I. «Сөз шеберлері» конкурсы
- Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілеттерін көрсететін жарысы.
cut - Мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру.
- Шарттары:
- Қатысушы 1 прозалық және 1 поэзиялық шығарманы (немесе үзінді) жатқа оқиды.
- Шығарманың тақырыбы ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттау керек;
- Сөз шеберлері» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:
|
Шығарманың сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу |
Ұлттық құндылықтарды насихаттау |
1) Дауысы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі |
1) киімі 3) әуені (фон) |
|
5 ұпай |
5 ұпай |
5 ұпай |
5 ұпай |
II. «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы
- Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін бағалау жарысы.
- Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру.
- Шарты: қатысушылар 2 бөлімнен тұратын жазбаша сынақ тапсырады: 1-бөлімнің тапсырмалары 5–9-сыныптың қазақ тілі пәнінен (қазақ және орыс тобы) құрастырылады. Тапсырма түрлері: дұрыс-бұрыс, жұптастыру, бос орынды толтыру, тірек сөздер негізінде орындалатын тапсырмалар, тест сұрақтары т.б. 2-бөлімнің тест сұрақтары 7–9-сыныптардың қазақ әдебиеті пәнінен (қазақ және орыс тобы) құрастырылады.
- Сынаққа қатысты қосымша түсініктемелер сынақ алдында айтылады.
III. «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы
- Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілеттерін көрсететін жарысы.
- Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және талантты жастарды анықтау, оларды көпшілікке таныту.
- Шарттары:
- Қатысушылар қазақ халық әндерін және қазақ сазгерлерінің шығармаларын орындайды.
- Ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттайтын әндер болу керек;
- Әнді орындаушының вокалдық қабілеті бағаланады және әуен (минусовка) сапалы болу керек.
- Ән жанды дауыспен орындалу керек және орындаушы әннің сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізе білу керек.
- Ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе білуіне және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударылады.
- Әнді орындаушы қазақ ұлттық киімімен шығу керек.
- «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:
|
Әннің сөзін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу |
Ұлттық құндылықтарды насихаттау |
1) Ән мен саздың және қимылдың үйлесімділігі |
1) вокалы 3) киімі |
|
5 ұпай |
5 ұпай |
5 ұпай |
5 ұпай |
IV. «Сахна саңлақтары» конкурсы
- Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде сахналандыру қабілетін бағалау жарысы.
- Мақсаты – қазақ ақын-жазушыларының, драматургтерінің шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық шеберліктерін шыңдау.
- Шарттары:
- сапалы туындылар арқылы жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп, олардың туған Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру;
- дарынды оқушылардың танылуына мүмкіндік жасап, олардың өнерін насихаттау;
- Шығармаларда Отан, ел, жер, ұлттық рухани құндылықтар, елдік пен ерліктің шежірелі беттері, тәуелсіз Қазақстан халқының рухани келбеті туралы идеялар көрініс табуы керек;
- Оқушылардың ішкі сезімін жеткізе білу шеберлігі, өзі таңдаған бейнені аша білуі, сахна мәдениетін меңгеруі, ойнаған роліне қарай киім кию үлгісі, сахнадағы жүріс-тұрысы, қазақша сөйлеу шеберлігі, сахналық қойылымның безендірілуі (музыкалық өңделуі, декорация т.б.) бағаланады.
- Бір қойылымға кететін уақыт мөлшері 15 минуттан аспау керек. Егер белгіленген уақыттан асып кеткен жағдайда ұпай саны төмендетіледі.
- «Сахна саңлақтары» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:
|
Қойылымның сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізе білу |
Ұлттық құндылықтарды насихаттау |
Өзі таңдаған бейнені аша білуі, сахнада өзін-өзі ұстау мәнері |
1) киім кию үлгісі, қойылымның безендірілуі |
|
5 ұпай |
5 ұпай |
5 ұпай |
5 ұпай |
V. «Жас ғалымдар» конкурсы
- Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми жақтан түсіндіру қабілетін бағалау жарысы.
- Мақсаты – оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау.
- Шарттары:
- Ғылыми жоба тақырыбы қазақ тілі мен әдебиетіне (тарихы, теориясы, өзекті мәселелері т.б.) қатысты болу керек.
- Қорғаушының ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізуі, тың тақырыпты таңдауы, жаңалығы бағаланады.
- Ғылыми жұмыс стандарттағы ғылыми жобаның жазылу шарттарына сәйкес дайындалуы керек (ғылыми жетекші мен сарапшының пікірі болуы керек).
- Қорғаушы өз жұмысын қорғағанда, компьютер, проектр, плакат секілді құралдарды қолдана алады.
- Қазақ ұлттық киімімен шығу керек.
- Қорғаушыға берілетін уақыт мөлшері 10 минуттан аспау керек.
- «Жас ғалымдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:
|
Ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізу, тақырыбын аша білуі |
Тың тақырып, жаңалығы |
1) ғылыми жоба талап-тарына сай орындалуы |
1) Киім 2) Уақыт |
Жұмысқа қатысты қосымша сұраққа жауабы |
|
5 ұпай |
5 ұпай |
5 ұпай |
5 ұпай |
5 ұпай |
VI. «Жазушылар» конкурсы
- Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.
- Эссе тақырыбы – қазақ тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолы, жетістіктері, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық келісімнің маңыздылығы, бірлік пен татулық, ерлік пен батырлық, руханият, әдептілік қағидалары, зиынды әдеттер т.б.
- Шарттары:
- Оқушы өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жаза алады. Туындылардың әдеби-көркемдік жағы, тәрбиелік-танымдық мазмұны бағаланады;
- Эссе көлемі 2 беттен кем болмау керек;
- Жазбаша жұмысқа берілетін уақыт – 120 минут.