«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2017 жылғы 31 қаңтардағы №81/15-11-07 хатына сәйкес, 2017 жылдың 28-30 наурызы аралығында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы базасында «Қазіргі заман талаптарына сай мектепке дейінгі білім беру жүйесінің даму перспективасы» (балабақша тәрбиешілеріне арналған), «Мектептегі білім беруді жетілдіру жағдайында әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекеті» (әлеуметтік педагогтарға арналған) оқу-әдістемелік семинарларын өткізетінін назарларыңызға саламыз.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында балабақша тәрбиешілерінің кәсіби деңгейлерін арттыру; тыңдаушыларды қазіргі заман жағдайында әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың ерекшелігімен қатар, мектептегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жүзеге асырудағы түйінді құзыреттіліктерімен қаруландыру.
Семинарға балабақша тәрбиешілері мен әлеуметтік педагогтар шақырылады. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kz сайтында орналасқан.
Семинарға келу күні –27 наурыз, қайту күні – 30 наурыз, сағат 18:00-ден кейін.
Семинарға қатысу туралы сұранысты, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен ұйымдастыру жарнасының төлемі туралы түбіртекті 2017 жылдың 6 наурызына дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет:
Өтінім үлгісі:
|
Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша) |
Қала/ аудан, мектеп |
Пәні, оқыту тілі |
Еңбек өтілі, санаты |
Байланыс телефоны |
Қонақ үй қажеттілігі |
|
|
|
|
|
|
|
Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы – 15 000 тг., тамақтану,жатын орны және барып-қайту жолы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.
Ұйымдастыру жарнасын келесіесеп-шотына аудару қажет:
РГКП «Дарын» РҒПО БИН 990240007434 ИИК(IBAN) KZ566010111000021443 БИК HSBKKZKX АО «НарСберБанк Казахстана» Астана қ. КБЕ 16 Астана қ., Республика даңғылы, 34 КНП 861