+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
10 Қар, 03:18

2014 жылдың 6-8 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Конкурс Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернатында 1-7 сынып оқушылары арасында өткізілді.

Шараны өткізудің мақсаты – оқушылардың шығармашылық-зияткерлік әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, оқушылардың зияткерлік шығармашылығын мектеп жасынан дамыту, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту.

Оқушылардың ғылыми жобалары 8 секция бойынша өткізілді:

1) математика – информатика;

2) физика – техника;

3) қазақ тіліжәне әдебиеті;

4) орыс тілі және әдебиеті;

5) биология, химия, валеология;

6) география – экология;

7) тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

8) психология – медицина.

Өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларынан, Зырян, Абай, Аягөз, Бородулиха, Бесқарағай, Глубокое, Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Үржар, Ұлан, Жарма аудандары мен дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернаты, дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешенінің, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінен, дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатының, Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің, дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқытудың арнайы орталық-мектеп-кешенінің, дарынды балалар үшін мамандандырылған №34 мектеп-лицейінің, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 205 жас зерттеушілері ұсынды.  

Білікті қазылар алқасының құрамында облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының   ғалымдары болып, оқушылардың жобаларын ғылыми ойлауларына, зерттеу әдістерін қолданудағы нәтижелілігіне, тақырыпты ашу дәрежесіне, материалдарды  көрсету сапасына, команда мүшелерінің үйлесімділігінің деңгейлеріне, шешендік шеберліктеріне, шығармашылық қабілеттеріне байланысты бағалады.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 100 оқушы (91 жоба) жүлдегер болды. I дәрежелі дипломмен – 21, II дәрежелі дипломмен – 32, III дәрежелі дипломмен – 47 оқушы марапатталды. Оларға грамоталар мен сыйға энциклопедиялар берілді. 

Конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары республикалық кезеңге қатысуға жіберіледі.