Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 27 ақпанында Өскемен қаласында, 28 ақпанында Семей қаласында 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен дәстүрлі «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтетінін хабарлайды.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы ережеге сәйкес «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», Жас ғалымдар», «Жазушылар» атты 5 бағытта, 3 кезеңде өткізіледі:
1 кезең – аудандық: қараша-қаңтар айларында (Өскемен қаласында 30-31 қаңтарда, Семей қаласында 21-22 қарашада), 2 кезең – облыстық: 27-28 ақпанда, 3 кезең – республикалық: 2015 жылы 3-5 сәуірде Астана қаласында өтеді.
Облыстық кезеңге аудандық/қалалық кезеңнен 1-орын алған жеңімпаздар қатысады.
Әр ауданнан облыстық кезеңге ұсынылатын оқушы саны төмендегідей:
|
Конкурс атауы |
Тобы |
Оқушы саны |
Жиыны |
|
«Тілші-әдебиетшілер» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы
|
2 оқушы |
|
«Сөз шеберлері» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы
|
2 оқушы |
|
«Әнші-бұлбұлдар» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы
|
2 оқушы |
|
«Жас ғалымдар» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы
|
2 оқушы |
|
«Жазушылар» |
қазақ және өзге ұлт |
әр топтан 1 оқушы
|
2 оқушы |
Қатысуға өтінімдерді төмендегі үлгі бойынша 2015 жылдың 14 ақпанына дейін «Нұр орда» халықаралық мектебіне т/ф: 8(7232) 60-23-45, е-mail: oskemen@nurorda.kz, Семей қазақ-түрік лицейіне: т/ф: 8 (7222) 77-15-76, e-mail: Semeyktl@gmail.com жіберу қажет.
|
Оқушының аты-жөні |
Аудан, қала |
Мектеп, сынып |
Ұл-қыз |
К Конкурс атауы |
Тақырыбы |
Дайындаған мұғалімі |
|
|
|
|
|
|
|
|
«Жарқын болашақ» олимпиадасының толық ережелері ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының (http//www.shygysdaryny.kz) сайтында жарияланған.
Қатысушылардың іссапар шығындары (тұратын орны, тамақтануы, жол ақысы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.
Қосымша ақпараттар алу үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/700244, Семей қазақ-түрік лицейіне 8/7222/771110, «Нұрорда» ХМ 8(7232) 60-23-45 хабарласуға болады.