+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қашықтықтан тестілеу кезеңінің өткізілуі туралы
12 Жел, 03:15

ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы 2014 жылдың 19 желтоқсанында республика бойынша барлық аймақтарда бір уақытта жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) бірінші турының үшінші кезеңі (қашықтықтан тестілеу) өткізілетінін хабарлайды.

Қашықтықтан тестілеу Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізіледі (Комсомольская көшесі, 43/1).

Математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, физика, техника, Жер және ғарыш туралы ғылым секциялары бойынша қашықтықтан тестілеу – сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 9.00-де басталады.

Химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, құқықтану, тіл білімі, әдебиет секциялары бойынша қашықтықтан тестілеу - сағат   13.00-ден 15.00-ге дейін өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 12.00-де басталады.

Сынамды тестілеуге ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында http://www.daryn.kz сайтының оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының іріктеу кезеңінің он-лайн режимінде тестілеу бөлімінде қатысуға болады.

Сынамды тестілеу он-лайн режимінде тест өткізуде аймақтардың тек техникалық даярлығын тексеруге бағытталған. Аймақтық, қалалық білім бөлімдерінің, облыстық мамандандырылған мектептердің қашықтықтан өткізілетін туры бойынша жауапты қызметкерлерінің электронды почтасына сынамды тестке қатысушылардың  логины мен паролі жіберіледі. Оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының іріктеу кезеңінде он-лайн режимдегі тестілеуден өту туралы нұсқаулық қосымша беріледі (Қосымша 1).

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында тест басталар алдында әр қатысушыға логин мен пороль беріледі.

Тестілеуге қатысушыларға міндетті түрде ескертулеріңізді сұраймыз! Қатысушылар өздерімен бірге:

1. жеке куәліктің (туу туралы куәлік) түпнұсқасын;

2. қалам, қарындаш;

3. химиядан қатысушылар үшін -  Менделлеевтің периодтық таблицасын, тұздардың еру таблицасын;

4. физикадан қатысушылар үшін - калькулятор ала келуі қажет.

ҚОСЫМША 1

Оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының іріктеу кезеңіндегі он-лайн режимде тестілеуден өту бойынша нұсқаулық     (www.daryn.kz сайтында мектеп оқушыларының республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін он-лайн режимінде тестілеу бөлімінде) басқы беткелогинның сілтемесін жіберіп парольді енгізу керек.

Парольді дұрыс енгізгеннен кейін мектеп оқушыларының республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін он-лайн режимінде тестілеу бөлімінде «Қатысуға қабылдау» тетігін басу керек.

Аты-жөнін, сыныбын, оқу тілі «қазақша» немесе «орысша», секцияның номері мен атауын көрсету керек.

Тесті өткізгенге 120 минут уақыт беріліп, әр секцияға күрделілігіне байланысты үш денгейде 60 тапсырма беріледі: (20 тапсырма – 1 деңгейде (1 ұпаймен), 20 тапсырма – 2 деңгейде (2 ұпаймен), 20 тапсырма – 3 деңгейде (3 ұпаймен)).

Тестілеу уақытында браузердің бетін жаңартуға тыйым салынады.

Тестті аяқтау / Завершить тестирование тетігін басқаннан соң нәтижесі бірден белгілі болады. 

РҒЖК ережесіне сәйкес апелляция қарастырылмаған.

www.daryn.kz сайтында тестілеуден өту туралы толық ақпарат көрсетілген.

шифр

секция

Пәндер бойынша сұрақтар

1

Физика

Физика

Техника

Физика

Жер және ғарыш туралы ғылым

Физика

2

Математика

Математика

Қолданбалы математика

Математика

3

Информатика

Математика, Информатика

4

Экономика

Математика, География

5

Биология

Биология

Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы

Биология

6

Химия

Химия

7

Тарих

Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы

8

Адам және қоғам

Дүниежүзі тарихы,  Адам. Қоғам. Құқық

9

Өлкетану

География, Қазақстан тарихы

10

Әдебиет

Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті

11

Этномәдениеттану

Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті, Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы

12

Тіл білімі

Қазақ, орыс, ағылшын тілдері