+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Тарбағатай ауданының оқушысы Түрік еліне жолдама алды
14 Қар, 13:01

2014 жылдың 7-12 қарашасы күндері Шучье қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқыту сауықтыру орталығының кешенінде республикалық «Ақжелең» өнер байқауы өтті.

Байқау төрт номинация бойынша: аспапты шығарма, дәстүрлі ән айту, жыраулық және қолданбалы өнер жанры болды.

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы  Тарбағатай ауданының А. Байтұрсынов атындағы және Өкпеті орта мектебінің оқушыларынан құралған Шығыс Қазақстан облысының командасын байқауға қатысуға жіберді.

Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орынмен марапатталғандар:

- Бас жүлде - Сейтбек Бекарыс – А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы;

- І дәрежелі диплом - Қауланбекұлы Нұрдәулет Өкпеті орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

- ІІІ дәрежелі диплом - Зұлқашева Шұғыла А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы;

- ІІІ дәрежелі диплом - Мэлісова Данара Өкпеті орта мектебінің 6 сынып оқушысы.

Бас жүлде иегері Сейтбек Бекарысқа Түркияда өтетін Халықаралық өнер байқауына қатысу үшін жолдама берілді.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз. Жаңа шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!