2011 жылы 10 - 22 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының сайтында (http//www. shygysdaryny.kz) облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін математика, физика, биология пәндерінен үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бірінші Интернет-тестілеу өткізілді.
Шараның мақсаты – облыс оқушыларына өз қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру; оқушылар дарындылығын анықтап, қолдап, дамыту бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
1) математика, физика, биология пәндерінен оқушылардың білім деңгейін анықтау;
2) оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыру;
3) табысқа жетуге уәждерін қалыптастыру;
4) педагогтарға дарынды балалармен жұмыста әдістемелік көмек көрсету.
Интернет-тестілеуге облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 516 оқушы қатысты, оның ішінде математикадан – 191, биологиядан – 210, физикадан – 115 оқушы болды.
Тестілеу шарттары бойынша балалар берілген есептерді мұғалімдерімен бірге, неғұрлым күрделі есептерді бірге талдай отыра шеше алды. Тестілеуді қайталап өту мүмкіндігі берілді.
Тестілеу нәтижесі 1, 2 кестелерде көрсетілген.
1 кесте – Оқушылардың пәндер бойынша орташа ұпайлары (тестілеуге қатысқан барлық оқушылар аралығында)
|
Пән |
Пән бойынша ең жоғары ұпайға байланысты (сыныптар, тестілеу тілі бойынша) облыс бойынша орташа ұпай |
||||||||
|
9 сынып |
10 сынып |
11 сынып |
|||||||
|
қазақша. |
орысша |
ағыл шынша |
қазақша. |
орысша |
ағыл шынша |
қазақша. |
орысша |
ағыл шынша |
|
|
Биология |
400-ден 115 |
400-ден 140 |
таңдаған жоқ |
361-ден 152 |
361-ден 102,8 |
361-ден 0 |
196-дан 60 |
196-дан 57,6 |
- |
|
Математика |
400-ден 74,5 |
324-тен 106,2 |
таңдаған жоқ |
324-тен 124 |
144-тен 35,6 |
400-ден 0 |
400-ден 57,7
|
400-ден 61,3 |
400-ден 52
|
|
Физика |
100-ден 31,4 |
100-ден 28,7 |
100-ден 0 |
100-ден 37,2 |
100-ден 28,6 |
100-ден 0 |
- |
- |
- |
2 кесте – Тестілеу қорытындысы бойынша неғұрлым жоғары ұпай жинаған оқушылар тізімі
|
Оқушының аты-жөні |
Қала/ аудан |
Мектеп, сынып |
Пән, тестілеу тілі |
Ұпай |
|
|
пән бойынша ең жоғары |
оқушы жинаған |
||||
|
Калаба Павло |
Өскемен қаласы
|
ҚТЛ, 11 сынып |
Физика (10 сынып, орысша) |
10 |
10 |
|
Биология (10 сынып, орысша) |
19 |
18 |
|||
|
Математика (10 сынып, орысша) |
12 |
11 |
|||
|
Рыспаев Әділ |
Өскемен қаласы |
№26 ОМ, 10 сынып |
Биология (9 сынып, орысша) |
20 |
20 |
|
Математика (9 сынып, орысша) |
18 |
17 |
|||
|
Ермекұлы Айтен |
Өскемен қаласы |
ҚТЛ, 10 класс |
Биология (10 сынып, орысша) |
19 |
18 |
|
Математика (10 сынып, орысша) |
12 |
11 |
|||
|
Нұрахмет Дәулет |
Өскемен қаласы |
Назарбаев Зияткерлік Мектебі, 10 сынып |
Математика (9 сынып, орысша) |
18 |
17 |
|
Құмарбеков Данияр |
Зырян ауданы |
МЛ, 10 сынып |
Биология (9 сынып, орысша) |
20 |
20 |
|
Мамбетниязов Кутлымурат |
Жарма ауданы |
Георгиевка ОМ, 10 сынып |
Математика (9 сынып, орысша) |
18 |
17 |
|
Жандарбекова Сая |
Өскемен қаласы |
№20 ОМ, 11 сынып |
Физика (10 сынып, қазақша) |
10 |
9 |
|
Лошкарева Юлия |
Семей |
№35 ОМ, 10 сынып |
Физика (10 сынып, орысша) |
10 |
8 |
Оқу жылының соңында тестілеудің бірнеше айналымының қорытындысы бойынша неғұрлым жоғары ұпай жинаған оқушылар грамоталармен марапатталады. Оқушының оқитын сыныбы мен таңдаған сыныбы сәйкес келген жағдайда ғана тестілеу қорытындысы есептелетініне назарларыңызды аударамыз.
Тестілеудің алдағы айналымдарына балалар белсене қатысады деп үміттенеміз.