2014 жылдың 31 қазаны мен 4 қарашасы аралығында Мәскеу қаласында өткен Халықаралық Балалар шығармашылық форумы мен әлем халықтарының мәдениеті «ПЛАНЕТА ИСКУССТВ - ЭТНОтайм» фестиваль-байқауына облыстық дарынды балаларға арналған балет мектебінің оқушылары қатысты.
Фестивальдің мақсаты: шығармашылық байланыстарды әртүрлі ел мәдениеті арасында нығайту.
Балет мектебінің оқушылары Александра Ли-зун-сян, Виолета Костенко, Диляра Мухамадиева, Камила Домагова, Яна Решке біздің елімізді халықаралық деңгейде лайықты көрсете алды. Олар «Классикалық хореография» номинациясы бойынша «Махаббат лебі» би қойылымымен Гран-Приді, «Халықтық би» номинациясы бойынша «Дала әні» би қойылымымен І дәрежелі дипломды жеңіп алды.
Жоғары білікті мамандардан құралған әділ қазылар алқасы жас балет бишілерінің орындауларына жоғары баға берді.
Жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық ұжымға шығармашылық табыс тілейміз!