+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Оқушылардың ғылыми жарыстарына дайындық жүргізу бойынша ұсыныстар
22 Қыр, 09:23

1999 жылдан бастап  жыл сайын оқушылардың  республикалық ғылыми жарыстары: «Қазақстан – 2030 стратегиясында Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» атты тақырыппен келесі бағыттарда өтеді: cut

1.     Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны:

Секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар.

2.     Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу:

Секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика.

3.     Таза табиғи орта-Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі:

Секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.

4.     Қазақстан тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары:

Секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі.

  Оқушылардың ғылыми қоғамдары дарынды жастардың ғылымға деген қызығушылығын дамытып, ғылыми зерттеулер жүргізу машығын қалыптастырады, ол Қазақстан Республикасының болашақ ғылыми әлеуетінің қалыптасуына үлес қосады. «Дарын» РҒПО-ы «Қазақстан - 2030» стратегиясына сай, республикалық мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша Ғылым Академиясының жұмыс бағытына сәйкес ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын ұсынады. Ғылыми зерттеулердің басым бағыттары сіздерді аға ұрпақ ғалымдардың шұғылданып жүрген ғылыми тақырып таңдауға көмектесіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға себебін тигізеді. 

 

№ р.с

Басым бағыттардың тізбесі

Физика-математика ғылымдары саласында

I

Математика, информатика мен басқарудың теориялық мәселелері

II

Механика мен машинатанудың теориялық мәселелері

III

Космостық денелер физикасы мен олардың жүйесі: өзара әрекеттесуі мен дамуы

IV

Конденсияланған, газтәрізді орта физикасы мен материалтану мәселелері

V

Ядро, элементарлық бөлшектер физикасы. Теориялық физика.

VI

Дистанциялық зондылау мен космостық технологиялар мәселелері

Химия-технология ғылымдары саласында

VII

Табиғи ресурстарды қайта өңдеудің экологиялық таза каталитикалық және электрохимиялық процестерін және жаңа энергия көздерін жасау

VII

Қазақстанның көміртегісутектік және минералды өнімін кешенді қайта өңдеу. Жаңа материалдар мен берілген қасиеті бар заттар. Жаңа химия-аналитикалық жүйелер.

IX

Жаңа мономорлерді, полимерлер мен синтетикалық және табиғи текті жоғары тиімді биологиялық активті заттарды жасау.

X

Электроэнергиясы мен жылуды өндірудің энерготиімділігін көтеру мен экологиялық сипаттамасын жақсартудың ғылыми негіздері. Жану процесі жылу өңдірудің және жаңа материалдар мен заттар алудың негізі.

Биологиялық және медициналық ғылымдар саласында

XI

Топырақ ресурстары  және биологиялық түрлілікті балансты қолдану мен сақтаудың мәселелері.

XII

Организмдерді қолдану және  өнімділігінің, ресзистенттілігінің физиологиялық-генетикалық негіздері. Геном мен тұқым қуалаушы ақпаратты іске асырудың механизмдері. Нуклеинді қышқылдар мен белоктар.

XIII

Адам денсаулығы мәселелері: профилактиканың, диагностиканың және ауыр науқастарды, ядролық зардап шеккендерді емдеудің жаңа әдістері; аурушаң, әлсіз адамдар үшін дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін жасау.

Жер туралы ғылым саласында

XIV

Геологияның, минералды ресурстарды қайта өңдеу мен кешенді игерудің ғылыми мәселелері.

XV

Су ресурстары, гидрогеология мен географияның ғылыми мәселелері.

XVI

Қазақстанның сейсмикалық жағдайы және сейсмқорғанысы.

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында

XVII

XXI ғасырдың гуманистік құндылықтарының жаңа парадигмасында ұлттық мәдениет пен ізгіліктің қайта өрлеуі. Білімді реформалаудың социологиясы мен әдістемесі, теориясы. Шығармашыл тұлғаның қалыптасуы.

XVII

   I

Өркениетті процесс пен қазіргі кезең контексінде Қазақстанның мемлекеттік құрылуы: теориялық, ғылыми-әдістемелік және қолданбалы аспектілері.

XIX

Суверенді Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы мен құқықтық мемлекеттің құрылуы: теориялық, ғылыми-әдістемелік және қолданбалы аспектілері.

XX

Нарықтық қатынастардың қалыптасу тәжірибесі мен теориясы және экономикалық, ғылыми-технологиялық дамудың қазақстандық моделі: экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және экологиялық мәселелер.

XXI

Ашық жүйелердің эволюциясы (тәртіпаралық)

  

ЕРЕЖЕСІ

1.  Жалпы ережелер

1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жарыстар (бұдан әрі – Жарыстар) ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстар (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі – Іntel ISEF)) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткiзедi.

