2011 жылдың 10 қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің арасында А.К.Дюсупова атындағы «Дарынды мұғалім-дарынды оқушы» облыстық конкурсының айналымдарын өткізді.
А.К.Дюсупова атындағы «Дарынды мұғалім-дарынды оқушы» облыстық конкурсының Ережелеріне сәйкес қатысушылар сырттай айналымда келесі материалдарды ұсынды:
1) мұғалімдер оқушылардың дарындылығын айқындау және дамыту бойынша жұмыс жүйелерін;
дарынды оқушылар – портфолио.
2) төмендегі тақырыптар бойынша эссе жазу (таңдауы бойынша):
мұғалімдер үшін – «Қазіргі заман мектебі: дәстүрден инновацияға» (мұғалімнің жеке үлесін көрсету), «Оқыта жүріп үйренеміз» (Сенека); «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» (Абай);
оқушылар үшін – «Ұстаз – тағдырымның бастауы»; «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» (Абай).
Сырттай өткізілген кезеңнің қорытындысы кестеде көрсетілген:
|
№ |
Білім мекемесі
|
Конкурсқа қатысушылардың АЖТ |
Қызметі, сыныбы |
Бағалау (орташа ұпай)
|
Жалпы ұпай
|
|
|
Жұмыс жүйесі/портфолио |
Эссе |
|||||
|
1 |
Өскемен қ. ҚТЛ |
Йылдырай Абдулах |
Математика мұғалімі |
135 |
97 |
440 |
|
Жексембаев Ернар |
10 сынып |
112 |
96 |
|||
|
2 |
Семей қ. Шәкәрім ат. №5 МГ |
Раушан Ахметжанқызы Садыкова |
Ағылшын тілі мұғалімі |
133 |
97 |
434 |
|
Орынтаева Ақбота |
7 сынып |
106 |
98 |
|||
|
3 |
Жамбыл ат. ДБА ОММГИ |
Болат Жанабайұлы Бейсенбинов |
Дене шынықтыру мұғалімі |
135 |
86 |
418 |
|
Сартаев Санжар |
10 сынып |
106 |
91 |
|||
|
4 |
ДБА"Восток" ҒЗДОО |
Гульнар Мухтарқызы Адельбаева |
Математика мұғалімі |
134 |
87 |
416 |
|
Уралбекова Айгерим |
9 сынып |
106 |
89 |
|||
|
5 |
ҚММФИМ |
Евгения Игнатьевна Иванова |
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі |
121 |
95 |
415 |
|
Саблин Николай |
8 сынып |
103 |
96 |
|||
|
6 |
ДБА №34 ОММЛ |
Анна Юрьевна Куликова |
Математика мұғалімі |
130 |
90 |
409,5 |
|
Дубовая Ирина |
8 сынып |
102,5 |
87 |
|||
|
7 |
ДБА ОАМЛИ |
Салтанат Жумашқызы Канапиянова |
Математика мұғалімі |
121 |
90 |
409 |
|
Абайханкызы Айназ |
11 сынып |
107 |
91 |
|||
|
8 |
ДБА "Жас Ұлан" ОММЛИ |
Даметкен Мусаханқызы Сыздыкбаева |
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі |
121 |
87 |
392 |
|
Такиев Иса |
11 сынып |
99 |
85 |
|||
|
9 |
ДБА ОММ |
Қымбат Канапьяқызы Ерғалиева |
Домбыра сыныбының мұғалімі |
107 |
87 |
359 |
|
Бухатов Бекзат |
3 сынып |
84 |
81 |
|||
|
10 |
ДБА ОБМ |
Ольга Николаевна Данилова |
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі |
99 |
91 |
358 |
|
Ахмедиев Жәнібек |
9 сынып |
88 |
80 |
|||
|
11 |
ДБА ОВМ |
Айгүл Ахметқызы Төлежанова |
Қазақ тілі мұғалімі |
98 |
82 |
356 |
|
Гурина Юлия |
4 сынып |
94 |
82 |
|||
2011 жылы 08-15 ақпан аралығында екінші кезеңнің бірінші айналымы өтеді. Онда:
мұғалімдер үшін – сабақ өткізу (жұмыс орындары бойынша);
оқушы үшін – білім мекемесінің өтінімінде көрсетілген пән бойынша олимпиадаға қатысуы.
Конкурсқа қатысушылардың барлығына сәттілік тілейміз!