+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
ХV - ші РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ДОСТЫҚ» АТА-АНАЛАР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢІ
25 Қаз, 08:18

2016 жылдың 22-қазанында Семей қазақ-түрік лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ-түрік лицейлері ата-аналары арасында өтетін дәстүрлі ХV-ші республикалық «Достық» спартакиадасының аймақтық кезеңі өтті.

Ата-аналар спорттық эстафета, шахмат, волейбол, үстел теннисі түрлерінен бақ сынасты. Аталмыш іс-шараға Өскемен қаласындағы «НұрОрда» халықаралық лицейі, Өскемен қаласындағы қазақ-түрік лицейі, Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернаты, Павлодар қаласындағы ұлдарға арналған қазақ - түрік лицейі, Павлодар қаласындағы қыздарға арналған қазақ - түрік лицейі, Екібастұз көпсалалы көптілді лицейі, Семей қазақ - түрік лицейі құрама командалары қатысты. Ашылу салтанатында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы, орта білім беру бөлімінің басшысы Сайрангуль Жумадилова, «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының оқу бөлімінің меңгерушісі Дурсын Каплан, Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Құржықаев Мұрат Мұрсаханұлы құттықтау сөз сөйледі.

Командалық есеп бойынша І орынды Өскемен ҚТЛ, ІІ орынды Семей ҚТЛ және Өскемен «НұрОрда» мектеп-лицейі, ІІІ орынды Павлодар (қыздарға арналған) ҚТЛ, Екібастұз көпсалалы көптілді лицейі, Жамбыл мектеп-гимназия-интернаты, Павлодар (ұлдарға арналған) ҚТЛ иеленді. «Үздік шабуылшы» номинациясын Өскемен ҚТЛ командасының мүшесі С. Қабыш, «Үздік қорғаушы» номинациясын «НұрОрда» командасының ойыншысы В. Гречухин иеленді. Командаларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Ата-аналармен жүргізілетін спорттық іс-шаралар салауатты өмір салтын қалыптастыруда таптырмас игі бастама. Лицейде өткізілетін спорттық сайыстар ата-ана мен оқушы арасын нығайтуда себеп болмақ.