+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Қытай тілінен облыстық олимпиаданың қорытындысы туралы
21 Қаң, 06:36

2011 жылы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы қытай тілінен облыстық олимпиада өткізді.cut

Шараның мақсаты – көп тіл білетін тұлға тәрбиелеу, түрлі тілдерге қызығушылықтарын дамыту, тіл білімі саласында дарынды оқушыларды айқындау.

Олимпиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығының аясында өткізілді. Оған Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары (Қытай Халық Республикасынан көшіп келген оқушылардан басқа) қатысты. Оқушылардың жауаптарын құрамында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары бар білікті қазылар алқасы бағалады.

Олимпиада қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлделі орындарды иеленді:

1-орын - Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Базылбек Нардана;

2-орын – ДБА Жамбыл атындағы ОММГИ 10-сынып оқушысы Серік Ақжол;

2-орын – ДБА Жамбыл атындағы ОММГИ 10-сынып оқушысы Арғынбек Есімбек;

3-орын - Өскемен қаласының  О.Бөкей атындағы №44 МЛ 9-сынып оқушысы Ниязбекова Айдана;

3-орын - Өскемен қаласының  №3 МГ 9-сынып оқушысы Әлібекова Раушан.

Барлық қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар берілді.