+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытудағы заманауи үрдістер» атты оқу-әдістемелік семинар өткізу туралы
10 Ақп, 06:41

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2017 жылғы 2 ақпандағы №84/15-11-07 хатына сәйкес, 2017 жылдың 27-29 наурызы аралығында Астана қаласында «Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытудағы заманауи үрдістер» атты оқу-әдістемелік семинар өткізетінін хабарлаймыз.

Семинардың мақсаты – озық педагогикалық тәжірибені тарату, білім беру үрдісіне заманауи тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқытудың тиімділігін арттыру, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Семинарға білім беру ұйымдарының (қазақ және орыс тілдерінде білім беретін) тарих пәнінің мұғалімдері шақырылады. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Семинарға келу күні –26 наурыз, қайту күні – 29 наурыз, сағат 18:00-ден кейін.

Семинарға қатысу туралы сұранысты, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен ұйымдастыру жарнасының төлемі туралы түбіртекті 2017жылдың 6 наурызынадейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша)

Қала/аудан, мектеп

Пәні, оқыту тілі

Еңбек өтілі, санаты

Байланыс телефоны

Қонақ үй қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

Іссапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.

Қосымша 1 парақта.