+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының «Компьютерлік физика – 2011» халықаралық олимпиадаға қатысу қорытындысы
08 Ақп, 03:52

 

2011 жылы 29 қантар мен 5 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысы  оқушыларының командасы Мәскеу облысының Протвино Ресей қаласында «Компьютерлік физика  2011» халықаралық олимпиадаға қатысты.cut

Олимпиада информатикаға және негізгі ғылымдарға қызығушылықтары бар ителлектуалды-дарынды балаларды іздеу, іріктеу, қолдау мақсатымен өткізілді. Негізгі міндеттердің  бірі физика, информатика саласында жоғары уәжді балалардың шығармашылық әрекетін белсендірудің неғұрлым оңтайлы құралдары мен формаларын іздеу болып табылады.

Олимпиадаға қатысушылар үшін ғылыми кеңестер беріліп, консультациялар жүргізілді.

Шараның қорытындысы бойынша 1 дәрежелі дипломмен:

1) Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11- сынып оқушысы Күзетаев Айдар,

2) Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 10 - сынып оқушысы Шайдоллаев Асылхан;

3 дәрежелі дипломмен:

1) Өскемен қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11- сынып оқушысы Ақыбаев Қуаныш;

2) Өскемен қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11- сынып оқушысы Бердімұратов  Нұрбол;3) Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11- сынып оқушысы Зинченко Тимур;

4) Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11- сынып оқушысы Байбакиров Олжас;

5) Өскемен қаласының  дарынды балаларға арналған №34  мамандандырылған мектеп-лицейінің 11- сынып оқушысы Шамшиев Ниджат;

6) Өскемен қаласының №24 орта мектебінің 11- сынып оқушысы Шегебаева Айдана марапатталды.

Олимпиадаға қатысушыларға қызықты мәдени танымдық бағдарламалар ұйымдастырылып, оның ішінде Мәскеу қаласының белгілі тарихи орындарына экскурсия ұйымдастырылды.