+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Оқушылардың 2010 жылғы экономикадан өткізілген облыстық турнирінің қорытындысы
22 Ақп, 06:16

2010 жылдың 18 ақпанында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Восток» мамандандырылған ғылыми – зерттеу дамыта оқыту орталығының  базасында 10 – 11 сынып оқушыларының арасында экономикадан турнир өткізді.cut

Шараның мақсаты – Оқушыларға арналған экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін экономика негізін ғылым ретінде игеруге қызығушылық білдірген дарынды оқушыларды анықтау, оларды қолдау және дамыту.Турнирге облысымыздың әр түрлі оқу орындарынан 20 оқушы қатысты.

Білікті әділ қазылар алқасының құрамында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, қызметкерлері, ШҚО БАИ жетекші мамандары болды.

Турнирдің қорытындысы бойынша жүлдегерлер:

I орын:

-         Семей қаласының «Экономикалық лицейінің» 11- сынып оқушысы Борзова Юлия;

-         Өскемен қаласының №34 мамандандырылған мектеп лицейінің 10- сынып оқушысы Брим Ольга;

II орын:

-         Өскемен қаласының №34 мамандандырылған мектеп лицейінің 11- сынып оқушысы Бабичева Валентина;

-         Семей қаласының «Экономикалық лицейінің» 10 - сынып оқушысы Сочнев Максим;

III орын:

-         «Предгорное ОМ бала-бақша кешенінің» 11 - сынып оқушысы Гуга Екатерина;

-         Өскемен қаласының «Восток» ҒЗДОО 11 - сынып оқушысы Цупрунов Денис.

-         Өскемен қаласының №34 мамандандырылған мектеп лицейінің 11 - сынып оқушысы Даниярова Камила;

-         Өскемен қаласының №34 мамандандырылған мектеп лицейінің 10- сынып оқушысы Аязбаева Арай;

-         Өскемен қаласының НЗМ 10- сынып оқушысы Ракишева Зарина;

Жарма ауданының Маяковский атындағы ОМ 10- сынып оқушысы Жилкибаева Аяулым;

Турнирдің облыстық кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар, жүлдегерлерге грамоталар және сыйлықтар тарту етілді.

Облыстық турнирдің қорытындысы бойынша, экономикадан республикалық ақтық кезеңіне қатысуға 2011 жылдың 28 наурызында Алматы қаласына құрамында үш адамнан  тұратын ШҚО командасы жіберіледі (Брим О., Борзова Ю., Бабичева).