+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының Қауымдастығын құру туралы
27 Қаң, 04:22

2011 жылы 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорлары Қауымдастығының бірінші отырысы болып өтті. cut

Қауымдастық Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының бастамасымен құрылды.

Қауымдастықты құру облыстың дарынды балаларын анықтап, дамытып, қолдауға жағдай жасау бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру, жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін дарынды балалармен жұмыс бойынша мамандандырылған мектептердің әрекетін біріктіру қажеттілігінен туындады.

Қауымдастық отырысында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорлары Қауымдастығы туралы Ережелер талқыланып, мәтініне енгізілген түзетулерді ескере отырып қабылданды; Қауымдастық жұмысының бағыттары белгіленді, олардың негізгілері:

- Шығыс Қазақстан облысының барлық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қабілеттерін, дарындылығын анықтап, дамытуға жағдай жасау процесінде мамандандырылған мектептердің рөлін арттыру;

- облыстың жалпы білім беретін мектеп оқушыларын облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлердегі интеллектуалдық олимпиадалар мен жарыстарға дайындау бойынша жүйелі, жоспарлы қызметті іске асыру;

- дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының, мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы озық тәжірибесін бағалау, тарату;

- мамандандырылған мектептердің шығармашыл директорларының, мұғалімдерінің тәжірибесі мен мүмкіндігін оқушылардың дарындылығын анықтап, дамытып, қолдауға бағытталған оқу, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін пайдалану;

- мамандандырылған мектеп директорлары мен мұғалімдерінің басқару және әдістемелік шеберліктерін арттыру.

Қауымдастық арқылы Қазақстан Республикасы көлемінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорлары мен мұғалімдері арқылы тығыз ынтымақтастық орнату; халықаралық байланысты орнатып, дамытуға ықпал ету.

Мамандандырылған мектеп директорларының Қауымдастығы Президенті болып бірыңғай дауыспен Өскемен қаласының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директоры, дарынды балалармен жұмыс бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі Ирина Евгеньевна Трунова сайланды.

Мамандандырылған мектеп директорлары Қауымдастығының аясында пән мұғалімдерінің Қауымдастығы жұмысын ұйымдастырып, соның негізінде мамандандырылған мектеп мұғалімдерінің интеллектуалдық олимпиадалар мен жарыстар пәндерінің тізбесіне енетін жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепаралық әдістемелік бірлестігін құру шешілді.  2011 жылдың 01 ақпанына дейін аталған облыстың барлық мамандандырылған мектептері енгізген ұсыныстарды ескере отырып, бірлестіктердің жоспары құрылады.

Қауымдастықтың отырысында қарастырылған мәселелер:

- дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп рейтингін енгізу туралы;

- Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының сайтында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген бірінші Интернет-тестілеу қорытындысы;

- мамандандырылған мектептердің облыстық олимпиадаларды, конкурстарды және басқа білім жобаларын өткізу және ұйымдастыру қажеттілігі туралы.

Қауымдастықтың келесі отырыстарын екі айда 1 рет облыстың түрлі мамандандырылған мектептерінде өткізу шешілді.