«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2017 жылғы 31 қаңтардағы №79/15-11-07 хатына сәйкес, 2017 жылдың 28-30 наурызы аралығында Астана қаласында дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты базасында «Тіл мен әдебиетті оқытудағы қазіргі филологиялық білім берудің қолданбалы аспектілері» атты қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған оқу өткізетінін хабарлаймыз.
Семинардың мақсаты – ұстаздардың педагогикалық шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, дарынды балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыру, оқушыларды шығармашылыққа баулу және эссе жазу шарттары мен ерекшеліктерін таныстыру.
Семинар сабақтарын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары мен Астана қаласының білім беру ұйымдарының жаңашыл педагогтары өткізеді.
Семинарға білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері шақырылады. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kz сайтында орналасқан.
Семинарға келу күні –27 наурыз, қайту күні – 30 наурыз, сағат 18:00-ден кейін.
Семинарға қатысу туралы сұранысты, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен ұйымдастыру жарнасының төлемі туралы түбіртекті 2017 жылдың 6 наурызына дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет:
Өтінім үлгісі:
|
Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша) |
Қала/аудан, мектеп |
Пәні, оқыту тілі |
Еңбек өтілі, санаты |
Байланыс телефоны |
Қонақ үй қажеттілігі |
|
|
|
|
|
|
|
Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы – 15 000 тг., тамақтану,жатын орны және барып-қайту жолы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.
Ұйымдастыру жарнасын келесіесеп-шотына аудару қажет:
РГКП «Дарын» РҒПО БИН 990240007434 ИИК(IBAN) KZ566010111000021443 БИК HSBKKZKX АО «НарСберБанк Казахстана» Астана қ. КБЕ 16 Астана қ., Республика даңғылы, 34 КНП 861