+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жас балет бишілері – Бас жүлде иегері
28 Қаң, 09:08

2015 жылдың 5-9 қаңтар күндері Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы оқушылар Сарайының қолдауымен «КҮН ШУАҚ kz» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Алматыдағы қыс ертегісі-2015» республикалық фестиваль-байқауына дарынды балаларға арналған облыстық балет мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

Байқау шығармашыл балалар ұжымдарының дамуын ынталандыру және олардың арасында шығармашыл байланыс орнату мақсатында бес номинация бойынша өтті: вокал, аспаптық музыка, театр сәні мен театр қойылымы.

Балет мектебі республикалық және халықаралық байқауларға бірнеше жыл көлемінде шығып, өзінің мектебін, облысы мен республикасын жоғары дәрежеде көрсетіп жүр. Бұл жолы да Камилия Исмаилованың жетекшілігімен балет мектебінің он екі оқушысы облысымыздың беделін жоғары ұстап Бас жүлдені жеңіп алды.

Жеңістерімен құттықтаймыз! Ұжымға шығармашылық табыс тілейміз!