«Сәби» қайрымдылық қоры біздің еліміздің қыздарын, ұлдарын, жас жеткіншектерді дарынды балаларды қолдау бойынша «Әлем» авторлық бағдарламасын ұсынғандарын сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Барлық балалар, жастар өздерінің жақсы жақтарын, қасиеттерін және ерекше табиғи қабілеттерін айқын көрсете алмайтындығы бәрімізге белгілі, сондықтан да таланттарын бағалай білетін және айта алатын, онымен не істеу керек екендігін білетін, оны қалай дамыту керек екендігін, қайда қолдану керек екендігін білетіндерге көмек көрсету керек. Қор осыны біліп, кімге нақты түрде көмек керек, кім қажет етеді, соларды қолдауға өзіне жауапты тамсырманы алды.
Арнайы дайындалған «Сәби» қоры » alemsaby.kz веб-ресурсы, бірегей қасиеті бар біздің еліміздің әрбір жас азаматына қол ұшын береді. Қызығушылықтар осымен шектелмейді, кез келген жетістіктерге олар қолдау көрсетеді! Қор төмендегілерді ұсынады:
- көрмелерге, конкурстарға, олимпиадаларға, жарыстарға, соның ішінде халықаралыққа қатысуды қаржыландырады;
- бейінді оқу мекемелерінде, жоғары оқу орындарында, магистратурада, оның ішінде шетелде оқыса оқу ақысын;
- тиісті номинациялар бойынша білікті және танымал кәсіпқойлармен тыңдауларды, байқауларды, әңгімелесулерді ұйымдастырса;
- жетекші өндірістерде, компанияларда, мекемелерде, музыкалық ұжымдарда және қоғамда сынақ мерзімін өтеуші мүмкіндігін ұсынса;
«Әлем» бағдарламасына қатысу үшін 7 жастан 24 жасқа дейінгі таланттары немесе табиғи қабілеттері бар жастар, жас жеткіншектер, балалар шақырылады, сондықтанда кандидаттардың ішінде әлеуметтік жәбірленген категорияға жататындары есептелінеді (жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы немесе тұрмысы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалар).
alemsaby.kz порталына жіберілген балалардың резюмелерін өз облыстарыңыздағы – мәдени, ғылым, спорт, сандық технологиялардағы және тағы басқа саладағы жақсы, шебер мамандар іріктеу комиссиясында қарайды. Олардың біріктірілген пікірлері нақты талантты адамды табуға мүмкіндік береді.
«Сәби» қайрымдылық қорының «Әлем» бағдарламасы туралы alemsaby.kz. сайтынан толық мәлімет алуға болады.