+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін құттықтаймыз!
14 Қар, 12:53

2014 жылдың 11-13 қарашасы аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында 7 - 9 сынып оқушылары арасында «Өзін-өзі тану» пәнінен республикалық олимпиада өтті.

Шараның мақсаты – құндылық бағдарларды қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау.

Шығыс Қазақстан облысынан олимпиадаға 7 оқушы қатысты, оның қорытындысы бойынша 5 оқушы жүлдегер атанды.

I дәрежелі  дипломмен Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7-сынып оқушысы Мақбозұлы Қалымжан марапатталды.

II дәрежелі дипломмен марапаттталғандар:

1. Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №34 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Абылқанова Айдана;

2. Облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Шульгина Александра.

III дәрежелі  дипломдармен марапатталғандар:

1. Абай ауданы Ш.Әбенов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Мыңбаева Ұлпан;

2. Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Советханов Нурболат.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға келешекте табыс тілейміз!