2. Жарыстардың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:

1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

2) ой еңбегiнiң беделiн арттыру;

3) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;

4) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

3. Республикалық жарыстар төрт кезеңде өтедi:

1) бiрiншi кезең – мектептiк, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі;

2) екiншi кезең – облыстық (Алматы және Астана қалаларының мектептерi мен республикалық мектептері жарыстары мәртебесi жағынан облыстық жарыстармен теңестiрiледi);

3) үшiншi кезең  – iрiктеу кезеңi екі турда өтедi;

бірінші тур – бейiндiк  пән бойынша тестiлеу;

екінші тур – жобаны алдын ала сараптау;

4) төртiншi (қорытынды) кезең – республикалық.

4. Жарыстардың бірінші кезеңiн өткiзу мерзiмi облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм департаменттерiнiң бұйрықтарымен белгiленедi. Жарыстардың екінші-төртінші кезеңдерi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінiң (бұдан әрі –Министр) бұйрығымен белгiленген мерзімде өткізіледі.

 

2. Ғылыми жарыстарға  қатысушылар

5. Ғылыми жарыстардың бірінші кезеңіне оқушылардың ғылыми қоғамдарының немесе ғылыми жетекшiлерінiң ұсынуымен 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Зерттеу жұмысын екi оқушыдан артық орындауға болмайды.

6. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшiнiң пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (өтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу журналы) ұсынады.

Зерттеу жұмыстарының тақырыптары тиісті жылдағы 20 қыркүйектен кешiкпей тiркелуi керек.

7. Жарыстардың үшінші кезеңiне қатысуға үміткерлер - облыстық, Астана, Алматы қалалары және республикалық мектептері жарыстарының жүлдегерлері, сондай-ақ Кiшi Ғылым Академиясының, ”Жас ғалым” республикалық мектебiнiң ғылыми-практикалық конференцияларының жеңiмпаздары болады және әр секция бойынша бiр зерттеу жұмысынан ғана  қатыса алады.

8. Сараптамалық комиссия осы Ережеде мазмұндалған талаптарға сәйкес iрiктеу кезеңiнде ұсынылған зерттеу жұмыстарын сараптамадан өткiзгеннен кейiн әр секция бойынша ғылыми жарыстың төртінші кезеңiнiң қатысушыларын анықтайды.

 

3. Жарыстардың сараптау комиссиясы

9. Әр секцияның сараптау комиссиясының құрамына ғылымның осы бағыты бойынша кемінде бес ғалым (маман) кiредi. Сараптау комиссияның құрамы ғылыми жарыстардың тиiстi кезеңiн ұйымдастыратын ұйымның бұйрығымен бекiтiледi.

10. Iрiктеу кезеңiнiң комиссиясы осы ереженің 2-қосымшасында көрсетілген бағалау өлшемдерi бойынша зерттеу жұмыстарын қарап, әрбiр жобаны рецензиялайды және республикалық кезеңге қатысушыларды анықтайды.

 

4. Ғылыми жарыстардың үшінші, төртінші кезеңдерiн өткiзу

11. Үшінші кезең екi турда өткiзiледi:

бірінші тур - бейiндiк пәндер бойынша тестiлеу. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жарыстарының жүлдегерлері үшiн, екінші кезеңнiң қорытындылары хабарланғаннан соң сынып пен тиісті секцияға сәйкес осы пәнді тереңдетiп оқыту бағдарламасы бойынша бейiндiк пәннен тестiлеуден өткізіледi.

Әдiстемелiк кеңес дайындаған тестер орындауға 2 астрономиялық сағат берiлетiн 60 сұрақты (120 балл) қамтиды.

Алдын ала сараптауға авторлары тестiлеудiң жалпы ұпай санынан       50%-дан төмен емес ұпай жинаған жұмыстар ғана жiберiледi. Iрiктеу кезеңiнің қорытындыларын өткізуде тестiлеуде алған ұпайлар қосылмайды.

Командалық жұмыстары үшiн өту ұпай саны жұмыс авторлары жинаған балдардың орташа арифметикалық саны болып табылады.

Екінші тур – iрiктеу кезеңiнiң сараптама комиссиясы жүргiзетiн жұмыстардың алдын ала сараптамасы.

12. Төртінші кезеңге қатысушылардың тiзiмiн Министрлiк бекiтедi және бекiтiлгеннен кейін үш күн ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм департаменттерiнiң назарына жеткiзіледi.

Iрiктеу кезеңiнiң қорытындылары бойынша апелляция өткiзiлмейдi.

13. Төртінші кезең – зерттеу жұмысын қорғау және осы Ереженің              6-тарауының талаптарына сәйкес ресімделген стенд материалын ұсыну. Жұмысты  қорғау кезiнде авторға (бiрiккен авторларға) баяндама үшiн                  10-15 минут берiледi.

Жарыстардың қорытындылары жұмыстардың алдын ала сараптауда алынған балдарын есепке ала отырып шығарылады.

Республикалық кезеңнен кейiн апелляция жүргiзiлмейдi.

