Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014-2015 оқу жылының жұмыс жоспарына сай, экономикаға ғылым ретінде қызығушылық білдіретін оқушыларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту мақсатында экономика пәні бойынша облыстық олимпиада өткізеді.
Олимпиада 10-11 сынып оқушылары үшін екі кезеңде өткізіледі:
- аудандық (қалалық) – 2015 жылдың 27 қаңтары;
- облыстық –2015 жылдың 5 ақпаны.
Аудандық (қалалық) кезеңге экономиканы зерттеуде жетістіктерге жеткен оқушылар шақырылады. Осы кезеңді жергілікті жерде ұйымдастыру мен өткізуге жауапты тұлғаларды тағайындау қажет.
Жіберілген тапсырыстарға сәйкес жауапты тұлғалардың электронды мекен-жайына 2015 жылдың 26 қаңтарында тапсырмалар жіберіледі. Электронды мекен-жайларды ағымдағы жылдың 23 қаңтарына дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына жіберулеріңізді сұраймыз.
Аудандық (қалалық) кезеңдердің қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 6 адамнан тұратын команда (10 сынып - 3 оқушы, 11 сынып - 3 оқушы) қатысу үшін тапсырыстар жасалады.
Олимпиаданың жүргізілу тәртібі ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының (www.shygysdaryny.kz) сайтында берілген.
Облыстық олимпиадаға қатысуға тапсырысты 2015 жылдың 28 қаңтарына дейін келесі мекен-жай бойынша жіберу қажет: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 , «Дарын» ШҚ ӨҒПО немесе тел-факс: 8/7232/70-06-09 , эл.пошта: vk_daryn@mail.ru.
Тапсырыс үлгісі:
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Аудан/қала |
Мектеп |
Сынып |
Оқыту тілі |
Үйлестірушінің аты-жөні тел. (жұмыс,ұялы.) |
|
|
|
|
|
|
|
|
Экономика пәні бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі ағымдағы жылдың 5 ақпанында Өскемен қаласындағы Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің филиалында өтеді. Қатысушыларды тіркеу – сағ. 900-де. (Өскемен қаласы, 30-шы гвардиялық дивизия көшесі 22).