Оқушылардың астрономияға, физика мен ғарышқа деген білімдерін тереңдету мақсатында 2014 жылдың 2-10 қараша күндері Алматы қаласындағы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық және сауықтыру орталығында Республикалық астрономиялық жаттықтыру болып өтті.
Аталған шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен 40 бала бас қосты. Шығыс Қазақстан облысы командасының құрамында:
- дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Данияр Қабдылғазинов;
- дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Диас Жамсап;
- Өскемен қаласындағы №3 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Диана Кеңесбекова;
- Өскемен қаласындағы №42 орта мектептің 8 сынып оқушысы Айғаным Толеуовалар болды.
Астрожаттықтыру аясында астрономиялық бағдарламалар және сайттармен сабақтар жүргізілді, қатысушылар «Haifmann» телескопы арқылы күзгі аспанды, жұлдыздар мен Айды бақылауға мүмкіндік алды, Обсерватория құрылғылырының үлгісімен танысып, астрономия бойынша қызықты видеоматериалдарды тамашалады.
Астрономиялық жаттықтыру қорытындысы бойынша олимпиада өткізіліп, ШҚО қатысушылары физика және астрономиядан тамаша білімдерін көрсетті.