+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу ережесі
13 Қаз, 06:10

І. Жалпы ережелер

1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Конкурс) жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының (бұдан әрі – білім басқармасы) Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) өткізеді.

2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- оқушылардың ғылыми – зерттеу және оқу – танымдық жұмыстарын ынталандыру;

- ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;

- Қазақстан Республикасының зияткерлік  әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

3. Республикалық ғылыми жобалар конкурсы 4 кезеңнен тірады:

бірінші кезең - мектепішілік;

екінші кезең - аудандық / қалалық;

үшінші кезең – облыстық;

төртінші кезең – республикалық іріктеу кезеңі, 2 айналымнан тұрады (бейіндік пәндер бойынша тестілеу, жобаны алдын – ала сараптау);

бесінші кезең – (соңғы) Республикалық.

4. Конкурстың I, II, III кезеңдерінің өткізілу мерзімі білім басқармасының бұйрығымен анықталады, ал IV – V кезеңдердің өткізілу мерзімі ҚР білім және ғылым министрының бұйрығына негізделеді.    

5. Конкурстағы жұмыстар  4 бағытқа, 16 секцияға бөлінеді:

 І Бағыты: «Ғылыми – техникалық прогресс- экономикалық өсудің негізгі буыны».

Секциялар:

Физика

Техника

Жер және Космос туралы ғылым

ІІ Бағыты:«Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу».

Секциялар:

Математика

Қолданбалы математика  

Информатика

Экономика

ІІІ Бағыты: «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі».

Секциялар:

Химия

Биология

Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау

ІV Бағыты:«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары».

Секциялар:

Тарих

Өлкетану

Этномәдениеттану

Тілтану/Языкознание

Әдебиет/Литература

ІІ. Конкурсқа қатысушылар

1. Ғылыми конкурстарының бірінші кезеңіне оқушылардың ғылыми қоғамдарының немесе ғылыми жетекшілерінің ұсынуымен 8 – 11 сынып оқушылары қатыса алады. Командалық жобаны екі оқушы ғана орындай алады.

2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурстарының екінші кезеңіне бірінші кезең жүлдегерлері қатысады.

3. Конкурстың үшінші кезеңінің алдында облыстық сырттай іріктеу өткізіледі.

4. Конкурстың үшінші кезеңіне екінші кезеңнің жеңімпаздары, жобаны алдын ала сараптау, сондай-ақ жетекшісі мен ғалымдардың пікірлерін, қоса тапсырылатын құжаттарын (сұраныс, ІІ кезеңнің хаттамасы, аудандық/қалалық кезең қорытындысы бойынша есебі, ғылыми зерттеу журналы) және ғылыми жұмыстарын (жобалары) қағаз және электронды түрде  ұсынады. Ғылыми жобалардың тақырыптары  жыл сайын 30 сәуірден кешікпей тапсырылуы тиіс. Тіркеуге міндетті түрде көрсетілген нұсқа бойынша аудандық/ қалалық білім беру бөлімінің басшысы немесе облыстық мамандандырылған мектеп  директорының қолы мен мөрі қойылған сұраныс (қосымша 1), сонымен бірге ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша есебі (қосымша 2) Excel электронды кесте, қағаз түрінде тапсырылуы керек.

5. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурстарына қатысатын оқушылардың, олардың жетекшілерінің аты – жөндері сұраныста құжат бойынша (туу туралы куәлігімен, төл құжаты) жазылуы керек.

6. Ұйымдастыру комитетінің адресі: ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы, Абай даңғ., 21. тел.552112, e-mail: vk_daryn@mail.ru  

ІІІ. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурсының сараптау комиссиясы

1.  Әр секцияның сараптау комиссиясының құрамына ғылымның осы саласы бойынша кемінде үш ғалым (маман) кіреді.

2. Іріктеу кезеңінің комиссиясы бағалау өлшемдері мен талаптарына сәйкес  ғылыми жобаларды тексеріп, әрбір жобаға өз пікірін жазып, ІІІ кезеңге қатысатын оқушылардың  тізімін  анықтайды.

ІV. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми конкурсының іріктеу кезеңін  өткізу туралы

1. Облыстық іріктеу кезеңі – жобаны алдын ала сараптау ағымдағы жылдың қараша айында өтеді. Іріктеу кезеңіне ұсынылған ғылыми жоба жұмыстары 21 қазанға дейін  тапсырылуы керек. Алдын – ала сараптау кезеңін қорытындысы бойынша, ІІІ кезеңнің қатысушылары анықталады. ІІІ кезеңге қатысушылардың тізімі білім басқармасының бұйрығы бойынша бекітіледі. Іріктеу кезеңінің қорытындыларынан кейін аппеляция өткізілмейді. Сараптамадан өтпеген жұмыстар қайтадан қайтарылмайды. Сараптамадан және тестілеуден өтпеген оқушылар ІІІ кезеңге қатыса алмайды.

2. Конкурстың үшінші кезеңі – жобаны қорғау. Жобаны қорғау барысында авторға баяндама үшін 5 минут, ал біріккен авторларға 7 минут беріледі. Егер техникалық құралдар (компьютер, интерактивті тақта т.б.) қажет болған жағдайда үшінші кезеңге дейін мектептерден сұраныс тапсырылуы  тиіс.

