+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облысымыздың үздік психологтары
17 Қаз, 07:04

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 1 қазанында өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы республикалық «Үздік жыл психологы» конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты: облыс психологтарының кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін арттыру, әлеуметтік-шығармашылық ізденіске ынталандыру, білім берудегі тәжірибелік психологияны дамыту.

Облыстық конкурс 3 категория бойынша ұйымдастырылды:

1 категория – 0-3 жыл еңбек өтілі;

2 категория – 3-7 жыл еңбек өтілі;

3 категория –7 жәнеодан көп жыл еңбек өтілі.

Конкурсқа Өскемен, Семей қалаларыныңжәне Бородулиха, Зырян, Жарма, Күршім, Бесқарағай, Үржараудандарының, облыстық дарынды балаларға араналған мектептердің психологтары қатысты.

Конкурсқа қатысушылар психология саласы бойынша өздерінің білімдерімен қоса, психолого-педагогикалық жағдаяттарды шешу қабілеттерін; портфолиоларын және авторлық түзете-дамыту бағдарламаларын ұсынды.

Конкурстың қорытындысы бойынша 5 психолог жүлдегер атанды.

Республикалық «Үздік жыл психологы» конкурсының облыстық кезеңінің  жүлдегер-психологтарының тізімі

Тегі,аты,

әкесінің аты

Қала/аудан

Мектептің атауы

Категория

Еңбек өтілі

Алған орны

 

1

Тандыбаева

Гульмира

Толкуновна

 

Зырянауданы

Зырян қаласының  

№9 орта мектебі

І

2

І

 

2

Парфенова

Ольга Сергеевна

 

Зырянауданы

Зырянқаласының мектеп-лицейі

І

2

ІІ

 

3

Шолохова

Алена

Андреевна

Өскемен қаласы

ДБА «Восток» ҒЗДОАОМК

ІІ

4

ІІ

 

 

4

Кумарханова Балнур Бакытказиевна

 

Бородулиха ауданы

Жезкент қаласының экономикалық мектеп-лицейі

ІІ

3

ІІІ

 

 

5

Леспаева Назымгуль Алихановна

 

Жарма ауданы

Ақтайлақ Би атындағы орта мектеп

ІІ

6

ІІІ

 

 

Облыстық кезеңнің жүлдегерлерінің жұмысы республикалық іріктеу кезеңіне қатысуға жіберілді.