Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылар арасында шахматты насихаттау және тарату мақсатында 2014 жылдың 3-11 қарашасы аралығында халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садвакасов кубогына ІХ Республикалық турнир өткізді.
Қазақстанның барлық өңірлерінен Қостанай облысының «Жайлау» шипажайынында123 жас шахматшысы бас қосты. Шығыс Қазақстан облысы командасының құрамында Өскемен қаласы, Аягөз ауданы мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты мен облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің оқушылары болды.
Турнир аясында қатысушыларға концерттер мен қызықты видеофильмдер көрсетіліп, спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Республикалық турнирдің қорытындысы бойынша Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Ахметбек Әли 3 орынды иеленді. Қатысушылар мен жетекшіге сертификаттар табыс етілді.
Барлық команда мүшелерін құттықтаймыз. Табыстар мен жетістіктер тілейміз!