+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық зияткерлік «Полиглот» конкурсының қорытындысы
15 Ақп, 08:58

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 14-16 қыркүйегі аралығында Таулы Үлбі өзенінің жағасында орналасқан «Дарын» базасында облыстық зияткерлік «Полиглот» конкурсы өткізілді.

Конкурсқа білім мекемелерінің 7-10 сынып оқушылары қатысты.

Конкурстың мақсаты – ағылшын, қазақ, орыс тілдерін оқуда бейімділік көрсеткен білім мекемелерінің оқушыларында зияткерлік шығармашылық әлеуеттерін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.

Конкурс үш тілді білімді жан-жақты айқындайтын 3 кезеңнен тұрды: лексика-граматикалық тестілеу, мәдени викторина, ауызша сұхбаттасу және эссе жазу.

Қатысушылардың құзыретті тілдік дағдыларын бағалау мақсатында кәсіби мұғалімдер, профессорлар мен облыстың жетекші университеттерінің филология ғылымдарының кандидаттары шақырылды.

Конкурстың қорытындысы бойынша 23 қатысу жүлдегер, 11 қатысушы жеңімпаз атанды.

Зияткерлік конкурс аясында әрбір қатысушы командалар өз командаларын мен эмблемаларын ерекше етіп таныстырды. Сондай-ақ, команда мүшелері үш тілде өлең оқу және ән орындау шығармашылық конкурсына қатысты.

Командалық есепте шығармашылық конкурстың қорытындысы бойынша «Үздік команда» анықталды.

Барлық қатысушылар мен жетекшілерге шараға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

 

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз!