Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер эстафетасының (бұдан әрі – Эстафета) өткізу тәртібін, мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Эстафетаның ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.
3. Эстафетаның негізгі мақсаты балаларды шын мәнінде ғылымды, білімді танып білуге қызығушылығын тудыратын зияткерлік сайыстарға қатыстыруға, өзін-өзі дамытуға және шығармашылық ізденіске ынталандыру болып табылады.
4. Эстафетаның негізгі міндеттері:
- дарынды балаларды анықтау және қолдау;
- оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ынталандыру;
- оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
- оқушыларды спортқа және салауатты өмір салтына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- балалардың қауіп-қатерге бас тіге білуге, жеңе білуге, жеңіске жете білуге деген өз мүмкіндіктері жөніндегі ұғымын қалыптастыру
Эстафета өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
Эстафетаға қатысушылар
5. Эстафетаға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 6-7 сынып оқушылары қатыса алады.
Қатысатын командалардың сандық құрамы - 4 қатысушы және 1 топ жетекшісі.
Эстафетағақатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұратын жеріне дейін қайтар жолдағы өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне топ жетекшісі жауапты болады.
6. Эстафетаға келіп жеткен соң топ жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) Эстафетаға қатысу жөніндегі бұйрықтың көшірмесін;
2) қатысушылар туралы мәлімет (Ф.А.Ә.аты, туған жылы, сыныбы, оқу орны мен білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны, топ жетекшісінің Ф.А.Ә. аты, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
3) дәрігерлік анықтама (әр қатысушыға)
4) қатысушының жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
7. Қатысушы командалардың әрқайсысының біріңғай формасы мен эмблемасының болуы қажет.
Эстафетаны өткізу орны мен уақыты
8. Эстафета 2017 жылдың 17-21 қаңтары аралығындаТаулы Үлбідегі «Дарын ШҚ ӨҒПО» базасында өтеді. Командалардың келуі 17 қаңтар (сағат 14-ке дейін), қайтуы – 21 қаңтар.
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
9. Эстафетаға қатысу үшін (№1 қосымша) 2017 жылдың 11 қаңтарына дейін аудандық білім бөлімі басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген өтінімді келесі мекен-жайға: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, ШҚ ӨҒПО . 8 (7232) 700-244 телефоны, е-mail: vk_daryn@mail.ru жіберу қажет.
Білім беру мекемелері командаларының қатысушыларының тізімі сұранысқа қоса тіркеледі: фамилиясы, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, жетекшісінің фамилиясы, аты, әкесінің аты, және ұялы телефонының нөмірі.
10. Эстафета сегіз айналым бойынша өтеді.
1 айналым – Үй тапсырмасы – Командалардың презентациясы.
Әр команда өз командасымен таныстыру рәсімін өткізеді (2-5 минут ішінде)
Командалардың таныстыру рәсімін келесі критерийлерді ескере отырып, қазылар алқасы үш балды жүйе бойынша бағалайды:
1. Креативтілігі (жасампаздық);
2. Әртістілігі;
3. Топпен жұмыс істей білу іскерлегі.
2 айналым – «Математика әлемінде» математикалық викторинасы:математика пәні бойынша есептер, кроссвордтар шешу.
Викториналық сұрақтарды жауабын қазылар алқасы он балды жүйе бойынша бағалайды. Номинациялар бойынша жеңімпаз командалар үздік қорытынды көрсеткеннен кейін анықталады.
3 айналым – Кәсіби пікірталастар:физика, география.
Физика пәні бойынша пікірталас тақырыбы: «Үйкеліс күші: оңды, әлде теріс».
География пәні бойынша пікірталас тақырыбы: «Қай ғалымның Жердің географиялық танымын білуге қосқан үлесі қомақтырақ: Х. Колумбтікі ме, әлде Ф. Магелландікі ме?»
Командалардың орындауын қазылар алқасы он балды жүйе бойынша (физика – 5 балл, география – 5 балл) бағалайды:
1. Тереңдігі, дәлелділігі;
2. Сендірерлік дәлелі, әртүрлілігі;
3. Сұраққа берген жауаптың толықтылығы;
4. Сөз қозғау логикасы. Тіл мәдениеті;
5. Уақыт тәртібін сақтау. Дұрыстығы.
4 айналым – «VIVAT, ORATOR» («Жаса шешендік») шешендік конкурсы. Қатысушылар«Қай дәуірде өмір сүрер едім?» аттыалдын ала берілген жалпы тақырып бойынша ел алдында сөз қозғайды. Орындау ұзақтығы 5-7 минут. Орындаудың аудиовизуалдылығы ынталандырылады: сөйлеу тілі мультимедиялық презентациялармен, слайд шоумен, әнмен бейнероликпен сүйемелденеді.
Командалардың орындауын келесі критерийлерді ескере отырып, қазылар алқасы он балды жүйе бойынша бағалайды:
1. Сөйлеу тілінің мазмұны (тақырыптың өзектілігі, баяндаудың түпнұсқалылығы, дәлелділігі);
2. Тіл мәдениеті (дұрыстығы, тазалығы, мәнерлілігі, байлығы, сөйлеу техникасы);
3. Шешендік шеберлігі (тіл тәртібінің табиғилығы, тыңдаушыларға әсері, аудиториямен байланысы).
5 айналым – «Брейн - ринг» зияткерлік ойыны.
Ойын бірнеше жарыстардан тұрады.
Жарыс – команданың бірі 5 ұпай ұтып алғанға дейін өтетін жеке шайқас. Әр шайқасқа 2 команда қатысады.
Финалда іріктелген топтардың жеңімпаздары ойынға шығады.
Ойын соңында жеңген команда ойын жеңімпазы атанады.
Қазылар алқасы ойынды он балдық жүйемен бағалайды.
6 айналым – «ЭКСПО - 2017» - болашақ ұрпаққа» тақырыбында жоба қорғау.
Орындау ұзақтығы 3-5 минут. Орындаудың аудиовизуалдылығы ынталандырылады: қорғау мультимедиялық ұсынулармен, бейнероликпен, слайд шоумен, әнмен сүйемелденеді.
Жобаны қазылар алқасы он балдық жүйемен бағалайды:
1. Зерттелген мәселенің өзектілігі;
2. Өткізілген зерттеулердің деңгейі мен көлемі;
3. Алға қойған міндеттердің орындалу нәтижелілігі;
4. Зерттеудің жаңашылдығы, жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы;
5. Авторлардың жеке үлесі;
6. Шешендік шеберлігі.
7 айналым – «Бейімділік» конкурсы: поэзия, ән, би өнері, бейнелеу өнері, қолдан жасалған бұйымдар.
Конкурсты қазылар алқасы жиырма бес балдық жүйе бойынша бағалайды (поэзия – 5 балл, ән – 5 балл, би өнері – 5 бал, бейнелеу өнері – 5 балл, қолдан жасалған бұйымдар – 5 балл). Номинациялар бойынша жеңімпаз командалар үздік қорытынды көрсеткеннен кейін анықталады.
8 айналым – «Достық эстафетасы» спорттық шаралар: спорт ойындары, таза аудағы ойындар.
Қазылар алқасы төрелікті жиырма бес балдық жүйемен жүзеге асырады. Номинациялар бойынша жеңімпаз командалар үздік қорытынды көрсеткеннен кейін анықталады.
Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
11. Сегіз айналымның қорытындысы бойынша барынша көп балл жинаған команда жеңімпаз атанады.
Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.
12. Эстафетаның жеңімпаз командалары дипломдармен және жүлделермен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
Қаржыландыру
13. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.
Эстафетаға қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (айналма рейс) жіберуші жақ есебінен төленеді.
№ 1 Қосымша
«Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер эстафетасына қатысуға тапсырас
|
№ |
Қатысушының фамилиясыаты |
Район/город |
Білім беру ұйымы |
Сыныбы |
Жетекшінің фамилиясы, аты, әкесінің аты |
Жетекшінің лауазымы |
Жетекшінің ұялы телефонының нөмірі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|