ж.) Автор методических пособий «Мектептегі мұғалімнің жеке тұлғасын дамытуда психологиялық қамтамасыз ету» (2013 ж.), «Мектептегі мұғалімнің жеке тұлғасын дамытуда психологиялық қамтамасыз етудегі жүйені құру» (2014 ж.). Галина Дмитриевна үй бөлмелерінде гүл егумен, тоқыма тоқумен айналысады. Болашақтағы жоспары: мұғалімдер мен оқушылардың белсенді жұмыс түрлерін жетілдіру және іздеу.
Константин Олегович үнемі өзінің кәсіптік деңгейін көтеру үшін ізденісте. Осы ізденісі әртүрлі деңгейдегі педагогикалық конкурстарға белсенді қатысуға оны итермелейді. Константин Олегович физика мұғалімдері арасындағы қашықтықтан өткізілетін республикалық олимпиаданың III дәрежелі дипломының иегері, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының II дәрежелі дипломының иегері болды. К.О. Дроздовтың оұушылары қалалық, облыстық және республикалық пән олимпиадаларының жүлдегерлері. Константин Олегович оқушылардың дарындылығын айқындау және дамытудағы біліктілігі және шығармашылық тәсілі, сонымен қатар оларды БҰТ-ге дайындағаны үшін Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректорының Алғыс хатымен марапатталды.
Бахтыгуль Токтаровнаның өмірлік ұстанымы: «Жеткен жетістікке тоқтап қалмай, оптимист бол, өзіңнің оптимистігіңді оқушыңа беру керек». Осының дәлелі мұғалімнің жетістігі болып табылады. Ол республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының, дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша инновациялық-педагогикалық идеялар фестивальініңбірнеше дүркін жеңімпазы. Облыстық «Үздік вариативтік оқу бағдарламасы» конкурсының жеңімпазы. 2013-2014 оқу жылындағы «Кадет корпустарында және мамандандырылған мектептерде патриоттық тәрбиені жетілдіру әдістері мен тәсілдері» Халықаралық семинар аясында өткен «Физиканы оқытуда жаңа тәсілдерді қолдану» шеберлік-сыныбында модератор болды. Физика пәні бойынша аймақтық олимпиадада алған орындары және оқушыны сапалы дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Шұғыла Өмірғазықызы өз өмірінде ұлы Абайдың сөздерін қағида тұтады: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің екі жақтап. Ол кең пейілді, балаларды өте жақсы көретін адам. Олар үшін бәрін жасағысы келеді, болашақта олардың жауапты, адал, зияткерлі адам болып өскенін қалайды. Балаларды байыпты болуға, кез келген мақсатты шығармашылықпен шешуге үйретеді. «Логикалар әлемі» атты авторлық бағдарламаны әзірледі және оны республикалық конкурста ұсынды. 3 дәреженің диплом иегері болды. Облыстық инновациялық-педагогикалық идеялардың, республикалық педагогтардың Слетінің қатысушысы. Өзінің білімдік және кәсіби деңгейін жоғарылату үшін, үнемі түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. Білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды. Шұғыла Өмірғазықызының оқушылары үнемі әртүрлі деңгейдегі конкурстар мен олимпиадалардың және жарыстардың жүлдегерлері болады.