V. Жарыстарға ұсынылатын ғылыми жобалар мен оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

І.  Ғылыми конкурсытарға тапсырылатын  ғылыми жобаларға қойылатын талаптар:

1) ғылымның осы саласындағы бұрын танылмаған жекелеген қырларын, фактілерді, құбылыстарды және жаңалықтарды  ашатын материалдар болу керек;

2) практикалық құндылығы зор, мектеп эксперименттерін жетілдіруге, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға ықпал ететін аппараттар, модельдер мен құралдар конструкцияларын ұсынатын жұмыстар;

3) әлеуметтік – экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған компьютерлік модельдер және экономикалық – құқықтық негізі бар жобалар;

4) кәмелетке толмағандар үшін рұқсат етілмейтін аппаратура пайдаланған жағдайда, жануарларға қатігездік көрсетілетін, адам денсаулығы және жануарлар үшін зиян келтіретін заттарды (улы, радиоактивтік, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсенді қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді заттар немесе микроағзалар, вирустар, ішімдік, никотин) пайдалануға байланысты эксперименттері бар жұмыстар жіберілмейді;

5 бұрын қаралған және қорғалған жобалар   ғылыми жарыстарының келесі кезеңіне қатысуға жіберілмейді.

ІІ. Ғылыми жобаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1)жоба мәтіні компьютерде басылуы керек (14 шрифт) және мынандай құрылымнан тұрады:

- титул парағы (Қосымша 3);

- мазмұны;

-қазақ немесе орыс тілдерінде абстракт (жобаның қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай – ақ ағылшын тілінде жазылады;

- кіріспе;

- зерттеу бөлімі;

- қорытынды;

- пайдаланған әдебиеттер тізімі.

2) титул парағында мыналар көрсетіледі:

- жұмыс  орындалған  ұйымның  толық атауы, қаласы, мектебі;

- автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;

- жұмыстың атауы;

- жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;

- жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;

- қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы;

абстракт (аннотация), (250 сөзден артық емес) жобаның қысқаша мазмұнын, мыналарды қоса алғанда, білдіреді:

- зерттеудің мақсатын;

- гипотезасын;

- кезеңдерін, зерттеудің рәсімін;

- эксперименттің әдістемесін;

- зерттеудің жаңалығын және дербестік дәрежесін;

- жұмыстың нәтижесін және қорытындысын;

- нәтижелерін, практикалық қолдану салаларын.

Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты (міндеті), алға қойылған міндеттерді шешу әдітері қысқаша көрсетіледі.

Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке бөлімдерден (параграфтардан) тұруы мүмкін және мына құрылымда:

таңдап алынған жұмыстың практикалық  құндылығына көз жеткізу  мақсатында (міндетін)  таңдалған тақырып бойынша нәтижелерге аналитикалық сараптама жасау;

- алға қойылған міндеттерді шешудің әдістерін сипаттау;

- жұмыстың нәтижесін талқылау;

- безендірілген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер т.б.);

пайдаланған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [2]. Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай жүйелі нөмірленуі  қажет;

қорытынды (бір беттен артық емес) негізгі жұмыстың нәтижелері (1 – 5) және олардың негізінде жасалған қорытындылары мен (1 - 2) ұсыныстарды қамтиды;

- жұмыс соңында жалпы тізіммен пайдаланған әдебиеттер мынандай тәртіпте беріледі:

- автордың тегі және қысқартылған аты – жөні;

- мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшін);

- журналдың, кітаптың аты;

- басып шығарылған орны және баспа (кітаптар үшін);

- басылған жылы, шығу нөмірі, беті.

- әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар, жетекшінің пікірі қоса берілуі керек;

- ғылыми конкурстардың үшіншікезеңіне (баяндамаға) стендке (баннерге) орналастыратындай етіп демонстрациялық материалдарды қолдану қажет.

3.  Стендті (баннерді)рәсімдеуге қойылатын талаптар:

- стендтің жоғарғы жағына көлденеңінен, қатысушының аты-жөнін, фотосын, жұмыстың тақырыбын, мектебінің, қаланың (ауданның) атауын,абстракты орналастыру қажет;

- стендтегі материал жұмыстың мазмұнын айқындайтын талғаммен ресімделген, нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар, қорытындылар болуы тиіс;

- мазмұнын дайындау кезінде  назарды жоба авторының алған нәтижелерін көрсетуге аудару керек.

Ғылыми жоба  нәтижелерінің нақтылығы мен мүлтіксіздігіне,  диплом жұмыстарынан, магистрлық және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілген нәтижелер еместігіне жауапркершілік ғылыми жетекшілеріне жүктеледі. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызмет дағдыларын ала отырып өз қолынан келетін жұмысты орындау керек.

VІ. Жеңімпаздарды марапаттау

1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім басқармасының дипломдармен марапатталады

2. Конкурстың қорытындысы бойынша үздік жұмыстар жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңіне жіберіледі.

VІІ. Қаржыландыру

1. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Облыстық конкурсқа қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (екі жаққа жол шығыны) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.