I. Жалпы ережелер
1.1. Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өтетін дәстүрлі ақындар айтысын Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай ШҚ ӨҒП «Дарын») және Семей қалалық мәдениет Сарайының «Халықтық» ақындар орталығы өткізеді.
1.2. Осы Ережелер жалпы білім беретін мектеп оқушылары арсында өтетін облыстық айтыстың мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
1.3. Айтыстың мақсаттары мен міндеттері:
- жас таланттың бойындағы құдіретті өнердің көзін ашу;
- оқушыларды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу;
- дарынды оқушыларды қолдау, оқушылардың шығармашылығын дамыту;
- поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің ролін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын түсіне білуге үйрету.
II. Айтыстың қатысушылары
2.1. Айтысқа әр ауданнан, қаладан және облыстық мамандандырылған мектептердің 9 - 11 сыныптары арасынан 1 оқушы қатысады.
III. Айтыстың жұмысшы органдары
3.1. Айтыстың басшылық құрамын ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
3.2. Ұйымдастыру комитеті мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
1) айтыстың облыстық кезеңнің өткізілуі туралы ақпаратты аудандық, қалалық білім бөлімдеріне, облыстық мамандандырылған мектептерге жеткізеді;
2) айтыстың өткізілу тәртібін, түрін, орнын және уақытын анықтайды, қатысушылардың тізімін, қазылар алқасының құрамын және оның жұмыс регламентін бекітеді.
IV. Конкурстың өткізілу тәртібі және шарттары
4.1. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өтетін ақындар айтысы 3 кезең бойынша өткізіледі:
1 кезең – мектепішілік - 15 наурыз;
2 кезең - аудандық, қалалық - 01 сәуір;
3 кезең - облыстық - 25 сәуір.
4.2. Облыстық айтысқа қатысатын талапкер айтыс талаптарын жетік меңгерген, өз ойын еркін жеткізетін, өлеңді ұйқастыру, суырып салмалық және тақырыптан ауытқымай айтысу, сахна мәдениетін сақтау қабілеттері бар аудандық, қалалық оқушылар арасында өткен айтыстың жүлдегері болған оқушы болуы керек.
4.3. Айтысқа қатысатын оқушылар тек бір тақырыпты ғана қамтымай, кең көлемде қазіргі өмір жағдайына, тыныс-тіршілікке, жан-жақтағы тақырыпты қамтып, қарсыласының қойған сауалына жауап қайтара отырып, көтерген тақырыптарын аша айтысулары қажет.
4.4. Қатысушы айтысқа өзінің сүйемелдеу аспабымен, ұлттық киіммен шығу керек.
V. Қазылар алқасы
5.1. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы облыстық айтыстың қазылар алқасының құрамы: төрағадан, хатшыдан және 3 -5 алқа мүшелерінен тұрады.
5.2. Қазылар алқасы: айтыскердің өлеңді ұйқастыру қабілетіне, суырып салмалық қасиетіне және тақырыптан ауытқымай айтысуына, сахна мәдениетін сақтауына, киім киісіне ашық түрде талдау жасап, жеңімпаздарды анықтап, жүлделі орындарды бөледі.
5.3. Әр айтысушы жұпқа 15 минут уақыт беріледі. Айтыскерлерді 7-10 ұпайлық жүйемен бағалайды.
5.4. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралуға жатпайды.
VI. Жүлдегерлерді марапаттау
6.1. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы облыстық айтыстың ашылуы және қорытынды жабылуы салтанатты түрде өткізіледі.
6.2. Жүлдегелерге төмендегідей орындар тағайындалады:
Бірінші орын - 1, екінші орын - 2, үшінші орын - 3.
6.3. Облыстық айтыстың жүлдегерлері Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
6.4. Барлық қатысушыларға ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сертификаттары беріледі.
VII. Қаржыландыру
7.1. Айтысқа қатысушы оқушының жатын орыны, жол шығындары және жетекшісінің барлық іссапар шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен өндіріледі.
7.2. Оқушының тамақтануы мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, кеңсе заттарын сатып алу, залды безендіру ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының есебінен қаржыландырылады.