+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Дарынды оқушылардың – дарынды ұстаздары
21 Қаз, 11:29

2014 жылдың 16-17 қазаны күндері Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының басшылығымен «Алатау» шипажайында (Алматы қ.) республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы болып өтті. Конкурсқа еліміздің 200-ден астам мұғалімдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы командасының намысын өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы өткізген конкурстың облыстық кезеңінің жүлдегерлері – Өскемен және Семей қалаларындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептердің 8 мұғалімі қорғап қайтты.

Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі мұғалімдер марапатталды:

- І дәрежелі диплом - Жаманбалинова Даметкен Мустафовна– Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі (авторлық бағдарламасы – «Английская литература и критическое мышление»)

ІІІ дәрежелі диплом:

-  Светличная Татьяна Сергеевна – Өскемен қаласындағы дарынды балалар үшін мамандандырылған №34 мектеп-лицейдің география пәні мұғалімі (авторлық бағдарламасы – «Казахстан в современном мире»);

-  Мукашева Молдир Бекеновна – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің химия пәні мұғалімі (авторлық бағдарламасы – «Жаратылыстану пәндері мысалында химияның кіріктіру моделі арқылы оқыту»);

-  Елшібаева Лаура Бакытовна– Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (авторлық бағдарламасы – «Фариза Оңғарсынова шығармаларын мектепте оқыту әдістемесі»).

Республикалық конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!