 

 5.  Жарыстарға ұсынылатын зерттеу жұмыстарын ресімдеуге қойылатын талаптар

14. Ғылыми жарыстарға:

1) ғылымның осы саласындағы фактiлерді, оқиғаларды, құбылыстары жария ететін және бұрын танылмаған жекелеген қырларын;

2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, өндiрiстiк үрдістердi тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетiн аппараттардың, модельдердің құралдардың конструкцияларын;

3) әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған экономикалық-заңды негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар ұсынылуы мүмкін; 

4) кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптар пайдаланған жағдайда, жануарларға қатігездік көрсетiлетiн, адам денсаулығы және жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттарды (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар микроағзалар, вирустар, iшiмдiк, никотин) пайдалануға байланысты тәжірибелері бар жұмыстар жiберiлмейдi

5) Жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар жарыстарға қатысуға жіберілмейді.

15. Зерттеу жұмыстарын ресiмдеуге қойылатын талаптар:

1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылуы керек және  мынадай құрылымнан тұрады:

титул парағы;

мазмұны;

абстракты (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тiлiнде жазылады;

кiрiспе;

зерттеу бөлiмi;

қорытынды;

пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;

2) титул парағында мыналар көрсетiледi:

жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;

автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;

жұмыстың атауы;

жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;

жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;

қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;

3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес):

зерттеудің мақсатын ;

гипотезасын;

кезеңдерiн, зерттеудiң рәсімін;

тәжірибенің әдiстемесiн;

зерттеудiң жаңалығын және дербестiк дәрежесiн;

жұмыстың нәтижесiн және қорытындысын;

нәтижелерді практикалық  қолдану салаларын қамтитын зерттеу жұмысының қысқаша мазмұнын білдіруі керек;

4) кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар келтiрiледi: зерттеулердің таңдалған тақырыптарының өзектілігін, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi), алға қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;

5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы мүмкiн және мына мазмұнда:

осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзу және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;

алға қойылған мiндеттердi шешудiң әдiстерiн сипаттау;

жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;

безендiрiлген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер т.б.);

6) пайдаланылған әдебиетке сiлтеменi төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелерде нөмiрлеу жүйесі болуы керек;

7) қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;

8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:

автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;

мақаланың және журналдың аты (журналдық  мақалалар үшiн);

журналдың, кiтаптың аты;

басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);

басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;

9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн  әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары айтылатын жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;

10) Жарыстардың төртiншi кезеңiне (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлемдегi стендке орналастыру үшін демонстрациялық  материалдарды жасау ұсынылады.  

16. Стендтi ресiмдеуге қойылатын талаптар:

стендтiң жоғарғы жағына көлденеңiнен абстракты, қатысушының тегiн, жасын, мектебiнiң, қаласының, облысының атын орналастыру қажет;

стендтегi материалдар жұмыстың мазмұны айқындалған, кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар, қорытындыларды қоса алғанда талғаммен ресiмделген болуы керек;

мазмұнды дайындау кезiнде негiзiнен назарды жоба авторының алған нәтижелерiн көрсетуге аудару қажет.

17. Ғылыми жетекшi алынған нәтижелердің нақтылығы мен мүлтiксiздiгiне, жұмыстың диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерiнен көшiрiлген нәтижелерден тұрмайтындығына жауапкершiлiк алады. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларын ала отырып өз қолынан келетін жұмысты орындау керек.

 

6.  Жеңiмпаздарды  марапаттау

18. Облыстық, Астана және Алматы  қалалары жарыстарының  жеңiмпаздары, облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм департаменттерiнiң бұйрығы негiзiнде бірінші дәрежелі, екінші және үшінші дәрежелi дипломдармен марапатталады.

19. Ғылыми жарыстардың төртінші кезеңiнде әр секциядан алтыдан артық емес үздiк зерттеу жобалары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығы негiзiнде бірінші, екінші және үшінші дәрежелi дипломдармен марапатталады.

 

Тестiлеудi өткiзу  үшiн бейiндiк пәндердiң  тiзiмi

 

Секциялар

Бейiндiк пәндер бойынша тестiлеу

Физика

физика

Техника

физика

Жер және космос туралы ғылымдар

физика

Математика

математика

Қолданбалы математика

математика

Информатика

информатика,  математика

Экономика

география, математика

Биология

биология

Химия

химия

Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы

биология

Тарих

тарих

Құқық негізі

тарих, құқық негізі

Өлкетану

география және  тарих

Әдебиет

әдебиет

Этномәдениеттану

тарих және әдебиет

Тiл бiлiмi

қазақ, орыс тілі

  

 

Республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезенінің іріктеу айналымына өткізетін құжаттар:

  1. 1.     Оқушылардың Республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінің іріктеу айналымына қатысу туралы өтінім (түпнұсқасы).
  2. 2.     Ғылыми жобалардың аудандық (қалалық) айналымның секциялар бойынша хаттамасы (түпнұсқасы).
  3. 3.     Жоғарыда көрсетілген міндеттерге сәйкес оқушылардың ғылыми жобаларын дайындау.