+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Мәтін және сөз» атты оқушылардың ғылыми зерттеу жоба фестивальінің ЕРЕЖЕСІ
19 Қаң, 10:14

Фестивальді ұйымдастырушылар:

Шығыс Қазақстан Өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы және «Дарынды балалар үшін мамандандырылған № 34 мектеп – лицейі». Мемлекеттік мекемесі cut

Өткізу тілі: Орыс, қазақ тілінде

Қатысу шарттары: Фестивалға алдын ала тапсырыс бойынша қатысу тегін.

1. Фестивальдің мақсаттары және міндеттері

Осы ереже (бұдан әрі) «Мәтін және сөз» атты оқушылардың ғылыми зерттеу жоба фестивальінің  өткізу ретін, мақсаттарын, міндеттерін анықтайды.

Фестивальдің мақсаты: Қазіргі Қазақстандағы полилингвалды кеңістікте коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың  интеллектуалдық деңгейлерін жоғарылату, дарынды балалардың дамуына қажетті шарттарды жасау, жетістіктерге жету үшін уәждерін қалыптастыру.

Фестивальдің міндеттері:

1. Оқушылардың зерттеу белсенділіктерін дамыту;

2. Оқушылардың филологиялық сауаттылық деңгейлерін айқындау;

3. Оқушылардың және мұғалімдердің шығармашылық қарым-қатынастарын алмастыру үшін жағдайлар  жасау.

Оқушылардың зерттеу жобаларының баға критерийлерін анықтау үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» қызметкерлерінен, қазақ және орыс тіліндегі жалпы білім беретін облыстық мектептердің шығармашылық жұмыспен айналысатын мұғалімдерінен құрылған ғылыми-әдістемелік кеңес құрылады.

Қазылар алқасының құрамына ШҚМУ, ШҚМТУ оқытушылары және ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының қызметкерлері кіреді.

2. Фестивальдің өткізілу мерзімдері және орны

Өткізу мерзімі: 18 ақпан 2011 жыл

Фестиваль мына мекен жай бойынша өткізіледі:

«Дарынды балалар үшін мамандандырылған № 34 мектеп – лицейі» Мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 30/1

Байланыс телефоны: 8/7232/757719, 766073

3. Фестивалға қатысушылар

Фестивалға жалпы білім беретін орыс, қазақ мектептерінің 8-11 сынып оқушылары, гуманитарлық пәндер бойынша жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатыса алады.

Қатысушылар саны шектеусіз.

Қатысушылар тіркелу үшін 2011 жылдың 8 ақпанына дейін төмендегідей түрде өтінім жіберу керек:

Оқушының аты-жөні

Қала (аудан), мектептің атауы

Сынып

Жобаның тақырыбы

Жетекшінің аты-жөні, тегі

 

 

 

 

 

 

Фестивалға қатысу үшін өтімдерді берілген үлгіде, көрсетілген мерзімге дейін ұйымдастыру комитетіне (Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 4, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы, тел.-факс 8/7232/758459) жіберулеріңіз қажет.

4. Фестивальді өткізу тәртібі

Жобаны зерттеуші автор талдау үшін көркем шығарманы өзі таңдап алады.

Ұсынылатын жұмыстың көлемі 25 беттен көп болмау керек (Times New Roman шрифті, 14).

Жұмыста мыналар зерттеледі :

1)     Авторлық көзқарасты білдіру  құралдары ;

2)     Талданатын шығармалардың  ерекшеліктері;

3)     Тілдің бейнелеу-айқын құралдары.

Жобаны қорғау стендтік қорғау формасында немесе электронды презентация түрінде өткізіледі.

Стендтік баяндамаларға қойылатын талаптар

1. Авторы, тақырыбы көрсетіледі.

2. Мазмұны 3 бөлікке бөлінеді : әдістемелік, теориялық, тәжірибелік.

3. Схемалар, суреттер, кестелер, құрылымды материалдар міндетті түрде болу керек.

4. Қорытынды.

Баяндамашыға сөз сөйлеуге 8-10 минут беріледі.

Жобаны бағалау критерилері

  1. Мәтінді таңдау, мақсатын анықтау  және зерттеу міндеттерін көрсетулері.
  2. Ғылыми терминологияларды игерулері, дәйектеме келтірулерінің нақтылығы және қажеттілігі.
  3. Ішкі логика, дәлелдемелері.
  4. Көрнекілік және  демонстрациялық материалдарының сапасы.
  5. Қорғау кезіндегі процедуралар тәртібі: қойылған сұрақтарға жауап беру қабілеттері.

5.Қатысушыларды марапаттау

Фестивальдің барлық қатысушыларына қатысушының сертификаты беріледі, жақсы жобалардың авторларлары ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының грамоталарымен марапатталады немесе жобаларын жоғарғы оқу орындарының ғылыми жинақтарына жариялау үшін ұсыныс алады.

6.Фестивальді қаржыландыру

Фестивальді ұйымдастыру және өткізу ұйымдастырушылардың есебінен өткізіледі.