«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2017 жылғы 2 ақпандағы №82/15-11-07 хатына сәйкес, 2017 жылдың 28-30 наурызы аралығында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті педагогика және психология институтының «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» кафедрасы базасында «Жаңартылған білім мазмұны аясында түзілген 1 сынып оқулықтарымен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктері» атты (бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған) оқу-әдістемелік семинарын өткізетінін хабарлаймыз.
Семинардың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерін 1 сынып оқулықтарымен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктерімен таныстыру және жаңаша бағалау жүйесін меңгерту.
Семинарға білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері шақырылады. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kz сайтында орналасқан.
Семинарға келу күні –27 наурыз, қайту күні – 30 наурыз, сағат 18:00-ден кейін.
Семинарға қатысу туралы сұранысты, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен ұйымдастыру жарнасының төлемі туралы түбіртекті 2017 жылдың 6 наурызына дейін төмендегі үлгі бойыншаШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет:
Өтінім үлгісі:
|
Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша) |
Қала/ аудан, мектеп |
Пәні, оқыту тілі |
Еңбек өтілі, санаты |
Байланыс телефоны |
Қонақ үй қажеттілігі |
|
|
|
|
|
|
|
Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы – 15 000 тг., тамақтану,жатын орны және барып-қайту жолы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.
Ұйымдастыру жарнасын келесіесеп-шотына аудару қажет:
РГКП «Дарын» РҒПО БИН 990240007434 ИИК(IBAN) KZ566010111000021443 БИК HSBKKZKX АО «НарСберБанк Казахстана» Астана қ. КБЕ 16 Астана қ., Республика даңғылы, 34 КНП 861